Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сыныбы: 5 «а», «б»
Тәрбие сағаттың тақырыбы: Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан!
Тәрбие сағаттың
мақсаты: 1986
жылдың желтоқсанындағы адал да, аңғал Қазақ
жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы, бейбіт шеруге шыққан,
тұңғыш рет Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тайсалмай
қарсы шыққан желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды
жырларын оқушылар көңіліне ұялату. Оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу
мәдениетін дамыту.
Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, сыйластыққа,
ұлтшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Мультимедия, желтоқсанға шыққан жастардың фотолары
салынған буклеттер,
шарлар
Жүру барысы:
1.Рабиға:
Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым –Ата заңым қабылданып.
2. Рузанна:
Я люблю Казахстан за
прекрасные степи
За высокие горы и шумные реки.
За орла, что парит в высоте надо мной,
И за солнце люблю и за небо покой!
3.
Балжан: Бізге тәуелсіздік туын,
қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние
жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген
Желтоқсан оқиғасына биыл 25 жыл толып
отыр.
Хормен: Мен – қазақпын, мың өліп, мың
тірілген,
Құшақ жая таныстым сан тіліммен.
Жаман үйді қонағы билейді деп,
Қала жаздап айырылып өз тіліммен.
Өзге тілге еліктеп ел болмайық,
Қазағымның артық жоқ өз тілінен.
Мен – қазақпын, мың өліп, мың
тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен – жігітпін, айқасқа, сынға
асықпын,
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам, қыран боп қырға шықтым.
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ
елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі
өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
Ұлы аманат етейін еркіндікті,
Ел құлдықты білмесін жер кіндікте
Аңсаймын мен сенемін туады ертең,
«Қазақ болу» зор бақыт күндер
тіпті.
І – жүргізуші
Еңлік: Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш
көтерген әйгілі 1986-ның желтоқсанына арналған «Тәуелсіздік
бастауы – Желтоқсан»
атты тәрбие сағатын ашық деп
жариялаймыз. Тәрбие сағатымызға қош
келдіңіздер.
ІІ – жүргізуші
Гулнара: 16
– желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы
мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл
қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат
сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық
күні, өктемдік үні еді.
Радиодан төтенше хабардың белгісі
берілді.
Еңлік: 1986 жылы
16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы
Орталық комитетінің пленумында Д. Қонаевтың зейнеткелікке шығуына
байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің бірінші
хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына Ресейден келген Г. В.
Колбин сайланды. Төтенше өткен пленум 18 минутта
аяқталды.
Гулнара: Асығыс өткен пленум шешімі
дүйім Қазақ халқымен санаспаушылық болып табылды. Пленум шешіміне
көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай
түсті.
Көрініс: Сахнаға екі студент шығады,
бірі – жігіт, бірі – қыз. Қолдарында конспекті дәптерлері
бар.
Балжан: Мақсат, сен естідің бе? Кеше
Дінмұхамед ағамыз орнынан алыныпты
дейді.
Нұрсат: Қойшы, рас айтасың ба? Кімнен
естідің?
Балжан: Кеше куратор ағайдан естідім.
Бүгін Брежнев алаңында көп адам жиналады
екен.
Нұрсат: Неге?
Неліктен?
Балжан: Қонаевтың орнына Ресейден бір
орыс келіпті дейді. Халық наразылық білдіріп жатқан көрінеді.
Куратор ағай ол жаққа бармаңдар деп
ескертті.
Нұрсат: Қой, біздің мұнда тығылып
қалғанымыз дұрыс болмас. Жүр кетейік. Тез
барайық!
Гулнара: Иә, аңғал сеніммен алаңға
шыққан бейкүнә қыз – жігіттер «контрреволюционер» емес еді. Олардың
ойы халықтың құқықтары мен проблемалары туралы сөз жүргізу еді.
Алайда оларды бір қолында шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы,
сақадай сай әскерлер қарсы алды. Бейбіт шеруге шыққан жастардың
бейбіт тілегі ағаш жаңқасындай быт-шыт болып ұшып жатты. Үкімет
үйінде жастар шеруін қуғындау үшін астыртын «Құйын - 1986» деген
оперативті жоспар құрылып жатты. Ал алаңдағы жастар жайбарақат еді,
аңғал еді, алаңсыз еді.
Көрініс: Алаңда жастар бейбіт,
жайбарақат. Қолдарында «Каждому народу – своего вождя»,
«Ленин идеясы жасасын», «Қазақстан - қазақтардікі», «Ресейге қайт»
деген транспоранттар бар. Оларға Мақсат пен Айгүлде келіп
қосылды.
Дауыс: Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін
барлық жағдайды.
Дауыс: Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа
жерден басшы әкелгені несі?
Дауыс: Талап – тілекті айтамыз, шықсын ортаға
басшылар!
Осы кезде «Менің Қазақстаным» әні айтылды. Жастар теңселіп тұрып
бұл әнді ерекше бір шабытпен тамаша
орындайды.
Прокурор Максим:
Балалар! Уа, балалар! Мен Республика прокурорымын. Тараңдар!
Жатақтарыңа қайтыңдар! Ұят болды! Мен сендерге күш қолданамын! Үйге
қайтыңдар.
Осы кезде залда әскери команда беріледі.
Әскери
адам: Айдын Первая рота! Слушайте мою команду. Производится
операция «Құйын». Немедленно разогнать экстремистов и хулиганов!
Первая рота, за мной! Ура!
Еңлік:
Осы кезде залға сырттан қаруланған әскери адамдар
– көктен кіріп, алаңдағы жастарды ұрып – соға бастайды. Қаралы
музыка баяу ойнап тұрады. Қарулы әскер сахнадан жаралы қыздар мен
жігіттерді біртіндеп сүйреп, жұлқылап әкете бастайды. Беті – аузы
қан, ұзын шашы жайылып бетін жапқан жас Қазақ қызын екі әскери
солдат сүйрей бастады. Қыз жұлқынып, халыққа қарап ышқына
сөйледі.
Дария:
- Әй туғандар! Жігіт болсаңдар шығыңдар бері
қарай! Қосылыңдар біздің қатарға
Осы кезде қарулы милиционер қыздың көк желкесінен шоқпармен ұрып
қалады. Қыз сылқ етіп есінен танып қалады.
Гулнара: Міне, өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ
осылай кеткен еді. Алматы музыка училищесінің студенті Ляззат
Асановаға өзін - өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді.
Тексере келе Ляззаттың да алаңда болғаны
анықталды.
Сандуғаш : Иә,
Қайраттың балаң үнінен, Махамбеттің арынын, Шәкәрімнің қайғысын,
Мағжанның махаббатын, Мұқағалидың арман – сағынышын, өкініш –
күрсінгенін сезгендей боласың. Орталықтың қара түнегіндей найзағай
боп жарқылдап, жыр нөсермен күн шұғыласындай жалпақ әлемге танылған
бүкіл адамзатқа жүрек шашқан «Ұлы Қайрат, ақын Қайрат, батыр алты
алаштың арасы болған Қайрат кім еді?...»
Ділназ: Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы Жамбыл облысының
Мойынқұм ауданында дүниеге келген. Әкесі Ноғайбай бақташы, шешесі
Дәметкен сауыншы болатын. Қайрат Шу қаласына таяу жердегі Новотащик
селосындағы шопан балаларына арналған мектеп-интернатта оқыды.
Қайрат мектепте бастауыш комсомол ұйымының хатшысы болды. Қабырға
газеттерінің редакторы болып, мақала жазумен
әуестенетін.
Ортаға басын дәкемен ораған Қайрат шығады.
Қайрат: Күнәдан таза арым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты – құрбандық,
Атам десең атыңдар!
Аружан: Пешенесіне жазылған аз ғана ғұмырдың
соңғы сағатына
дейін мынау алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін үзбеген сұңғыла
жігіттің көңілі кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екенін сезе
бастаған тәрізді. Оған бағытталған оқ кәдімгі қылмыскерге емес,
тығырыққа тірелген қоғамның бар шындығын басқаша түсінетіндерге,
яғни саяси «теріс көзқарастағыларға» арналған оқ еді. Қайрат
болмаған күнде де алаңда ұсталған жігіттің бірінші нөмірлі жігіттің
«ұлтшыл» атанып, осы кепті киюі ғажап
емес-тін.
Еркежан:
Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі
күйреген, рухани езілген балаң жігіт:
Жел кірді көңіліме жиырма бірде,
Айдады ерікке қоймай сол несібе.
Желпілдеп, желдім екен несіне,
Түседі адасқаным енді есіме, - деп қатты торыққан, қайсар рухты
Қазақ жігіті орысша қазақша судай жігерлі, отты жігіт еді. Өкінішке
орай, 1988 жылы Семей түрмесінде Қайрат Рысқұлбеков 21 мамыр күні
таңда өмірден өтті. Қанаты қайырылып жарық күнмен мәңгі қоштасты.
Есіл ер көзі тірісінде шындыққа жете алмай қапыда жер
жастанды.
Арайлым:
Кінәлі ме, ақын Қайрат, ер
Қайрат,
Ауа жетпей атып шыққан алаңға.
Қылғындырған қиянатқа көнбеді ол
Тапталғысы келмеді оның табанға.
Әсте естен шығармайды жыр мұңы,
Айтады ылғи домбыраның күмбірі.
Жанел:
Аты аталса күрсіндірер
жылатып,
Желтоқсандық азамат пен
құрбыны.
Жатыр бүгін Мойынқұмның бауырында
Қара өлеңнің ерте солған бір гүлі.
Айналайын, ағайындар ақ жүрек,
Жолың түссе, басына бар, тағзым ет
Қасымхан:
Ол тірі қалғанда ақын болар ма
еді.... Ерте солған жыр әлеміндегі гүл едің ғой, Қайрат... Ал мына
өлең жолдарына құлақ түріп
қарайықшы
Әкетай – ақ пайғамбардай жасың бар,
Туа бермес сіз секілді асылдар.
Қартайғанда жүрегіңді қаралап
Кесір болды – ау біз секілді
масылдар.
Айналайын қарындасым, қарағым,
Сені ойласам үзіледі жұлыным.
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,
Кетіп барам мен айдауға құлыным
Балауса:
Міне, осы бір жан тебірентер
сәтте Қазақ елінің еркіндігі, бостандық жолына бас тіккен
азаматтар, туған елінің тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай
өмірден өткен желтоқсан батырлары Қайрат Рысқұлбеков,
Ляззат Асанова, Ербол Сыпатаевтардың рухына тағзым етіп, еске алу –
ұлттық парызымыз.
Жамшиддин:
Өмір өзен толқындары бізді әйгілі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан уақыт өткен сайын алыстатып бара жатса да жүректерде мәңгілік ұмытылмайтын қастерлі бір нәрсе бар. Ол – дүр сілкіндірген сол үш күн ішіндегі Қазақ қыздарымен мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым құрмет. Бұл аға – апаларымыздың аңсаған армандары мен үміті, тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Бір ғана өкініш бар, ол азаттық үшін жан аямай алысқан боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәттерімізді көре алмауы.
Мұғалім: Міне, оқушылар өздерің айтып
отырғандай осы оқиғадан кейін біздің Қазақстанымыз өзінің
тәуелсіздігін алды. Қазақстанның тәуелсіздік алғанына биылғы жылы
20 жыл толғалы отыр. Басы аяғы 20 жылда еліміз ауыз толтырып
айтарлықтай жетістіктер биігінен көрінді. Әлемнің өркениетті
мемлекеттері Қазақстанды танып білді. Олармен аралас – құралас
болуға сол арқылы сол елдің мәдениетін, әдебиетін толығырақ
айтқанда, рухани дүниесін өне бойына сіңіруге, жақсы жақтарын
қабылдауға жан – жақты мүмкіндік туды. Сонымен қатар «Біз
Қазақстандықтармыз» деп кеуде кере шаттануға да бүгінгі уақыт
үрдісі бізге мүмкіндік туғызып отыр. Тәуелсіздік халқымызға
аспаннан түскен құдіреттің сыйы емес. Ол ғасырларға созылған ата –
баба қанды жорығының, дабылды – дуылды күресінің заңды жалғасы.
Жатса түсінен, тұрса есінен бір сәт кетпеген бабалардың ғасырлық
арманы еді. Тереңнен ойлап, тебірене толғасақ халқымыздың барша
тарихы осы тәуелсіздік үшін, елдік үшін, халықтың бас бостандығы
үшін күрес еді. Желтоқсан оқиғалары – Қазақстан
тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі. Екі
ғасыр бойы езіп келген империяның қуатты құрсауын бұзып,
отарлаушылардың тас шеңгел құлдығынан құтылуды көксеген жастардың
көз жасы, қаны бекерге төгілмепті. Он екіде бір гүлі ашылмай қыршын
кеткен Асанқызы Лязаттың, Сыпытайұлы Ерболдың, Мұқанбетжанқызы
Сәбираның, Ноғайбайұлы Қайраттың аңсаған армандары мен үміт
тілектері бұл күнде толық жүзеге
асты. Желтоқсан оқиғасы
- бұл ерліктің тарихы,
- республикадағы халқымыздың рухани
жеңісі,
- демократияға жол ашу,
- тәуелсіздіктің алғашқы беті
Көп ұзамай Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алды. 1991 жылы
16желтоқсанда Қазақстан Республикасының
Президентінің ҚР тәуелсіздігі жөнінде Конституциялық заңы
қабылданды. ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың «1986 жылы 17,
18 желтоқсанға қатысқандарды ақтау
жөнінде» 1991 жылы жарлығы шықты. Осыдан кейін еліміздің басшысы 17
– желтоқсанды «демократиялық жаңару» күні
деп жариялады.
Нұрсат
Жағасына жауының жетіп қолы,
Тартып алған тәуелсіз күшпен өткен.
Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы,
Олжа емес салбырап түскен көктен.
Қуаныш аралас қасіретпен,
Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен.
Еркіндік, ерлігін сақтау үшін,
Талай ердің бұл жолда басы кеткен
Қарақат:
Еркін елміз, азаматтық
аңсаған
О, Жаратқан тәубе деймін мен саған
Сақтайық деп тіл мен дінді басқадан
Барша қазақ мен сендерге жар салам!
Салаходдин:
Она велика: от Алтая до
Каспия
Она широка, как народа душа.
Она же – Европа, она же и Азия
И волны Урала, и плеск Иртыша.
Родная земля – молодая и древняя,
Пою о тебе. И тобою живу!
На север Взгляну – вижу зелень деревьев.
На юг посмотрю – ветры сушат траву.
Есть все у тебя: и леса и озера,
И синие глуби натруженных рек.
Бескрайние степи, высокие горы,
И я – твой хозяйн, и твой Человек.
Моя Родина – мой независимый Казахстан!
Даяна
: Қазақстан! Туды алтын
дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын
Алтын заңың құтты болсын қымбаттым
Туған күнің құтты болсын алыбым!
Армандарды жақындатқан тым алыс
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс
Егемендік ел бақыты ертеңі
О, халайық құтты болсын қуаныш.
Полис:
Великую землю, любимую
землю,
Где мы родились и живем,
Мы родиной светлой,
Мы родиной милой,
Мы родиной нашей зовем
Лауре:
Казахстан – наше будущее
Казахстан – это свобода Казахстан
Радислав
Казахстан – это солнечный
свет
Казахстан – это крылья побед
Асыл:
Желтоқсанның желі, аязы
ызғары
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап шекті қайсар қазақ
Келмей мүлде көңілдің бұрауы шын
Қайғы мұңға уланып тұр ау ішім
Өткеніне қарасам қазағымның
Жаралғандай өмірге жылау үшін.
Викторина:
-
Қазақстан Республикасының туын қай жерлерден көруге болады?
Где можно увидеть флаг Республики Казахстан?
(Еліміздің басқарушы мекемелерінде, салтанатты мерекелерде, парадтарда. Сонымен қатар, мемлекеттік мерекелерде алаңдарға ілінеді. Ал қаралы күндері мемлекеттік ту түсіріледі).
На зданиях органов власти нашей страны. Во время торжественных мероприятий, парадов. Еще его вывешивают в дни государственных праздников на городских площадях, государственных зданиях. Во время траура в государстве флаг приспускается
-
«Гимн» сөзі нені білдіреді? Гимннің сөздері не айтылады?
Что означает слово «Гимн» ? Что отражается в словах ( текста) гимна?
(Гимн сөзі – Мемлекетке арналған салтанатты ән. Гимннің сөздерінде халықтың тарихы мен қазіргі өмірі, болашаққа арман тілектері және отанға деген сүйіспеншілігі айтылады.)
Торжественная песня. Гимн страны -торжественная песня , посвященная государству.
В его словах многовековая история, жизнь сегодняшнего и мечта о будущем, уважение и любовь к своей Родине.
-
«Менің Қзақстаным » әні бірінші рет Әнұран ретінде қай жерде айтылды?
Когда и где впервые песня «Мой Казахстан» прозвучала как Гимн РК? 2006 жылы 11 қаңтарда Ақордада өткен Пререзиденттің инпгурациясында алған рет Әнұран ретінде айтылды
Во время третьей инагурация которая состоялась во Дворце Акорда 11 января 2006 года. По итогам президентских выборов 4 декабря 2005 года Президент Казахстана набрал 91,15% голосов.
-
Қазақстан қай мемлекеттермен шекаралас жатыр? Қай елмен ең көп шекараласқан?
С какими государствами граничит Казахстан? С каким государством Казахстан имеет более протяженную границу?
Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Қытай. Ресеймен – 6467 км.
Россия, Узбекистан, Кыргызстан, Туркменистан, Китай. С Россией - 6467 км.
-
Мемлекеттік Әнұран қайда және қалай орындалады?
Когда, где и как исполняется гимн?
Әнұран мемлекеттік маңызы бар іс-шараларда айтылады. Оны тағы да парадтарда, салтанатты мерекелерде, спорттық жарыстарда да естуге болады. Әнұранды айтқанда және тыңдағанда оң қолымызды жүрегімізге қоямыз. Бұл мемлекеттімізге және әнұранымызға деген құрметті білдіреді.
Гимн исполняется во время важных государственных событий. Его можно услышать на парадах , на торжественных праздниках, во время спортивных соревнований. Гимн поют и слушают стоя положив ладонь правой руки на сердце. Это выражение уважения к главной песне страны, к своему государству.
-
Қазақстанның туындағы екі түсті атаңыз. Ол түстер нені білдіреді?
Какие два цвета присутствуют на флаге Казахстана? Что они символизируют?
Көк түс – тыныштық пен ашық аспанды және татулық пен бірлікті, жарқын болашағымызды білдіреді. Алтын түс – әдемілік пен байлықты білдіреді.
Голубой означает ясное безоблачное небо и покой, мир и спокойствие, светлое и ясное будущее. Золотой - изобилие, богатство.
-
Мемлекеттік рәміздерімізге нелер жатады?
Что относится к символам независимости Казахстана?
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы.
-
Қазақстан Республикасының Президенті
-
Ту, Елтаңба, Әнұран
-
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
-
Қазақстан аумағын белгілейтін картасы
-
Мемлекеттік тіл
-
Еліміздің астанасы – Астана
-
Қазақстанның мемлекеттік валютасы – теңге
-
Қазақстан Республикасын айқындайтын белгілер:
а) «Бәйтерек» монументі
ә) Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы – Ақ Орда
б) Алматыдағы Тәуелсіздік монументі
в) «Қазақ елі» монументі
1Конституция Республики Казахстан
2Президент РК и знаки отличия Главы государства
3 Государственные символы Республики Казахстан
4 День Независимости РК
5 Карта территории Республики Казахстан
6Государственный язык
7Астана - столица Республики Казахстан
8 Национальная валюта Республики Казахстан
9 Высшие знаки отличия Республики Казахстан 10 Монумент «Байтерек»
11 Ак Орда - резиденция Президента Республики Казахстан
12 Монумент независимости в Алматы 13 Монумент «Қазақ елi»
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан және қай жерде қабылданды?
Когда и где была принята действующая Конституция Республики Казахстан?
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда жалпы халықтық референдумда қабылданды?
Действующая Конституция Республики Казахстан была принята 30 августа 1995 года на всенародном референдуме.
Дария: М. Шаханов «Мұзға жаққан
алау».
Ясмина:
Родина моя.
- Что значит «Родина моя»? –
Ты спросишь. Я отвечу:
Сначала тропочкой земля бежит тебе навстречу.
Потом тебя поманит сад душистой веткой каждой.
Потом увидишь стройный ряд домов многоэтажных.
Всё это – Родина твоя, земля твоя родная.
Чем старше станешь и сильней,
Тем больше пред тобою
Она заманчивых путей доверчиво раскроет.
Раушан
: Тәуелсіздік – рухы күшті
ғажап үн
Бізге оңай келген жоқ қой азат күн.
Еркіндіктің желбіретер көк туын
Біз жастармыз, болашағы қазақтың.
Гулнара: Концерттік бағдарламамызды қабыл алыңыздар
1. Хор. Орындайтындар 5 «Б» сынып оқушылары
-
Қазақ биі
-
«Қазақтай ел қайда» ән. Орындайтын: 5 «А,Б» сыныптары
-
Орыс биі. Орындайтындар: 5 «Б» сынып оқушылары
-
«Тәуелсіздік» ән. Орындайтын Балжан мен Ділназ
Еңлік: Осымен 5 сынып оқушыларының
дайындаған шағын тәрбиесағаты аяқталды. Алтын
уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен – көп рахмет. Қош сау
болыңыздар.