Материалдар / Тәуелсіздік-басқа қонған бақ!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздік-басқа қонған бақ!

Материал туралы қысқаша түсінік
Санат көтеруге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2019
595
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Тәуелсіздік – басқа қонған бақ!» «Қыз – жігіт айтысы»

Мақсаты: Колледжіміздің студенттерін яғни қыз -жігіттерімізді шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу. Ұлт болашағы жастарды рухани жаңғырту.

Көрнекілігі: Қазақы нақыштағы ұлттық киімдер, киіз, бау-басқұр, түлкі терісі, зерен, домбыра, ұлттық тағамдар (бауырсақ, құрт, шұбат т.б)

Сахна әдемі безендіріледі, Адай күйі ойнап тұрады. Күй әуені бәсеңдеген кезде

Төрт бұрыштан төрт студент шығады:

(Қабыл)

Армысың алқалаған қалың елім,

Бүгінің болашағың жарқын сенің.

Құтты болсын бүгінгі той

Сыпырғын аз-кем сәтке аттың терін.

(Жанболат)

Таласа тұрып бүгін сәріменен,

Киінген қыз –келіншек сәніменен

Таңертең ауылымыздың жастары,

Көріскен Маңғыстаудың дәбіменен.

(Қанат)

Жақсы дәстүр жалғасын тауып жатыр,

АТК дай білімнің ордасында.

Студенттер ойын-сауық құрып жатыр.

Көрсетіп қазағымның кереметін.

(Қосай)

Қабыл етің өнерді тарту еттік,

Әзіл айтып, ән қалқып, жырдан шашып.

Жастары колледжіміздің сырласады,

Махаббатың сазымен шалқып тасып..

Күй әуені күшейтіледі: Гәккулетіп ән салған қыздар тобы шығады.

Осы сәтте жігіттер: Мына жақтан қыздардың сыңғырлаған үні естіледі, думандатып, әлденені тойлап жатқан секілді.

Жеңгесі: - «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» дегендей, қыз жүрегін баурап алар өнерің болса, осы кеште аянып қалма, сері жігіт, -дейді.

Жігіт:

Көмейім бүлкілдейді жыр дегенде,

Қысқа жіп келмейді екен күрмегенге.

Жастықтың мағынасы болмас деймін,

Құрбыңмен ойнап бірге күлмегенде.

Алтын асықтай болған ақ жеңеше, көңілің нені қалайды? Ән бе әлде күй ме?

Жеңгесі: - «Той дегенде қу бастың домалайтыны» тойбастарға құштарлықтан болар. Шамаң келсе «Тойбастарды» шарықтат қайным! «Оралыңның барында ойна да күл» демейтін бе еді. Бүгін бір арқаны кеңге салып құмардан шығыңдар.

Жігіт:

Уа, жеңеше әрине, бүгінгі тойды думандатып, қыздырамыз! Біз секілді сері жігіттерге бұл не тәйірі..?

Жігіттер: (Мұрат)

Айтысқалы өздеріңмен келіп тұрмыз,

Қане, қыздар өздеріңе сәлем беріп түрмыз.

Айтысатын араңызда сұлу барма,

Біз дайын, жеңуге уәде беріп түрмыз.

Қыздар: (Шахноза)

Қош келдіңдер орын ал ортамыздан,

Ортақ болғын дәм татып сорпамыздан.

Көрмегелі көп айдың жүзі болдау,

Көрген – білген айта бер олжаңыздан!

Қыздар: (Еркемай)

Серілердің жолы бүгін болған екен,

Ауылдағы жиынға қонақ екен.

Аягулдің ата-анасы ауылда жоқ,

Бастаңғыға дәл келіп қалған екен.

Жігіттер: (Тимур)

Олай болса жолымыз болған екен,

Өздеріңдей сұлулар қонақ еткен.

Ауылға крер тұста жеңгейді көріп,

Жол боларын ырымдап, сезгем екен.

Қыз: (Еркемай)

Жігіттер айтыспаққа біздер әзір,

Кетпейді көкейімнен жақсы мәзір.

Өнеріміз болмаса неге келдік,

Ондай жанда ешқашан болмас қадір.

Жігіт: (Мұрат)

Мейлі ғой ақынды біз жақтырармыз,

Сұлумен қатар қойып шаптырармыз.

Данияржан жеңіп шықсаң сен егерде,

Арқаңа жібек шапан жаптырармыз.

Қыз: (Еркемай)

«Бәйге дегеніңіз ат шығар, ат астымызда, палуан дегеніңіз сөз шығар, сөз аузымызда»,-демеп пе еді Мәтжан би, ендеше кәне, айтыссақ айтысалық. Қане ақын жігіт қайда, ортаға кел, көрсет өнеріңді, тосылып қалма. Біздің ақын аруымыз дайын.

Қыз: ( Зарина)

Сопиып түра бермей енді шетте

Домбыраңды ал, айтысайық кел ізетпен.

Айдынында әсем жырдың жүздірейін,

Өзің де түсінерсің сөз мерейін!

Жігіт: (Данияр)

Жүрсіңбе аман-есен қиғаш қастар,

Қара көз алма мойын сүбіл шаштар.

Шығыпсыз жақсы күнді құрмет қылып,

Әр түрлі ойда жүрген айтылар сөз.


Сопиып тұрар шетте мен емеспін,

Топ жарып сөз-сөйлейтін шешен едім.

Айтыссақ айтысамын шаршы топта,

Топ жару әуелденде тегімде бар.

Қыз: ( Зарина)

Кез қылып ұлы күнді құдайымыз,

Сіздерге нәсіп болды шырайымыз.

Қадірлеп құрметтейміз тауып айтар.

Жігітті сөзге шешен ұдайы біз.

Жігіт: (Данияр)

Мың алғыс айтамын саған Заринажан,

Қонақжайды өзіңдей қайдан табам...?

Ат терлетіп алыстан келгенімде,

Заринаш илтипатпен қарсы алған жан.


Ал енді айтысалық Заринажан

Сөз айтып інжу-маржан пайдалыдан.

Егерде айтар болсам пайдалыдан

Бастайын елім- жұртым бір жайынан.


Тәуелсіздік таңы атқалы, (матив өзгерту)

Жарқырап елдің ақ таңы.

Аллаға шүкір етемін

27 жыл бейбіт заманда,

Туымыз көкте желбіреп

Жүрегіміз елжіреп,

Ұлтым дейтін ұрпақтар

Көркейтіп елдің ертеңін.

Тәуелсіздік тұғырын

Мықтап ұстар Ин ША Алла!

Патшаның парасатымен,

Рухани жаңғырып,

Болашақты бағдарлап.

Нық қадам басып келеміз,

Жоспарлы меже белгілі

Бұйырса 30 елдің қатарына

Қосылып, әдемі өмір сүреміз!

Ал жалғашы өзің Заринаш

Қуат берсін Құдайым,

Тіліңменен жағыңа.

Қыз: (Зарина)

Дәстүр бар қазақ деген халқымызда,

Қыз бен қыз айтыспайды салтымызда.

Сондықтан қыздар бір жақ жігіттерден,

Айтыс кел шамаң келсе шартымызға.


Данияр батыр жеңсеңіз шақ тұрамыз,

Жібек түгіл алтын шапан жаптырамыз.

Той жасап халқымыздың алдына кеп,

Алтыбақан көкбар да тарттырамыз!


Жеңілсеңдер жігіттер бірақтағы,

Жігіттің өз намысын құлатқаны.

Жеңу деген баршаның мұрат бағы.

Онда болар мынау барша жұрт алдында

Заринаш қыздың сұратқаны.

Мен бүгін дүлділ болып ағызайын,

Сөзімнен нәр, тілімнен бал тамызайын.

Қақаған қыстың мынау ызғарында,

Орнатып көңілдерге тамыз айын!


27 жыл Тәуелсіздік кезең келді,

Аңсатқан талай ғасыр кезеңдерді.

Өркениет мәдениет пен қанат жайып,

Еліміз көш ілгері кемелденді.


Өлеңмен өрер сөздің әрбір талын,

Жырлары өңшең алғыр, жақұт жалын.

Арманы барма енді қазағымның

Намысты қолдан бермес бар ұрпағы.


Жастарым бұл отауда ойнап күлсін,

Айтысып күш-қуатын байқап білсін.

Қызыл тіл сүрінбестен көкке өрлеп,

Жүрекке өшпестей қып салсын мүсін!

Жігіт: (Данияр)

Тұлға болу еліме басты арман,

Саралайын әр сөздің астарынан.

Келбетін танытайын туған жердің,

Қозғайық, кел, ендеше жастар жайын.

Қыз: (Зарина)

Айтыстың шыңына біз шығайықта,

Жөнсіздік тілге тиек қылайықта.

Жазып-сызу бүлдіру ғимаратты,

Айтшы сен, ер жігітке лайық па?

Жігіт: (Данияр)

Әр нәрсенің айырма арасы бар,

Жігіттерге таңылған жала шығар.

Жазып жүрген парталарға

Ойы шикі, өзі жас бала шығар.

Қыз: (Зарина)

Айыбын мойнына алмас кісі ме екен,

Кей жігіттің сөзі мәз, ісі бөтен.

Көше бойы босаған –бөтелкелер,

О да болса, баланың ісі ме екен?

Жігіт: (Данияр)

Айып емес құрбымау сынағаның,

«Бұл қалай?» уайым жеп сұрағаның.

Бәрі емес, ішінара ойы тайыз,

Замандастың ісі үшін ұяламын.

Қыз: (Зарина)

Бетке ұстайды ел қашан да тектілерін,

Тыныш болсын еліміз тек тілерім.

Есер үшін, естіге ұялу да,

Адамдықтың нышаны деп білемін.


Жігіт: (Данияр)

Қыз дегенің қылтиған тал емеспе,

Жұпар иісі мұрыныңа бал емеспе.

Сыңғырлаған күлкісі әуен болып,

Қара сөзді әуезді ән емеспе.


Қонған жері ауылыңның күнгей ғана,

Күнгейде неғып жүрсің күймей ғана.

Ауруым әсте менің басылмайды,

Бетіңнен алақандай сүймей ғана.

Қыз: (Зарина)

Қыз дегенің қыз емес қызыл алтын,

Әрқашан білетұғын сөздің нарқын,

Қара сөзді әуезді ән қылатын,

Отырысты қыздырып, жандыратын.


Бетімнен сүю арман талай жанға,

Шартымды орындауға дәрмен барма.

Егерде жеңіп шықсаң бұл айтыста,

Бетімнен сүйерсің сен осы арада.

Жігіт: (Данияр)

Мен пендемін қыз көрсе тұра алмаған,

Мына жерде жарамас құр алдаған.

Терезеден бас шығарып құйқылжыттым,

Құлағыңа жетеме мен салған ән.


Керегенің басында оймақ тұрар,

Кедейшілік кісіге қой бақтырар.

Алған жары жігіттің жақсы болса,

Тал шыбықтай бұралып ойнап тұрар.


Қарағым айналайын қасың керік,

Мал болсаң алар едім бәсін беріп.

Мен саған басы байлы бол демеймін,

Жүрсеңші аз ғана күн қасыма еріп.

Қыз: (Зарина)

Атымды шешем сүйіп қойған екен

Той болса түзетемін, кәмшәт бөркім.

Қолыңда еркің болса мені алғандай,

Неше жүз үйіңде бар сенің жылқың?

Жігіт: (Данияр)

Атыңды шешең сүйіп, қойған екен

Той болса түзетесің кәмшәт бөркің.

Ер күшінен тау аударылар деген барғой,

Алармын, болмаса да жалғыз жылқым.

Қыз: (Зарина)

Айтып қойшы қарағым

Қалай боп жүр сабағың.

Жәйін біліп қойайын,

Сендей сері баланың.

Жігіт: (Данияр)

Айтар болсам сабағым,

Бәрі жақсы қарағым.

Біліп жатқан жайымды,

Сендей сұлу жарадың.

Мына жерде сұлу қыздар көп екен,

Құрбыларыңмен отыралық танысып

Қыз: (Зарина)

Сері жігіт қыз көп деп дандайсыма

Алла бақ берген әрқайсына.

Сол көп қыздың ішінен біреуін ап,

Отауыңның отын сен жақпайсың ба?

Ибалы бір аруды келін қылып,

Ата-ана үмітін солай сен ақтайсың да.

Қаңбақ құсап дала кезіп жүре бермей

Үйленіп ап алаңсыз жатпайсың ба.

Инстаграмдағы қыздардан не пайда бар

Өтірік суретін қарап мақтайсың да

Тат басып, шіріп біткен шығар

Некелерімізді қидырамыз деген ақ қайшың да

Сау басыңа тілеген сақинаны

Үйленіп ап оң қолыңа тақпайсың ба

Жігіт: (Данияр)

Мен қазақ қыздарына қайран қалам

Көшеде темекі шегіп тайраңдаған

Қызды қырық үйден тьию деген

Қапасыз қалай айтқан қайран бабам

Бұрынғының қыздары қылушы еді ерді ғашық

Сол ердің үйінде жүруші еді түндік ашып

Қазіргінің қыздары жүреді кіндік ашып

Сол түрімен қылмақшы кімді ғашық.


Қыз: (Зарина)

Намысым қалай ғана ойнамайды

Ерлерді көргенде түк ойламайтын

Шаштарын қызыл, жасыл көк қылып ап

Кейбірі тіпті кейде көз бояйтын


Ұл бала әкеге көп жақындайды,

Балаға әке сөзі таусылмайды.

Ананың етегінен ұстап өссе

Әрине бояуға ол жақындайды.


Ұлды ұл қызды қыз деп өсіреді,

Ата-ана бар қылығын кешіреді.

Ата көрген оқ жонар деген сөз бар,

Әкенің мерейін ұл өсіреді.


Сондықтан сері жігіт,

Біліп алғын.

Қыздардың мерейін азаматтар өсіреді.

Егерде ұсақталса азаматтар,

Ондай ұлды қандай ұлт кешіреді..,

Жігіт: (Данияр)

Әлем тұр күллі әлемді қаратардай,

Зарина да Сараларға парапардай.

Қазақ сөзі шөкпейді, шөкпек емес,

Ел барда әзиз сөзді жаратардай.


Қалайша мен құрбыммен келіспеймін,

Салмақты айтқан ойын бөліспеймін.

Әрине атқа мінінер азаматқа

Жүктелер ұлт намысы ғажап атқа.


Ұлтымыздың намысы қыздар болса,

Сол аруды қорғайтын ұлдар болса.

Елімнің ертеңіне алаңдаман.

Ұл туар жау жүректе дара тұлға.


Қыздарым сақтай білсе ар-иманын,

Ұлдарым ақтай білсе ел арманын.

Міне, нағыз жеңіс біз үшін осы болмақ,

Олай болса болашақта жарқын болмақ!


Қыз: (Зарина)

Ақ жібек орамалды кестеледім,

Құрбыға қатар жүрген еркеледім.

Сыйлығым болсын менің өзіңізге

Сері жігітке арнаған естелігім.

Жігіт: (Данияр)

Ақ сезім куәсіндей ақ орамал

Жақсы іске табылады қайда да амал.

Желпіген орамалың болар деймін,

Сен жақтан хабар айтса ескен самал. Осымен айтыс аяқталып, Данияр мен Зарина бір біріне орамалдарын сыйға береді.

Жігіт: (Қанат)

Айлы түнде қыз-жігіт сырласатын,

Екеу-екеу көрінбей қырды асатын.

Сезімнің айдынында бірге қалып,

Қос акқудай әдемі жарасатын.

Қыз (Жадыра)

Ай қараңғы түн жарық,

Күндіз тоқ та, түнде арық.

Ақ сұйекті лақтырсақ

Әкеледі кім барып.

Жігіт: (Мұрат)

Ақ сүйегім, табыл айдан,

Қыз күтетін терең сайдан

Сыбдырыңды білдірмей жет,

Жеңешеңе болсын айлаң.

  • Ақ сүйекті лақтырамын, тапқан адам олжалы,- деп ақсүйек лақтырылады. Барлығы ақсүйек іздеуге кетеді.










!






































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!