400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 25 материал табылды

«Тәуелсіздік ел – тілегі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіз еліміздің болашағы – жас ұрпақтар бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жері мен елін, сүюге оны қорғай білуге тәрбиелеу.Мақал-мәтел, тақпақтар арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Тәуелсіздік ел – тілегі»


Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің болашағы – жас ұрпақтар бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жері мен елін, сүюге оны қорғай білуге тәрбиелеу.Мақал-мәтел, тақпақтар арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, Л.Асанова, Қ.Рысқұлбеков суреттері, «Қазақ елі» бейнефильмі.


Т. Біз аспаны ашық, сәулелі,кең,байтақ елде тұрамыз. Ол ел

Б. Қазақстан

Т. Бүгінгі ұйымдастырылған тақырыптық сабағымызды Қазақстан Республикасының әнұранымен бастайық.

Әнұран.

Т. Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің 
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғанына 26 жыл болды. Өз бетімен ешкімге бағынбай өмір сүрген елді тәуелсіз ел деп атайды. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиыншылықты бастан кешірді. Осыдан 26 жыл бұрын Алматы қаласында жастар көтерілісі болды. Қайсар батырларымыз Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков ерлік көрсетті. Осындай жастарымыздың арқасында қазіргі кезде бейбіт тыныш өмір сүріп жатырмыз. Еліміз өркендеп жайнауда. Өз елімізге лайықты Конституция заңдары қабылданды. Конституция заңдарында Отанымызды қорғауға, балабақшаға, мектепке баруға, үлкен оқу орындарында білім алуға құқықтарың бар екені туралы жазылған. Осы мемлекетте тұрғандықтан өз елімізді, жерімізді қадірлеп, қастерлеуіміз керек. Қазіргі таңда Тәуелсіз Қазастанның қандай дамып көркейгенін «Қазақ елі» бейнефильмінен тамашалаймыз.


Т. Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады ?

Б. Ту, елтаңба, әнұран.

Т. Әнұранды орындадық, сөзін, музыкасын жазған кім?

Б. Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов,

сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Т. Тудың түсі қандай? Туда ненің белгісі бар?

Б. Тудың түсі көк, шетінде ою-өрнек, ортасында күн және қыран құс.

Т. Ел таңбамызда ненің бейнесі бар ?

Б. Елтаңба алтын және көгілдір түсті. Әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын білдіреді.

Тұлпар биік арманның қайраттың нышаны. Жұлдыз – жұлдызымыз жарық болсын

дегенді білдіреді.

Т: Біздің «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушілерінің Тәуелсіздік күніне арнаған

Өлең шумақтарын қабыл алыңыздар:

Елдар:

Он алтыншы желтоқсан

Елдің ұлы мейрамы

Жаңа шыққан көктемдей

Жаз күніндей жайдары.

Сумбат:

 Арымыздай  тап-таза

Жанымыздай шуақты

Көтерілді биікке

Қазақстан байрағы.


Иманғалаи:

Жарық болса күніміз

Жарқын шығар үніміз

Елін сүйіп  ержетер

Біз болашақ гүліміз.

Ратмир:

 Моя Родина –Отан,

Край любимый Казахстан

Горы, степи и  поля-

Это вся моя земля.

Шахризад:

 Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

Еділ:

 Мереке бүгін ұлы күн,

Бабалар рухы көксеген.

Азатты елдің ұлымын

Теңескен төбем көкпенен.

Т. Ойын: «Асық ату»

Ендігі кезекті тақпаққа берейік:

Алина:

 Жасай берсін ұлы күн

Үміті боп елінің.

Ақ күн боп баланың

Шаттығы боп шалдардың

Мінсіз:

 Маған қымбат ұлы елімнің

Шешек атқан әр гүлі.

Аялайды бәрімізді

Азаттықтың таң нұры.

Арна:

 Он алтыншы  желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан.

Сымбат:

 Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өрендер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерін мәңгілік  сақтаған.

Дильназ:

 Енді міне біз тәуелсіз  ел болдық

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату-тәтті бірлік болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын

Ранагул:

 Қайраттай қайсар ұлдардың

Жанымен келген еркіндік

Жазира мен Ләззаттың

Арымен келген еркіндік        

Қасыретпен қайғының      

Бәрімен келген еркіндік.

Т. Отан туған жерғ ел туралы мақал-мәтелдер айту.

1. Туған жер – тұғырыңғ

Туған ел – қыдырың.

2. Отан – елдің анасы

Ел – ердің анасы.

3. Елің – панаң,

Жерің – анаң.

Фархат:

 Әнді алысқа жеткіземіз,

Көкке елдің туы ілінді.

Жылда той қып өткіземіз,

Тәуелсіздік ұлы күнді.

Гүлден:

 Тәуелсіздік таңын сүйем

Таңмен бірге келді ме өлең.

Көк туына басымды ием,

Көгімізде желбіреген.

Амирхан:

 Бостандығым тұңғыш рет

Аққанатын қаққан күн

Әже әлдилеп немересін

Басы айналған бақтан күн.

Т. 
Қасиетті Қазақстан мекенім, 
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. 

Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, 
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Ән: «Қазақстаным Отаным».

Орындайтын «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушілері : (Барша бала  шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша) 

Т.  Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 
Туған күнің құтты болсын, алыбым! 
дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған 
«Тәуелсіздік – ел тілегі» атты мерекелік тақырыптық сабағымыз өз мәресіне де келіп жетті. 

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
529
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі