400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік ел - тілегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда ересек топ балаларына арналған ертеңгілік сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мадешова Алуа Архабаевна

«Тілек» бөбекжайы

Қарағанды қаласы


Тәуелсіздік ел – тілегі! /Ересек топқа арналған іс-шара/

Мақсаты:  Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға; ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.

Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу.

Залдың іші мерекеге лайық безендірілген.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болдық. Сендер тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт талмасын деп тілек тілеп ертеңгілігімізді бастаймыз.

Әнұран

Жүргізуші:  

Мен –қазақпын мың өліп, мың тірілген,                                                                                                       

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкіммен күн түрілген.

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім, мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім

Жүргізуші: Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік өлең шумақты қабыл алыңыздар:

Айгерім: 

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн

Нұрасыл: 

Арымыздай тап-таза

Жанымыздай шуақты

Көтерілді биікке

Қазақстан байрағы

Санжар: 

Естісін ел үніңді,                             

Дүние түгел естісін.

Тәуелсіздік туыңды

Биік көтер, жас ұлан!

Ән «Тәуелсіз ел ұраны».

Тәрбиеші: Бұл мемлекеттік рәміздер сияқты біздің еліміздің қасиетті белгілері біздің республикамыздың азаматтары оны біліп, сақтап, құрметтеу керек. Қазір мен сендерге ту туралы аңыз әңгіме айтқым келеді.
(Хан кіреді)
Автор: «Ерте, ерте, ертеде бір хан болыпты. Ол өте ақылды және данышпан болыпты.Оның еліндегі адамдар бейбітшілік пен татулықта өмір сүріпті. Бір күні хан данышпандарды отырысқа шақырыпты».
Хан: (Айдын) патшалығымда адамдар жақсы өмір сүреді.Сол мені қуантады.Енді менің елімнің рәміздерін белгілейтін уақыт келді.
Данышпан:(Сағыныш)Менің ойымша тудың түсі көк болуы керек. Бұл мөлдір судың белгісі. Сусыз тіршілік жоқ.Су болмаса жердің бетін құрғақшылық басады. Аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, сияқты қасиеттерді білдіреді. Аспан бұл көп адамдар тұратын үйдің шатыры сияқты.Ол бәрімізге ортақ.
Хан: Рахмет сендерге, ақсақалдар. Мен сендермен келісемін. Бұл көгілдір түс адам бойындағы әділдік пен адамдықтың белгісі.
(Осы кезде бүркіт ұшып келеді)
Бүркіт:(Аянат) Мен ең күшті, ең ірі дала құсының бірімін. Бүркіттер өздерінің балапандарын қорғайды және биікке ұшып алыстағының бәрін көреді.
Хан: Бүркіт мен сенімен келісемін. Сен халқымның күштілігі мен қырағылығының бір белгісісің, тудың бір белгісі болуға сен лайықтысың.
(Бүркіт ұшып кетеді)
Данышпан:(Нұрым)
Сусыз әлемде өмір жоқ. Ендеше күнсіз де жер бетінде тіршілік жоқ....  

Күн-тіршілік иесі.
(Күн кіреді)-Мерей
Күн:О, данышпан Хан ием, күні бойы жер бетін аралап жүремін, менсіз жер бетінде тіршілік жоқ.Мен байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелеймін.
Хан: О, құдыретті күннің көзі, сен қайда болсаң қуанышта, бақытта сонда. Сенде тудан орын алуға лайықтысың. Ендеше осылай болсын: Көгілдір түстің ортасында күннің көзі жарқырап тұрсын. Күннің ортасында қалықтап, самғап бүркіт ұшсын. Ол-бостандықтың белгісі. Ол-өрнек көп ұлтты халықтың бірлігі мен достығын бейнелесін.
Тәрбиеші:Осылай біздің мемлекетіміздің туы пайда болды.

Батырлар Биі
Асима: 

Зеңгір аспан, көгілдір

Алтын күні төрінде

Тамылжытып, төгіп нұр

Шаттық сыйлар көңілге

Катя: 

Көк байрақтың бетінде

Қыран бүркіт қанатты

Сол қырандай еркіндеп,

Бала өседі талапты

Полина: 

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі

Тұнығындай көңілді, -

Ортада – аспан әлемі.

Малика: 

Құт, береке, шаңырақ,

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.

Ән: Жайнаған елім /Мұрагер тобы/

Би: Жалпы

Жүрг: Еліміз егемендік алып, міне сендер таза ана тілінде сөйлей бастадыңдар. Тіліміз бен дініміз қайта оралды. Еліміздің нағыз ұлт-жанды, елін, Отанын сүйетін нағыз азаматтары сендерсіңдер. Болашақтарың жарқын болатынына сенімім мол. Енді Отанымыз жайында тақпақтар тыңдайық.

Алсу:

Шұғылалы таңымыз,

Қазақ жері – бағымыз

Қайнарынан мөп-мөлдір

Сусындайды жанымыз.

Тамерлан: 

Қазақ жері – сәніміз

Мәуесі мол бағымыз

Саясында жетілер

Балдай бала шағымыз

Арсен:  

Отан деген – атамекен,                          

Отан деген – туған жер.

Отан – ана, Отан – үлкен,

Қазақстан – туған ел.

Ән: Отаным Қазақстан /хор/

Жүрг:  Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойып, білімдеріңді сынағым келіп тұр.

1.Қазақстан Республикасының президенті кім? (Н.Назарбаев)

2.Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)

3.Біз қандай елде тұрамыз?

4. Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?

5. Қандай мемлекеттік рәміздеріміз бар?

Жүрг:  Балалар, еліміз туралы көп мәлімет біледі екенсіңдер. Оларыңа ризамын. Білімді азаматтар болып өсетіндеріңе сенімдімін.

Ойын-жаттығу/флешмоб/

Жүрг: Бүгін, міне, Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз. Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Ән: Сәлем, Қазақстан! /Айдын/



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
439
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі