400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік ел- тірегі!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас урпаққа тарбиелик магынасы бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тәуелсіздік - ел тірегі!»

Мақсаты: Балалардың Отанын, Рәміздері, Елбасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерелеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсету арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын елін сүюге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар бүгінгі "Тәуелсіздік –ел тірегі!" атты мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ал, енді бүлдіршіндерімізді шақыруға рұқсат етіңіздер.
(«Қазақстан әуенімен балалар залға кіреді)

Жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимны ойналсын!

Гимн орындалады (слайд)

Жүргізуші: Құрметті балалар біздің отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Олай болса осы жеріміз еліміз отанымыз туралы тақпақтарымызды айтып берейікші.
1.Ата-бабам аңсаған.
Күрес салып шаршаған.
Тәуелсіздік таңы атты,
Бақыттымын мен содан.
2.Қайраттай қайсар ұлдардың,
Жанымен келген еркіндік.
Жазира мен Ләззаттың,
Арымен келген еркіндік.
Қасірет пен қайғының,
Бәрімен келген еркіндік
3.Отан деген – атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан анам, Отан панам,
Қазақстан – туған ел.
4.Байтақ далам- туған жердің
Қымбат маған әр тасы
Өзен көлі, самал, желі
Асқар тауы- баршасы.
5.Қуат алған өзіңнен
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген
Отанымның гүлімін
6.Тәуелсіздік таңын сүйем
Таңмен бірге келді ме өлең
Көк туына басымды ием
Көгімізде желбіреген
7.Әнді алысқа жеткіземіз
Көкке елдің туы ілінді
Жылда тойғып өткіземіз
Тәуелсіздік ұлы күнді
8.Тәуелсіздік таңы атты
Азаттықтың күні атты
Тәуелсіздік алған ел
Егемен қазақ халқы
9.Бізге мұра қалалар,
Бізге мұра дала бар.
Тәуелсіздік тұғырын,
Қадірлейік балалар!
10.Тәуелсіздік таңнан түскен ақ сауле
Тәуелсіздік бақыт сенде бақ сенде
Қарқындайды қариялар қашанда
Жарқылдайды жарық шашып жас кеуде
11.Шаттанса желтоқсанның үні бөлек
Баурайды кім болса да күліп керек
Осынау он екі айдың жол сапары
Тоқтайды тәуелсіздік күніне кеп
Жүргізуші: Қазақ жері - кең байтақ, ұлан - ғайыр дала. Оның табиғаты Алуан түрлі, жері бай. Мұнда жазық дала да, көл де, шөл де, аймақта бар. Әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер, табиғаты көркем қорықтар көптен кездеседі. Ал келесі балалардың орындайтын әсем әні де осы жайында.
Хор: "
Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Біздің балапандарымыз отан туралы мақал-мәтелдерді де жақсы біледі.
1.Туған жердің күні де ыстық,
 түні де ыстық
2.Отан оттанда ыстық
3.Отансыз адам, ормансыз бұлбұл
4.Отан отбасынан басталады
5.Туған жердің күні де ыстық,түні де ыстық
6.Отан оттанда ыстық
7.Отансыздың оты жанбайды
Жүргізуші:Балалар ал енді бәріміз бірге «Елім менің Қазақстан» атты шағын бейне баянды тамашалайық.
Ән: «Қасиетті домбыра» Жайлау Айша
Жүргізуші: Қандай ақылды балалар едіңдер, ал сендер біздің рәміздерімізді білесіңдер ме?
Балалар: Ту, елтаңба, гимн
Жүргізуші: Біздің балаларымыз Рәміздерге байланысты тақпақтар да біледі
1.Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбәт, әдемі!
Тұнығындай көңілдің,
Ортада - аспан әлемі.
2.Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек
Елдің ашық қабағы
3.Ақ ниетті - алтын күн
Асқақ арман – қыраны.
Жалауы бұл – халқымның,
Мәртебесі, мақтанышы
4.Егемендік бұл елімнің елдігі
Егемендік барлық ұлттың теңдігі
Егемендік елін жерін қорғаған
Ербол менен Қайраттардың теңдігі
5.Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
6.Құтты болсын тәуелсіздік мерекеміз
Мықты болсын еліміздің керегесі
Жүректе намыс оты лапылдаған
Күш жігері жастардың сарқылмаған
7.Желтоқсаным тәуелсіздік тірегі
Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі
Есте сақтап ағалардың ерлігін
Жүректерге сақтау керек үнемі
8.Жан ордамның ашып тастап түндігін
Желпінетін серпілетін күн бүгін
Желтоқсаным жасымаған жігерім
Желтоқсаным шырылдаған шындығым
9.Тәуелсіздік  - тілегім,
Тәуелсіздік – тірегім.
Ертеңі деп елімнің,
Дүрсілдейді жүрегім.
Жүргізуші: Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің болашақтары ашық жарқын болсын. Әрқашан күндері сөнбесін, Әрқашан бейбітшілік болсын!
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»
Жүргізуші: Құрметті балалар! Біз бүгін сендермен салтанатты мерекеміз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесін атап өттік. Жаңғырған елдің болашағы мына сендер, ел қорғайтын нағыз азаматтар өздеріңсіңдер. Сендерге зор денсаулық, көңілді шаттық тілей отырып ертеңгілігімізге аяқтаймыз. Келесі сөз кезегін оқу –ісінің меңгерушісі Бапакова Салтанат Мырзахметқызына құттықтау сөзін береміз.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 ақпан
511
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі