жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәуелсіздік-ел тілегі
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған
«Тәуелсіздік ел тілегі» атты ашық тәрбие сағаты
Мақсаты :1. Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.
Көрнекілігі:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының суреті. Жалаушалар
2. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.
Мұғалім сөзі:Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар. Біздің 1 в сыныбы»Тәуелсіздік –ел тілегі ” атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! -Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!!
Мұғалім сөзі:әнұраннан басталады
Ал енді бүгінгі ашық тәрбие сағатын бастамас бұрын жылы көңіл күй сыйлап бірбірімізге қарап жымыйайық .
Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз (Қазақстан)
Біздің президентіміз кім?Қасым –Жомарт Тоқаев
Қазақстанның рәміздері калай аталады? (ту,елтаңба,әнұран)
Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң.Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі.
Ендеше біздің балаларымыз «Отан» туралы тақпақтарын айтып берсін.
1.Ерасыл: Отаным менің Қазақстан
Қарызбын саған әрқашан,
Азаматтық борышты
Өтеуге мәңгі талпынам.
2.Нұрасыл: Отаным менің Қазақстан,
Мәңгілік сенімен мақтанам.
Саяңда жүрсем әрдайым ,
Күлімдеп жүрем әрқашан.
3.Батырхан: Отаным менің Қазақстан,
Атыңнан сенің айналдым.
Бас иіп саған өтемін,
Жасай бер жаса Қазақстан.
4.Арман: Кең жазық Отан мекенім,
Сен де өсіп көктедім.
Сені қорғау парызым
Мұны біліп өтемін
хор: Отан деген Атамекен
Отан деген туған жер
Отан ана- Отан ыстық
Қазақстан туған ел
Мұғалім сөзі:
Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар.Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.Бұл күн — Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.желтоқсан оқиғасынан үзінді видео
— Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.
Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мухамеджанова, Ләззат Ол қыршын жасын қиды.
Тәрбиеші сөзі:Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
Балалардың Отан туралы жаттаған мақал мәтел дерің тыңдайық
1.Отан елдің анасы
2.Отан алтын бесік
3.Отан оттанда ыстық
4.Отансыз адам ормансыз бұлбұл
5. Еліңді сүйсең ерлік жасайсың
-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын тыңдайық. (балалар тақпақтарын айтады)
Тақпақтар
1. Қайсар:Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік
Жазира мен ляззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік
2.Әнел:Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
3.Батырхан:Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерін мәңгілік сақталады.
4.Даниял:Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
5.Асылхан:Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні — бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні — бұл.
6.Аймара:Елдігімнің – реңі,
Тендігімнің – тірегі
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі.
Алтын заңым – арай таным!
7.Нұрсәт:Әділеттің ұраны,
Ақиқаттың шырағы.
Тыныштықтың туы боп,
Зор салтанат құрады.
8.Нұрасыл:Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату – тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
9.Мирас:Енді міне біз тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық
10.Ерасыл:Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлділі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл — күні!
11.Мерей: Жасасын азат ерік күн,
Жасасын бейбіт елмен жер.
Бостандық алған қазақтың,
Мәртебесін көрсін ел.
12.Жасмин: Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеде ел қуанып ,
Шаттанып ән салған күн.
13.Аяулы Аялап ару ананы
Өсірген еркін баланы
Бесігін бөлеп тербеткен
Отаным Қазақстаным !
14.Арлан: Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен тек
Елдің ашық қабағы.
Жүрсем егер дүние кезіп.
Мұғалім: Ал құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен, ән ұранымызбен бүгінгі ашық тәрбие сағатын аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін!
Жамбыл орта мектебі
Тәуелсіздік-ел тілегі
Какенова А.С
1 в сынып
2019-2020 оқу жылы
Сараптама
Тақырыбы.Тәуелсіздік-ел тілегі
Мақсаты;Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Бұл тәрбие сағаты әнұраннан басталды.Сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар тәуелсіздік туралы тақпақтарын айтады.Мақал мател айтады. Қөрініс көрсетеді.\Қайраттың түрмедегі сөз\.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген