жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Тәуелсіздік-ел тірегі"
Тақырыбы: «Тәуелсіз – елім жасасын!»
Мақсаты:Балаларға біздің Республика күні жөнінде түсінік беру. Ол неге аталып өтіледі? Оның қандай рәміздері бар? Ол бізге неге ыстық?
Балалардың патриоттық және адамгершілік сезімін ояту, «Отан" туралы түсініктерін кеңейту.Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.Туған жерін сүюге, қадірлеуге үйрету.
Көрнекілігі: Қазақстан картасы, суреттер, слайдтар, интерактивті тақта.Тақтада тақырып пен Желтоқсан құрбандарының суреттер.Олардың астында гүл шоқтары.
Блингвалдық компонент: Менің Қазақстаным-Мой Казахстан, Отан-Родина.
Келген қонақтармен амандасу
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал,кәнекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге,
Сәлеметсіздер ме апайлар!
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, барлығы бірге қосылып айтады.
Біз Қазақтың баласы
Дені сау салауатты
Біз-ұлттың болашағы
Білімді де сауатты
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі 16-желтоқсан Еліміздің Тәуелсіздік күніне арналған тақырыптық сабағымызды бастаймыз. Барлығыңызды мерекеңізбен құттықтаймын! Кішкене бөбектеріміз сіздерді қуанта берсін! Еліміз тыныш, дендеріміз сау, аспанымыз ашық болсын!
Бұл мереке салтанатты болғандықтан еліміздің әнұранымен ашуға рұқсат етіңіздер!
Әнұран айту. (Барлығы орындарынан тұрып жүректеріне оң қолдарын қояды)
Балалар біздің ұлтымыз кім?
Қазақ
Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады?
Қазақстан Республикасы.
Қазақстан қандай мемлекет ?
Егеменді,тәуелсіз мемлекет.
Елбасымыз кім?
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Елорда бас қаламыз қай қала?
Астана қаласы.
Ал өзіміз қай қалада тұрамыз?
Көкшетау қаласында.
Ал Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
Татар,өзбек,корей,шешен,қырғыз,орыс т.б
Олармен біз қалай тұрамыз?
Тату тұрамыз.
Ал бүгінгі өткізіп жатқан сабағымыз қандай мерекеге арналып жатыр?.
Қазақстанның тәуелсіздік алған күніне
Дұрыс балалар өте жақсы жауаптар бердіңдер. 16 желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік алған күні. Ол күнді біздер ерекше қуанышпен тойлаймыз. Ал тәуелсіздік деген сөзді қалай түсінесіңдер? (Балалар жауаптары)
Балалар Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіздік мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Оған миллиондаған адамдарын құрбандыққа шала отырып қол жеткізеді. Қазақстан тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін көру үшін тарихқа көз жүгіртейік.
Слайд –шоу арқылы Желтоқсан оқиғасын көрсету.
27 жыл бұрын Қазақ елі Ресейге бағынышты болды. Бірақ бұл жолы жергілікті халық оған көнген жоқ. Қарсылықты қазақ жастары бастады. Оған Алматыда бір топ жастар қарсы болып, Қазақ елін қазақ басқару керек деген ұранмен алаңға шыққан. Демонстрацияны үкімет қарулы күшпен таратты. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды.
Тәуелсіздік аңсаған жастар ұлттың намыс құдіретін дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның құрбандары болған Қ. Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаевтардың жүректі үні, ел намысын қорғаған ерліктері мәңгі өшпейді.
1 минут үнсіздікпен еске алу
Осыдан 5 жыл өткесін 1991 жылы 16 желтоқсан күні -
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. 1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Міне балалар бұл біздің қысқа ғана тарихымыз. Жоғары сыныптарға барған сайын елімізді өткені туралы әлі де көп біліп,үйренесіңдер.
Ал енді айтыңдаршы Егемендігіміздің белгісі нелер?
Рәміздеріміз. Ту ,Елтаңба,Әнұран.
Ерасыл Тудың түсі көгілдір. Ортасында күн. Күннің астында қыран құс. Оң жағында қазақтың ою-өрнегі. Мемлекеттік тудың авторы--- Шәкен Ниязбеков.
Гүлсара Елтаңбаның ортасында шаңырақ. Екі жағында тұлпар,жоғарғы жағында жұлдыз,астында «Қазақстан» деп жазылған. Елтаңбаның авторы- Жандарбек Мәлібеков. Шота Уалиханов
Ендеше Өзіміз жаттаған тақпақтарымызды айтайық.
Ерасыл: Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі
Мықты болсын елімнің керегесі
Тату тәтті боп халқымыз әрқашан
Кетпесін туған жердің берекесі
Тамирлан:
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалын жұрт
Бәрін кешті басынан
С.Әділ
Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік
Жазира мен Ляззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік
Ән: «16 желтоқсан»
Балалар бәріміз бірігіп Отан туралы тақпағымызды айтайық
Отан деген-атамекен,
Отан деген-туған жер.
Отан-ана, Отан-үлкен,
Қазақстан-туған ел
Ойын «Киіз үй»
Дөңгелене тұрамыз
Керегені құрамыз
Уықтар боп иіліп
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді тігеміз
Еліміздің аспаны ашық болсын!
Жерімізде гүлдер көп болсын! (Гүлді шашу)
Ал балалар гүлден шашу шаштық енді осы гүлдерді бір бірден алып Отанымыз туралы мақал айтайық.(Әр бала өз мақалдарын айтады)
Гүлсара «Отансыз адам – Ормансыз бұлбұл»
Нураби «Ел іші алтын бесік»
Алихан «Опасызда Отан жоқ»
Бернұр «Туған жердің қадірін? Шетте жүрсең білесің»
Ерасыл «Отанды сүю- отбасынан басталады.»
Анель «Отаның берік болса, жауың алмайды.»
Жангир «Туған жердің ауасы да шипа»
С.Әділ «Ер жігіт ел үшін туады, Ел үшін өледі»
Хормен: Жақсыдан үйренейік
Жаманнан жиренейік
Еліміздің ең ақылды,
ең білімді, ең бақытты азаматы болайық
Балалар жарайсыңдар! Өздерің Отандарыңды қалай сүйетіндеріңді дәлелдеп бердіңдер! Осылай еліміз,жеріміз гүлдеп ,жайнай берсін!
Осымен біздің тақырыптық сабағымыз аяқталды
№6 «Нұрай» балабақшасы
Тақырыбы: «Тәуелсіз – елім жасасын!»
№5 «Наурыз» тобы
Тәрбиеші: КурмангожинаК.К.
Көкшетау қаласы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген