Тәуелсіздік-ел тірегі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік-ел тірегі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тәуелсіздік-ел тірег" атты мерекелік кеш 3-сыныпқа арналып жасалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған мектеп-гимназиясы

Бастауыш сынып мұғалімі:Маясарова Рабиға Муханбетовна

Тақырыбы: «Тәуелсіздік- ел тірегі»

Сабақ мақсаты: оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: ҚР 1991-2017 жылға дейінгі тарихынан үзінділер бейнеленген слайдтар, үн қағаздар буклеттер, карта, фотосуреттер, үнтаспа. Тәрбие сағатының түрі: танымдық сағаты .

1.Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу. (Ту, елтаңба, әнұран)

Ой қозғау.

- Қазақстан туралы не білеміз? Сен кімсің? Қандай жақсы тілектер айта аласың?, - сұрақтар аясында ой қозғау.

Балалардың ықтимал жауаптары:

- Мен Қазақстанда тұрамын.

- Мен Қазақстан Республикасының азаматымын.

- Мен өз елімде білім алып жатырмын.

- Мен еліммен мақтанамын.

- Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.

- Мен өскенде елімді қорғаймын.

- Елім үшін қызмет етемін.

- Елімізде соғыс болмасын.

- Бейбітшілік болсын.

- Қазақстан - тәуелсіз ел.

- Мен қазақпын.

- Әрқашан аспанымыз ашық болсын!

- Мен елімнің бай болғанын қалаймын.

- Бәріміз жақсы білім алайық!

Мұғалім: Өте жақсы!

Блиц – турнир

- Балалар ,мына дискілер не үшін тұрғанын білесіңдер ме?

- Бұл жай диск емес, сиқырлы деуге болады.

- Ендеше, әр топ басшылары келіп дискінің артындағы сұрақтарды оқып, жауабын бір сөзбен айтсаңдар, бұл диск сендерге өзінің әкелген бейне жазбасын сендерге ұсынады. Ол бейне жазбада бұл сұрақтың жауабын кеңірек таратып айтып береді.

1-сұрақ.

-Тәуелсіздікті қай жылы алдық ? 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз республика деп жарияланды. (бейне жазба)

2-сұрақ.

-Қазақстан Республикасының жері туралы не білеміз ? Балалардың жауабы (вейне жазба көрсету)

Картамен жұмыс.

Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, олар Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан. Елімізде 135 ұлт өкілі тұрады. Қазақстан 14 облыс, 85 ірі қалалар бар. Ел ордасы-Астана қаласы.

3-сұрақ.

Біздің еліміздің байлығы туралы не білеміз ?

Біздің Қазақстан Республикасы өте бай мемлекет. Бізде алтын, темір, мырыш ,күміс, көмір, мақта, газ, мұнай пайдалы қазбалар бар. (бейне жазба көрсету)

Слайдтан президенттің суретін шығады.

- ҚР-ның президенті кім?

Топпен жұмыс

Ту тобы: Мозайка құрау. Тудың суреті шығады, туды сипаттап айтады.

Елтаңба тобы: Постер құрау.

Әнұран тобы: оқиға картасын жасау.

Қорғау

Ту тобы мозайкаларындағы тудың суретін сипаттап айтады. Тақпақтарын орындайды.

Көк аспандай көкпеңбек Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек

- Елдің ашық қабығы.

Ақ ниеті – алтын күн,

Асқақ арман-қыраны.

Жалауы бұл-халқымның,

Мәртебесі, мақтаны.

Оқушы: Желбірейді шалықтап Қазақстан жалауы Көкке қыран қалықтап, Қанат қағып барады.

Елтаңба тобы постерін қорғап, тақпақтарын айтады.

Елтаңбасы елімнің Неткен әйбәт, әдемі!

Тұнығындай көңілдің Ортада-аспан әлемі.

Құт, береке, шаңырақ, Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ.

Екі жақтан көмкеркен.



Тәуелсіздік жолында Талай-талай тер тамған... Билігім өз қолымда, Еркіндігім-Елтаңбам.

Әнұран тобы оқиға карталарын қорғап, тақпақтарын айтады.

Әнұраным-жанұраным,

Айтар әнім-сөйлер сөзім.

Туған жерім-сағынарым

- Мың қайталап айтам мұны.

«Жылдар сөйлейді» кино лента жасау .

«Туған ел» суреті

Оқушы: Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер. Мерейің құтты болсын Қазақстан!

Ғасырлар тойы болшы келе берер!

Оқушы: Мерекең құтты болсын егемен ел, Терезең барлық елмен тең ерен ел. Бабалар мәңгі бақи арман еткен, Теңдікті,бостандықты иеленгендер.

Оқушы: Жаралдық молшылықтан толы ағыстан Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан Ғасырдың биігіне шықтың ту боп, Көркейген елім менің – Қазақстан!

Оқушы: Мен қазақпын, ұланымын қазақтың Тәуелсізбін, егеменмін азатпын Көк байрағым тұр көгімде желбіреп Алатаудай көкке өрлеген азатпен . Мұғалімнің құттықтау сөзі: Құрметті оқушылар, ұстаздар! Мен сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін! Балалар сендер сабақтарыңды жақсы оқып, жақсы білім алыңдар. Біздің ертеңгі болашағымыз сендерсіңдер, сондықтан да, сендер білімді болуларың керек!

Рефлексия.

- Не білдік, не істедік?

- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Ендеше, бәріміз Ақ көгершін әнін орындайық.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.05.2024
254
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі