400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік-ел тірегі! 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік күніне орай жасалған тәрбие сағатының жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым»

Күні

10.12.2024

Класс жетекші:

Беркинова Аида Сабитовна

Класс: 9 «Б»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Апта дәйексөзі

Бірлік болмай тірлік болмас

Сабақтың мақсаты:

Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, елжандылыққа, ұлтын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу

Құндылықтарды дарыту

Патриоттық құндылық

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

нақыл сөзбен жазылған плакаттар, жалауша, шарлар, жеке суреттер, бейнеролик.

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы

Бекітілді ___________



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Республика! Ерікті ел – Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып, армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
Мен – айғақпын, ұстамын, ертегіге.
Мен басымды иемін бүгінге, ертеңіме.

«Ой ашар» кезеңі: Тәуелсіздік дегеніміз

не?



Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.


















Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын: 9-сынып оқушысы





– Тәуелсіздік!

Компьютер


















Сабақ басы (13 мин)












Т – Тәуелсіз елде тұрағым, Тәуелсіздік жыр әнім

Ә – Әспеттеп салт пен әдетті, боламыз бала әдепті

У – Уәдеге берікболамыз, досқа серік боламыз

Е – Елім деп мен жар салам, еліммен мақтанам

Л – Лайым болсын ел аман, несібесі мол заман.

С – Сенімін елдің ақтаймыз, жақсы істер жасаймыз.

І – Ізгілік нұрын шашатын, жасасын Қазақстаным!

З – Зейінге бәрін тоқимыз, сабақты «5»-ке оқимыз

Д - Даламыздай кең пейілді, мақтан тұтам елімді

І - Ізетті бала боламыз, үлкеннің тілін аламыз.

К - Келешекке нық басқан, біз бақытты балдырған!

Қандай сөз шықты балалар?




Оқушыларға «Тәуелсіздік»жетістіктері туралы бейнематериал көрсетіледі





-Тәуелсіздік







бейнежазба












Ортасы (20 мин)


«Поэзия минуты»

1. Егемендік – иесімін  деген сөз,
Көптен бері естілмеген ерен сөз.
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған,
Көркем жігіт болып осы келген кез.

2. «Тәуелсіздік» - ел болғанның белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші,
«Тәуелсіздік» деген сөзден естілер,
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

3.Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Тәуелсіздік – ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!


Биыл қазақстандықтардың саны 20 миллионға жетті. 14 қарашада елімізде халық саны 20 миллионға жетті. Деректер базасының мәліметіне сүйенсек, 14 қараша таңғы сағат 8:10-да дүниеге келген 5 сәби еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Нәрестелер Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында туған.


15 қарашада Ұлттық теңгеміз 31 жасқа толды. 1993 жылдың 12 қарашасында Ұлттық валюта жайлы Заң қабылданды. Ал 15 қарашадан бастап сауда-саттық құралы ретінде нарыққа енді.


“Ұлттық қор – балаларға” жобасы аясында 2024 жылдан бастап балаларға ақша бөлінетін болды. Жобаға 18 жасқа толмаған қазақстандықтар қатыса алады. Қатысушылар ақшаны үй сатып алуға немесе білім алуға жұмсауына болады. Мемлекет шетелде оқуға да рұқсат беріп отыр.




-Оқушылар тақпақтарын айтады











Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.





жалаушалар

Соңы






Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған, ақ найзаның ұшымен елді жаудан қорғаған батыр аталарымыз бен желтоқсан оқиғасының құрбандарына айналған қыршын кеткен жастарды құрметтеп, осы отырғандардан 1 минут үнсіз орындарынан тұру сұралады.



Ән: «Желтоқсан желі»










Музыка қосылады











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
8 желтоқсан
245
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі