Материалдар / Тәуелсіздік деген ұғымды кім қалай түсінеді?

Тәуелсіздік деген ұғымды кім қалай түсінеді?

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп оқушыларына тәуелсіздік туралы түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2021
477
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

Сабақтың мақсаты: оқушылардың туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.

https://youtu.be/zkKCs3Htktk

Мұғалім сөзі:

Тәуелсіздік –халықтың үні, ұлттық тілі мен ділі. Мәңгілік елдің бастауы. Осы бір ауыз сөзге адамзат үшін ең қымбат түсініктер топтастырылған.

-азаматтық,теңдік,бостандық,береке,бірлік, бақыт, тәубешілдік пен ризашылық сынды әдемі де аяулы сезімдер осы сөз арқылы адам жүрегіне ұялайды. Көңілді көркейтіп, жаныңды жадыратады.Талабың асқақтап, мақсатың нақтылана түседі. Бойыңды Отанға деген орасан сүйіспеншілік сезімі билейді.

1991 жылғы 16 желтоқсан Қазақстанның Жоғарғы кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» Заң қабылдаған тарихи күн. «Уақыт-зымыран. Күні кеше өткен оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып үлгерді. Бұл- жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапқа толы, сонымен бір мезгілде, ғаламат сәті. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін» деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Мемлекеттің басшысының «Қазақстанның тәуелсіздігі тағдырдың қазақтарға тартқан сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттігін құруға деген заңды құқығы , бұл даусыз және саяси фактіге ешкім келтірмеуі тиіс» деген сөзінен маңызын терең түсінуге тиіспіз.

Осы жылдар аралығында Тәуелсіз Қазақ елі қалыптасты: шекарасы бекіді, экономикасы өсіп, әскері жасақталды, нарықтың қиын өткелдері мен дәуір сынақтарынан аман өтті, жаһандағы алпауыт мемлекеттерге танылды. Танылып қана қоймай санасатын, сыйласатын биік дәрежеге жетті. Осының барлығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің нәтижесінде мүмкін болды.

Жер бетіндегі әрбір ұлт үшін тәуелсіз ел болу –ұлы арман. Дүние жүзінде 6 мыңға жуық ұлттар мен ұлыстар бар болса, солардың ішінде 200-дей ұлт қана тәуелсіз мемлекет болып табылады. Жерінің аумағы жағынан бүкіл әлемде тоғызыншы, ал халқы саны жағынан шамамен жетпісінші орынды иеленетін Қазақстан- әлемдегі үлкен елдің бірі. Жыл сайынғы Президенттің халыққа арнаған жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталып келеді.

Қазақ халқы- аталы сөзге тоқтаған, барын бардай, жоғын жоқтай айта білген, ұлын нарға, қызын арға балаған, достықты сақтай, дәм-тұзды ақтай білген, басынан сөз асырмаған, пейілі жомарт, сайын даласындай дархан халық емес пе?

140- тан астам ұлттың баласын бауырына басып,, бәрінің басын біріктіруші негізігі ұлт- қазақ халқы өзгеге еқашан өктемдік көрсетпеген.

Қазақ тумысынан еркіндікті сүйетін, кең дала төсінде табиғатпен туыстасып, еркін өмір сүре білген батыр, ержүрек, намысшыл халық. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен хансұлтандар мен батырлар тарихқа өлшеусіз үлес қосқан, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы ретінде күні бүгінге дейін жетті. Бұл-қасиетті шежіре бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік. Найзаның ұшымен, білектің күшімен жерін жерден қорғаған халықтың ұрпағы ретінде бабалар көрген жаугершілікті балалар көрмеуі тиіс. Бейбітшілікті сақтау үшін ішкі және сыртқы жағдайлармен, мемлекетіміздегі ынтымаққа тікелей байланысты.

Ұлттық құндылықтар:

Адам белгілі бір ұлтқа жатуын сезіну үшін бес түрлі шартқа сай болуы тиіс:

  • Ұлтының тілін жақсы білетін;

  • Ұлтының дінін меңгерген;

  • Ұлтының дәстүрін толық бойына сіңірген;

  • Ұлтының тарихын түгендей алатын;

  • Ұлты мекендеген жердің ой-шұңқырын жете танитын.

Осы сипаттар бойынан табылған жанды ғана белгілі бір ұлтқа жатқызуға болады. Аталған ұлттық сипаттаманың сақталуы – тәуелсіздіктің тұрақтылығы. Өйткені, кез келген ұлттың өз тілі сақталса ғана, ұлт болып қалатыны ақиқат.

Ойтолғаныс:

Ел тәуелсіздігі. Елбасы. Ел ертеңі. Осы үш ұғым- бір-біріне етене жақын, бір- бірін толықтыратын өзара сабақтас ұғымдар.

Тәуелсіздік десек, оның бастауында болған, оның негізін қалаған Елбасы ойға келеді.Елбасы десек, қиын қыстау кезеңде елді басқарып, оны бар қиыншылықтан алып шығып, бүгінгі өркенді дамуға жеткізген Елбасы мен ел ертеңі ойға келеді.

Мемлекетіміздің тәуелсіздік тарихы мен осы жолда жеткен толағай табыстары жайлы жазылып та, айтылып та келеді. Бүгінгі жас ұрпақтың міндеті тәуелсіздік туын биік, тұғырын берік ету, ұлттық құндылықтарды сақтап, алған білім мен тәрбиені ел тәуелсіздігіне арнау.

Тәуелсіздік мерекесі ұлтымыздың ұлылығын ұлықтап, ғұмырымызды ғажап еткей. Қазақстандықтардың бірлігі ажырамасын, татулығы арта берсін, елімен етене Елбасы аман болсын!

Тәуелсіздік – ұлы ұғым. Бұл дегенің - жақсы өмір сүруге алған құқығың. Жұмыр жерде өлшеулі өмірді бейбіт елде өткізгенге жететін бақыт бар ма екен?!

Таңертең ұйқыдан оянып, жалғанды жалпағынан басып, біріміз сабаққа, біріміз жұмысқа кетеміз. Үрей атаулыдан аулақ, емін-еркін тірлігімізге кірісеміз. Өзге елдің табалдырығын аттасақ, "Біз - Қазақстан деген тәуелсіз елденбіз" деп мақтанышпен айтамыз. Тәуелсіздік әрбір адамның өмірімен біте қайнасып жатады. Сіздің отырған-тұрғаныңыз, жүріс-тұрысыңыз, ішкен асыңыз уайымсыз өтеді. Біз тек "қайтсек ақша табамыз?" деген секілді тірліктің ұсақ түйткілдеріне бас қатырамыз. Қалғанын баяғыда-ақ батыр бабаларымыз шешіп қойған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп берген. Қазақтың пейіліндей баябан даланың әр пұшпағы үшін шыбын жанын қиған. Бізге Тәуелсіздік әперген. Тәуелсіздікті аманаттап қалдырған... 

Аманат - біздің қолда. Сенің, менің қолымда. Осы жауапкершілікті сезініп, егемен елдің ұрпағы деген атқа лайық болу үшін тырысуымыз керек. Білім алып, еңбек етіп, ел дамуына үлес қосуымыз қажет. Бұл - біздің міндетіміз, бұл - бізге артылған жүк.  Тәуелсіздік жолында құрбан болған әр қазақ қарақан басынан күллі жұртты жоғары қойған. Біз де биік ойлай білуге тиіспіз!  

Бүгін - қуана отырып мұңаятын, мұңая отырып қуанатын ұлы мейрам. 

Тәуелсіздік құтты болсын! Елімізде баянды бақыт, бейбітшілік үстемдік құра берсін!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ