Материалдар / Тәуелсіздік-биік сенің тұғырың
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздік-биік сенің тұғырың

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қамбарова Гүлжан Мухаметалиқызы

Түркістан облысы

«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру

орталық филиалы

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі



Тақырыбы: «Тәуелсіздік- биік сенің тұғырың!»

Мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіздіктің ел тарихында ерекше орын алатын мереке екендігін сезіндіру, бұл күннің оңай жолмен келмегенін түсіндіре отырып тәуелсіздік шежіресі туралы түсінік беру және жас ұрпақты отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Міндеттері:

  • Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге үйрете отырып патриоттық сезімін ояту;

  • Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту;

  • Оқушыларды ұлтын сүюге, отаншылдыққа тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Музыкалық құрал-жабдықтар, АКТ, слайд, презентация

Көрнекіліктер: Мемлекеттік рәміздер, слайдтар, бейнематериалдар, суреттер, костюмдер, микрофондар, театр реквизиттері.

Іс-шара түрі: Мерекелік концерттік бағдарлама







Іс-шараның барысы.

Слайд №1.

1- жүргізуші: Құрметті қонақтар мен жас достар!

«Тәуелсіздік- биік сенің тұғырың!» атты әдеби- сазды кешімізге қош келдіңіздер!

Слайд №2

2 - жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар мен балдәурендіктер!

Қазақстан – бүгінде жұдырықтай жұмылған, босағасы берік, керегесі кең, терезесі дамыған елдермен тең, шаңырағы биік азат ел!

1- жүргізуші: Тәуелсіздік алғалы бері білім саласына да аса көңіл бөлінуде, соның бір айғағы сіздер демалып жатқан осы орталық.

2 - жүргізуші: «Балдәурен» орталығы Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 7 қарашада шыққан қаулысы негізінде, демалысты ұйымдастыру және де балалар мен жасөспірімдерді сауықтырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатымен, 2004 жылдың 30 қаңтарынан бастап,«Балдәурен» Республикалық оқу – сауықтыру орталығы ашылды. Биыл орталығымызға 21 жыл Туылған күнің құтты болсын Балдәурен!

1-ЖүргізушіТәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін ерекше жүрек жарды қуанышқа толы күн. Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз.

2-Жүргізуші: Ендеше, мерекелік кешімізді ән-жырмен жалғастырайық!

Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра,

Нағыз қазақ- қазақ емес, нағыз қазақ домбыра!

Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана,

Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана - дей отырып әсерлі кешіміздің шымылдығын қазақтың қасиетті қара домбырасынан төгілген құдіретті күйге беруді жөн көріп отырмыз. Олай болса, сахна төрінде:

Күй: «Балдәурен» ансамблінің орындауында Әбдімомын Желдібаевтің күйі «Ерке сылқым»

Күй: Құрманғазының күйі «Адай»

Слайд №3

1- жүргізуші.

Егеменді, Байрақты ел,

Бағы жанған қуаты мол, айбатты ел,

Жаратқаным, әр қазаққа қайрат бер,

Қазағымның Тәуелсіздік тойында,

Қызыл тілім тоқтамастан сайрап көр.

2 жүргізуші:

Арайланып әрбір таңымыз,
Арайланып әнмен сәніміз.
Туған жердің төрінде,
Шырқалсын кәне әніміз.

Дүйсен Сымбаттың орындауында «Толғау» атты әнімен ортаға шақырамыз!

1-Жүргізуші: Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы.

2-Жүргізуші: Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны анық.

Слайд№4 Видео: «Тәуелсіздік шежіресі» (видео көрсетіледі) (2 мин)


1 жүргізуші: Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Тәуелсіздіктің 32 жылы тарихта өз ерекшеліктерімен қалды.

2 жүргізуші:

Сахнада биші емес, құс сияқты,

Елестейді бір көрген түс сияқты.

Әжемнің ұршығындай үйірілгенде

Жер шарын айналдырған күш сияқты.

Сахнада Салыбек Сая мен Жанахмет Үкілімнің орындауында «Ақсүйек» биі, қарсы алыңыздар!


1-Жүргізуші: Бостандығым! Тосқан күнім алладан, 

Отыз екі жыл – аспан кірсіз, ажарлы ән. 

Сен келгенде серпілгенмін қайғыдан, 

Сен келгенде сары мұңнан тазарғам. 


2- Жүргізуші: Домбырам, жүрегіммен үндес едің,

Сенімен сырласымдай тілдесемін.

Бабамнан қалған мұрам, сен болмасаң,

Өнердің не екенін білмес едім.


Күй: Сәбитқызы Дананың орындауында Ахмет Жұбановтың «Жезкиік» күйі», қарсы алыңыздар!


Слайд№5


1- Жүргізуші:Жаңарды заман, жасампаз елміз жайнаған,

Төсінде сан мың ұлыс пен ұлты жайлаған.

Мұнай мен газы атқылап көкке алтын боп,

Еңбекші жұртпен жадырап кетті бай далам!


2 жүргізуші:

Ортаға көркем сөз оқу шеберлерін шақырамыз.

Слайд№6


1- оқушы: Тәуелсізбіз, іріміз, іргеліміз,

Көгіміз - нұр, көңіл шат, гүл жеріміз.

Өжеттікпен сен жеттің, қайсарлықпен

Бодандықтың тұманын түргеніңіз.

Тәуелсіз ел төрінен мұнар тарап,

Болашаққа сеніммен ұлан қарап,

Желбіреген көгімде көк байрақтан

Қыр қыраны келеді күн арқалап.


2 - оқушы:

Тәуелсіздік

Еркіндігім. Қасиеттім.Қастерлім.

Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!

Кеше сенің келбетіңді арман ғып,

Боданына бұғауландық басқа елдің.

Бабалардың басын тігіп бәйгеге,

Аналардың жанарына жас бердің!

Уа, Еркіндік,

Қош келдің!


3-оқушы:


Слайд№8

Слайд№9

1-жүргізуші:

Би. Өнерпаз қыздардың орындауында «Қазақ биі»

Слайд№10


1-жүргізуші: Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі.

2-жүргізуші: Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі –біздің жетістігіміз,сондықтан оны сақтап, дамыту, келесі ұрпаққа аманат ету біздің парызымыз! Осыны ұмытпайық!

Марат Фарида және Сәбитқызы Дананың орындауында «Қарлығаш» әнімен қарсы алыңыздар.

Слайд№11

Слайд№12

1-жүргізуші:

Той-думан болсын өмірің сарқылмайтын,

Бақыт берсін ешқашан таусылмайтын.

Тілейміз Балдауренге ұзақ ғұмыр,

Орындалсын ой-арман тілегіміз. 2-жүргізуші:

Өмір жыры таусылмасын мәңгілік,
Тұрсын алдан арайланып таң күліп.
Бақыт болсын әрқашанда жолығар,
Шаттығыңыз тау суындай молығар.

Ән: Береке Алдиярдың орындауында «Жаса Қазағым» атты әнімен ортаға шақырамыз

Слайд№13

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,

Тәуелсіздік құтты болсын, нұр елім!

Осы жылда шықтық талай белеске,

Қазақстан, жасай берші, гүл елім!

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік- рухы күшті ғажап күн,

Бізге оңай келген жоқ қой азат күн.

Еркіндіктің желбіретер көк туын,

Біз жастармыз, болашағы қазақтың.


1-жүргізуші: Осымен «Тәуелсіздік- биік сенің тұғырың!» атты іс - шарамыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет. Мерейіміз үстем, еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!