Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан тәрбие сағаты 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан тәрбие сағаты 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«А.С. Пушкин атындағы орта мектеп» КММ













Shape1

Тәрбие сағаты






Тақырыбы: «Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан»










Өткізген: Мухатаева Р.К.















Сағыр ауылы, 2013 жыл


Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан


Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру.

2. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.

3.Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: рәміздер, суреттер, буклет, нақыл сөздер,

Сабақтың барысы:


Мұғалімнің кіріспе сөзі:


Көк туым көтерілді бағым жанып,


Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.


Шырқадым әнұранды бар дауыспен,


Арманым –Ата заңым қабылданып.



Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 27 жыл толып отыр.
«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.

Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?


«Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Хор: Мемлекеттік Әнұран

Қайрат Рысқұлбеков 1966-жылы 13-наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында малшы әулетінде дүниеге келді. Қайрат 1973-1981 жылдары Шу ауданындағы Төле би ауылына орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп-интернатта оқып сегіз жылдық білім алды. Мектепте сабақты жақсы үлгеріп, кластан класқа емтихансыз көшіп отырды. Қоғамдық жүмыстарға белсене аралаласып, мектептің бастауыш комсомол ұйымының хатшысы болды.

Асанова Ләззат Алтынайқызы (27.07.70 Алматы обл. Панфилов ауд. Ақжазық а.25.12.86 Алматы) - Желтоқсан көтерілісінің құрбаны.1985ж. Алматыда П.Чайковский атынд. муз. уч-щеге оқуға түскен. Алматыда 1986 ж 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп-төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа алаңға алғашқы ереуілшілер қатарында «Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді!

Ербол Сыпатаев  Желтоқсан көтерілісіне қатысып, алаңда қазақ қарындастарын құтқару барысында алған соққыдан қайтыс болған жас қазақ жігіті. Талдықорған облысының Көктал ауылында 1964 жылы дүниеге келген. Желтоқсан көтерілісі уақытында Алматы қаласында энергетика институтының 2 курс студенті болған. Кейбір мәліметтерде оның әке-шешесі жоқ, тек туысқандары ғана болғандығы айтылған. Ол туралы деректер өте аз. 



(Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбековке арнау)

 

Азаматтық айбарымен еркіңнің,

Желтоқсанда намыс үшін желпіндің.

Алаңдағы әділетсіз дауылға

Қайсарлықпен қарсы келіп сен тұрдың. (Айым)


Жиырма бір жасың жатыр пешенеңде,

Айналар атың әлі неше өлеңге.

Жастар жүрер рухыңа тағзым етіп,

Рысқұлбеков атты бақ пен көшелерде! (Сейфолла)


Қарындасқа қалқан болған өренім,

Қалың жасқа пана болған терегім.

Жалын жырға арқау болған тереңім,

Өлтіре алмас сені өлім!

Алмас жүзді беренім! (Ақжүзік)


Желтоқсан деп жүрегім сыздар әлі,

Шырқалады Қайрат деп қыздар әні.

Көк байрағым сені еске сап тұрады,

Желтоқсанның жеңілмес мұзбалағы. (Ұлан)

 


Жапа шегіп жатсаңдағы жаладын,

Жарамады арашаға жан адам.

Желтоқсанның желбіретті жалауын,

Төрт жылдан соң мұхтар атты жан ағам. (Дильназ)


 

Қыздардың орындауында ән: «Зеңгір көктен»

 Ой қозғау:
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан Республикасы

- ҚР-ның халқы қай тілде сөйлеу керек?
- ҚР –ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты-жөнін білесіңдер ме?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

- ҚР рәміздерін білеміз бе?

-ҚР рәміздері Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран.


Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі

Отан деген от басынан басталар,

Отбасыма от салмасын басқалар.

Отан деген қасиетті, киелі,

Отан десем оянады асқақ ар! (Аяужан)

 

Отансыздар мына өмірде бос қалар,

Сүйеуі жоқ, тіреуі жоқ жасқанар.

Отанымды күзетеді адалдық,

Сәттерімде мүлт кетпестен қас қағар. (Жадыра)

 

Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,

Басқалардың тимесінші кесірі.

Елдің көшін өрге бастап барады,

Нұрағаңмен егіз болар есімі. (Меруерт)

 

Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,

Бесігімде тербеледі дос үні,

Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,

Ұмытпайық, ұлықтайық осыны! ( Нурик)

Хор: «Отан»


Қорытынды сөз: Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген Қазақ елі, құдай қаласа, гүлденіп мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтей білейік. Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола берсін! Еліміздің, елдігіміздің белгісі – көгілдір туымыз, қасиетті көк байрағымыз көкте қалықтап, желбірей берсін! Сабағымыздың мәнді, мағыналы болып өтуіне бар білімі мен күш-жігерін салған оқушылар, сіздерге рахмет! Көңіл қойып тыңдаған қонақтарымыз – аяулы ұстаздар, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін, ілтипат-ниеттеріңіз үшін сіздерге зор алғысымды білдіргім келеді! Бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған  «Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан» атты іс-шарамызды аяқтаймыз


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2018
3935
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі