400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Тәуелсіздік ел-тірегі»

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге қосымша мәлімет үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік ел-тілегі»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру.Өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарасты калыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін дамыту.

Тәрбие сағатының әдісі: әңгімелесу, пікірлесу.

Көрнекілігі: сюжетті суреттер.

Тәрбие сағатының барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Негізгі бөлім

3. Желтоқсан көтерілісі жайлы мәліметтер.

4. Желтоқсан құрбандарының өмірбаянына шолу.

5.Ән: «Алға, Қазақстан»

6. Қорытынды.
Тәрбиеші: Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Тәуелсіздік –ел тілегі» атты тәрбие сагатын болашақ жастарға аманат 
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз екенін айтқым келіп тұр. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. 
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.


Оқушылар Желтоқсан көтерілісі жайлы мәліметтер


Интербелсенді тақтадан «Желтоқсан желі» әнінің бейнебаянын көрсету. Бейнебаян төңірегінде әңгіме өрбіру.

Оқушылар мәнерлеп өлең оқиды.

1-оқушы: Тұрса да биік өр басын,  
Қазаққа бақыт орнасын. 
Сексен алтыншы жылғыдай, 
Желтоқсан желі болмасын!

2-оқушы: Армандарды жақындатып тым алыс,  
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. 
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш! 
3-оқушы:
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,  
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан. 
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! 




4-оқушы: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің  
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің 
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің 

5-оқушы: Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма 
Туған тілім шұбарланба жарқыра 
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана 
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Желтоқсан құрбандарының өмірбаянына шолу жасалады.


Ән: «Көк тудың желбірегені»

Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Қорытынды:

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұтқасы- бізге аманат» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне де келіп жетті. 

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 
Туған күнің құтты болсын, алыбым! 


Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
337
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі