15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!»
Қазақша сценарий: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!»
Cценарий: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні
(Тәуелсіздік деп соғады
жүрегіміз!)
Кештің тақырыбы: «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»
Кештің барысы: «Көк тудың желбірегені»
әні.
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және
қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына
арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік
кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз,
бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің
өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 26 жыл ішінде
тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен
аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең
мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген
тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл
бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше
мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді
ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
1-жүргізуші:
Желтоқсанда, Алматыда ақ қарда,
Алма бақтар ақ қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жақтан
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан
Дауылға желтоқсанның желі айналды,
Ашуға мінді Алатау кәрі айбарлы,
«Күтпеген іс, ақыры не болар?» деп
Күллі әлем Алматыға қарай
қалды.
2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Оқушыларымыздың
Тәуелсіздік күніне арнаған концертік бағдарламасын қабыл
алыңыз.
1-жүргізуші:
Кен байтақ,көз жетпейтін жерім бар
Таулы орман,жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан-елім менің
2-жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің меңгерушісі Сулейманова Меруерт Айдосқызына беріледі.
Келесі құттықтау сөз Сөгеті клубының меңгерушісі Тайжанова Дариға апайға және Сөгеті ауылдық кітапханашысы Қарақұлова Дамира апайға беріледі.
Сөгеті бастауыш
мектебінің көркемөнерпаздарының Тәуелсіздік күніне арнаған ән
шумақтарын қабыл алыңыздар.
Бақтияр:
Намысымның шырағы да –Тәуелсіздік
Сыпқай өмір сынағы да –Тәуелсіздік
Жігіттің ұрпағы да –Тәуелсіздік
Жаңа күннің шуағы да –Тәуелсіздік
Мағжан:
Тәуелсіздік мерекесі-ел мерекесі тасыған
Қазақ деген қайран жұрт бәрін кешті басынан
Естісін ел үніңді,дүние түгел естісін,
Көтер биік тәуелсіздік туыңды.
Диас
Тас еденде жатты қазақ
баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......
Рахатали
Қалсадақайдакөлің, қайдажерің,
Қасқайыпхақжолынантаймапедің.
Айрылып күндіз–күлкі,түнде–ұйқыдан
Күткеніңосыедіғой, қайранелім!
Нұрлыжан
Республика! Ерікті ел – Қазақстан!
Келді ақыры
көпкүткенжазалыстан.
Келді алыстан аңсатып,армандатып,
Торды бұзғанмендебірмәзарыстан.
Меруерт
Өредің
өліссеңде беріспеген,
Ел едің еншісінде бөліспеген.
Зар мұңның
әні
бар ма ,сен айтпаған,
Тағдырдың
зәрі бар ма сен ішпеген?
Нұржас
Бақытым - Республикам
Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан
Аяулым
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімгебейбітөмірсыйлады.
Аңсағансанғасырлықарманболып,
Қолжеткізген шындықжырынжырлады.
Ару
Желдей еркін, түздейкең, таңдайазат.
Мен қазақпындегендеқандайғажап.
Мақтанетсінхалықтархалықтығын,
Жетер сан жыл шеккен малдай азап.
Қыздарымыздың орындауында «Қазақша би»
1-жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз
жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді
десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай,
күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін
үзбеді.
Көрініс: « Желтоқсан
ызғары »
Нұржас:Күнәдән таза басым бар,
21-де жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар.
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты-құрбандық»
Атам десең
атыңдар.
Желтоқсан-заман тоғаға байтақ даланың
Шарпыған сәті үміт пенкүдік қаланың
Желтоқсан-Қайрат,Сәбире Ләззәт
Құрбаны болған жаланың,
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы
Кеткенде жоқ құлдықтан зар басылып
Бұғаудағы боздақтары кете барды,
Бірі атылып,ал бірі дарға асылып.
Ән
орындайтын Саматқызы Ару:«Тәуелсіздік»
2-жүргізуші:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән: «Тәуелсіздік ел ұланы «
1-жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Ән. « Туған жердей жер болмас» Сейсенбек Ұлдана
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Ән: «Қазақстаным»
2-жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі
тәуелсіздігіміздің 22 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады
жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп
жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары,
егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше
сау саламатта болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген