«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!»

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі бүлдіршіндерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!»

(Мектепалды даярлық топтары)

Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.


Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілетін мерекелік ертеңгілікке  балалар залға қолдарына шар ұстап паториоттық әнмен кіреді.



Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,балалар, қонақтар, әріптестер! Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.


Қазақстан Республикасының әнұраны

(Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов)

Жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!


Жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!


Ән: «16 желтоқсан » (Әні: А.Досмағанбетова сөзі: Ж.Балғабекова)


Жүргізуші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің президенті кім?
Балалар: Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: Нұр-Султан.
Жүргізуші: Нур-Султан қандай қала?
Балалар: Нұр –Сұлтан -бас қала, әдемі, үлкен қала.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.


Тақпақтар Отан туралы


Ән: «Салем Қазақстан!» (А.Досмамбетова Ж.Жотаева)


Жүргізуші: Біз бүгін тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз. Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?
Балалар: Туымыздың түсі – көк.
Жүргізуші: Иә, өте жақсы.
–Ал, енді балалар, Рәміздерге байланысты тақпақтарымызды айтайық
(балалардың тақпақтары тыңдалады).


Жүргізуші:
Рәміздерім – елдігімнің  белгісі,
Білу керек бала –дағы ең кіші.
Рәміздерім- ӘНҰРАН, КӨК ТУ, ЕЛТАҢБА,
Рәміздер
ді жатқа білген жөн кісі.


Тәуелсіздік  жолында,
Талай – талай тер тамған.
Билігім  өз  қолымда,
Еркіндігім –
Елтаңбам.



Елтаңбасы  елімнің,
Неткен  әйбат, әдемі!
Тұнығындай  көңілдің,
Ортада- аспан  әлемі.


Құт, береке – шаңырақ,
Орын алған  ол  төрден.
Қанатты  қос  арғымақ,
Екі  жақтан  көмкерген.


Көк  аспандай  көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк  емес  ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.



Тақпақтар Рәміздер туралы

Би: «Жаса Қазақстан»


Жүргізуші 

Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.


Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады,-дей келе бүлдіршіндеріміздің орындауында

Ән: «Салем Қазақстан!» (А.Досмамбетова Ж.Жотаева)


Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі

Ән: «Тәуелсіз ел ұраны!» (А.Досмамбетова Ж.Жотаева)


Жүргізуші

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымызды еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.11.2020
436
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі