Материалдар / «Тәуелсіздік-бұл менің бостандығым»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тәуелсіздік-бұл менің бостандығым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің мұратына айналған «Мәңгілік ел» идеясы - халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам екендігін түсіндіру, Оқушыларды патриоттыққа,Отанды сүюге,тәуелсіз елімізді қастерлеуге үйрету.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні

Класы

жетекші

Сабақтың тақырыбы «Тәуелсіздік-бұл менің бостандығым»

Мақсаты Еліміздің мұратына айналған «Мәңгілік ел» идеясы - халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам екендігін түсіндіру, Оқушыларды патриоттыққа,Отанды сүюге,тәуелсіз елімізді қастерлеуге үйрету.

Күтілетін нәтижелер

Топ ішінде жұмыс істеу барысында қажет мәліметті алады; Ұлттық рух туралы, тәуелсіздіктің маңызын меңгереді. Өмірмен байланыстыра алады.

Керекті жабдықтар

Интерактивті тақта,флипчарт, фломастерлер,стикерлер,қанатты сөздер,слайд

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу.

Құндылықтар «Жеткіншектің Жеті Жарғысы» жобасы Қоғам игілігі үшін қызмет ету;

Сабақ барысы:

Сабақ

кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті

Кіріспе (5мин)

Тұсаукесер

(10мин.)

1.Оқушылармен амандасу. - Сәлематсыздар ма, оқушылар? Тәуелсіздік туралы жүректен жарып шыққан қуатты өлең-жырлар, отансүйгіштікке баулитын әндер баршылық. Олардың бәрі елдің егемендігін насихаттауда, ұрпақ тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Тәуелсіздігіміз жарияланған күннен бастап еліміздің барлық саласы нарықтық экономикаға көшті. Дегенмен, мемлекеттік стратегиялық жоспарлаудың қажет екенін уақыттың өзі дәлелдеп берді. Дәл осы тұста аяғын тәй-тәй басқан тәуелсіз Қазақстанға ықпал ететін 20 сын-қатер сарапталып, талданды, мәселені шешу жолдары қарастырылды. Дені сау ұлт, дені сау ұрпақ болашағы үшін Семей ядролық полигоны жабылды. Тиімді мемлекет құру мақсатында қолға алынған «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы 25 басты нәтижемен алдына қойған мақсатын мерзімінен бұрын өтеді. Мұғаліммен амандасады. Отан туралы өз тұжырым, ойларын ортаға салады.

Негізгі бөлім

(15мин)

Он алтыншы желтоқсан Тәуелсіздік алған күн! Ерекше боп мәңгілік, Ел жадында қалған күн! Жасай берсін Ұлы күн, Үміті боп елінің. Ақ күні боп баланың, Шаттығы боп атаның Аласармас аспанымда, Күнмен гүлдеп ел өседі. Қазақстан аспанында. Бостандықтың желі еседі. Әнді алысқа жеткіземіз, Көкке елдің туы ілінді Жылда той қып өткіземіз, Тәуелсіздік ұлы күнді. Маған қымбат ұлы елімнің . Шешек атқан әр гүлі. Аялайды бәрімізді, Азаттықтың таң нұры. Сарыарқаның даласында, Күн шуағын төккен күн.

Елім менің, жерім менің, Баққа қолы жеткен күн. Бостандығым тұңғыш рет, Аққанатын қаққан күн. Әже әлдилеп немересін, Басы айналған бақтан күн. Тәуелсіздік ұлы күнім, Тұрсын жайнап төбемде. Сен, жасай бер мәңгі бақи, Қуанышқа бөлен де. Тәуелсіздік – Бақ туын. Қолға ұстаған сәт бүгін, Болсын дәйім шат күнім. Балабақша серпін нық, Көкке атады бөркін жұрт. Тәуелсіздік –ынтымақ, Тәуелсіздік еркіндік. Қыста келген бақыт бұл, Қыспай берген жақұт нұр. Аппақ қардай пейілін Әлемге елім шашып тұр. Тәуелсіздік – ел болу Ынтымақпен өрге озу. Еркін және өзге елмен, Терезесі тең болу. Өз меншігің Тау, дала Көкке өрле, самға да! Сену, Келу тәубаға!... Желтоқсанның ызғары-ай Кірпікке қатқан мұздар-ай «Елім-ай» деп егілген, Қаһарман ұлдар, қыздар-ай Сұрақ-жауап «Тәуелсіздік ұрпақтары» -Балалар біздің ұлтымыз кім? -Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады? -Қазақстан қандай мемлекет ? -Елбасымыз кім? -Елорда бас қаламыз қай қала? -Ал өзіміз қандай қаланың жанында тұрамыз -Ал Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады? Тәуелсіздік тақырыбында пазл құрастыру Оқушылар тақтада берілген сұрақтарға жауап береді. Тәуелсіздік туралы пазл құрастырып, шыққан суретке байланысты өз ойларын айтады.

Қорытынды (10мин.) Желтоқсан оқиғасы. 27 жыл бұрын Қазақ елі Ресейге бағынышты болды. Елімізде Дінмұхаммет Ахметұлы Қонаев атамыз бірінші секретарь болды. 1986 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы ОК Пленумы өтті, ОК Бірінші хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен босап, орнына осыған дейін Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбин қойылды. Бірақ бұл жолы жергілікті халық оған көнген жоқ. Қарсылықты қазақ жастары бастады Оған Алматыда бір топ жастар қарсы болып,, Қазақ елін қазақ басқару керек деген ұранмен алаңға шыққан Демонстрацияны үкімет қарулы күшпен таратты. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. Тәуелсіздік аңсаған жастар ұлттың намыс құдіретін дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның құрбандары болған Қ. Рысқұлбеков, Л.Асанова,С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаевтардың жүректі үні, ел намысын қорғаған ерліктері мәңгі өшпейді. 1 минут үнсіздікпен еске алу Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа - ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Сау болыңыздар! Слайд –шоу арқылы Желтоқсан оқиғасын көрсету. . Оқушылар тәуелсіздік туралы тақпақтарын айтады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!