«Қостанай қаласы
әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім
бөлімінің
№13 бөбекжай-балабақшасы»
КМҚК
Тәуелсіздік
күні
«Тәуелсіздік деп соғады
жүрегіміз!»
Мектепалды даярлық «Гүлім»
тобы
Музыка жетекшісі:
Амирханова А.Ы.
Тәрбиеші: Миргалиева
А.К.
2020-2021 оқу
жылы
16 желтоқсан – Тәуелсіздік
күні
«Тәуелсіздік деп соғады
жүрегіміз!»
Мектепалды даярлық «Гүлім»
тобы
Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері,
Елбасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп
тақпақ айтуға, ән айту мен би билеу арқылы еліне, Отанына деген
сүйіспеншіліктерін арттыру.
Еліміздің Тәуелсіздігіне орай
өткізілетін мерекелік ертеңгілікке балалар залға қолдарына жалауша
ұстап, патриоттық әнмен кіреді.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, балалар,
қонақтар, әріптестер! Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне
арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты ертеңгілігімізді
бастаймыз.
Қазақстан
Республикасының әнұраны
орындалады.
(Сөзін жазғандар: Жұмекен
Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев;
Әнін жазған: Шәмші
Қалдаяқов)
Жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым
алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы
ағыс.
Егемендік – ел бақыты,
ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын
қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген
шығыстан,
Асыл елім жан-жүректі
ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен
бақытым,
Айналайын, Қазақстан –
Гүлстан!
Кең байтақ, көз жетпейтін
жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау
көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың
жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім
менің!
Карим: Kazakhstan,
our native
land!
We love you very
much.
Sea,
mountains the
steppe:
It is my
Homeland!
Аслан: I was born in
Kazakhstan,
My native land is
big.
I like it very
much
Come
here,
visit
us.
Ән: «16
желтоқсан» (әні: А.Досмағанбетова, сөзі:
Ж.Балғабекова)
Жүргізуші: Балалар, біздің Отанымыз қалай
аталады?
Балалар: Қазақстан.
Жүргізуші: Қазақстан қандай
мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді
мемлекет.
Жүргізуші: Балалар, бүгін қандай
мереке?
Балалар: Тәуелсіздік
күні.
Жүргізуші: Еліміздің елбасы
кім?
Балалар: Қасым-Жомарт Кемелұлы
Тоқаев.
Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай
қала?
Балалар: Нұр-Сұлтан.
Жүргізуші: Нұр-Сұлтан қандай
қала?
Балалар: Нұр-Сұлтан қаласы – бас қала,
әдемі, үлкен қала.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Астана туралы ән шырқайық.
Ән:
«Астана» (әні: А.Досмағанбетова, сөзі:
Ж.Балғабекова)
Жүргізуші: Біз бүгін тәуелсіздік алған
күнімізді атап өтудеміз. Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз
мемлекеттік рәміздері бар. Балалар, мемлекеттік рәміздерді атап
өтіндерші.
Балалар: Әнұран, Елтаңба және
Ту.
Жүргізуші: Өте жақсы. Ал, енді балалар
мемлекеттік рәміздер туралы тақтақтарымызды
айтайық.
Алибек: Рәміздерім – елдігімнің
белгісі,
Білу керек бала-дағы ең
кіші.
Рәміздерім – Әнұран, Елтаңба,
Ту,
Рәміздерді жатқа білген жөн
кісі.
Карим: Елтаңбасы
елімнің
Неткен айбат,
әдемі!
Тынығындай
көңілдің,
Ортада – аспан
әлемі.
Құт, береке –
шанырақ,
Орын алған ол
төрден.
Қанатты қос
арғымақ,
Екі жақтан
көмкерген.
Тәуелсіздік
жолында,
Талай-талай тер
тамған.
Билігім өз
қолымда,
Еркіндігім –
Елтаңбам.
Камила: Көк аспандай
көкпеңбек,
Қазақсатан
жалауы.
Көк емес ол тектен-тек
–
Елдің ашық
қабағы.
Ақ ниеті – алтын
күн,
Асақақ арман –
қыраны.
Жалауы бұл –
халқымның,
Мәртебесі,
мақтаны.
Би «Жаса
Қазақсатан»
Ағзам:
Отан деген – атамекен.
Отан деген туған жер.
Отан – ана,
Отан – үлкен
Қазақстан – туған ел.
Алана:
Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың, бауырың,
Отан – өлкең, астанаң
Отан – аудан ауылың.
Ақнұр:
Ұлан байтақ жері
бар,
Пайдалы қазба кені
бар.
Тәуелсіз ел -
Қазақстан
Көркіне көркі
жарасқан.
Айбек:
Тәуелсіз азат
елім,
Туып өскен – байтақ
жерім.
Мәңгі жайнап тура
бер
Қазақстаным
менің!
Алуа:
Отаным менің -
Қазақстан,
Ыстық қой сенің
топырағын.
Орманын, көлін,
бау-бағын,
Қастерлеген
қазағым.
Адилет:
Отаным менің
Қазақстан
Қарызбын саған
әрқашан
Азаматтық
борышты
Өтеуге мәңгі
талпынам.
Ән «Сәлем
Қазақстан!» (әні: А.Досмағанбетова, сөзі:
Ж.Балғабекова)
Інжу:
Отанды біз
атамекен
Деп аялап
атаймыз,
Өйткені оны мекен
еткен
Бабамыз бен
атамыз.
Алтынай:
Отаным менің
Қазақстан
Атыңнан сенің
айналам
Бас иіп саған
өтемін
Жасай бер жаса
Қазақстан.
Аяна:
Күн шуақты Қазақстан
Саған ғана үн қосқан.
Жүрегімнің дүрсілі
Төгіледі жыр дастан.
Аделина:
Отан – тарих, Отан –
тіл,
Жазған елің, ер
халқың,
Отан – өлең, Отан –
жыр,
Көтерген көкке ел
даңқын.
Аңсар:
Найзаның ұшымен
қорғаған,
Халқым менің мықты
ғой.
Ата-бабам
әрқашан,
Салт - дәстүрін
сақтаған.
Ән «Тәуелсіз ел
ұраны!» (әні: А.Досмағанбетова, сөзі:
Ж.Балғабекова)
Жүргізуші: Қазақ елім! Туды жастық
дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның
жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын,
қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын,
алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры
биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын.
Келесі кездескенше сау саламатта
болыңыздар!