"Тәуелсіздік-елімнің еркіндігі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тәуелсіздік-елімнің еркіндігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Тәуелсіздік-елімнің еркіндігі.


Жүргізуші: Құрметті әріптестер,балалар бүгін еліміздің сан мыңдағанжылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Тәуелсіздік-елімнің еркіндігі» атты тақырыптық ашық-оқу қызметін назарларыңызға ұсынамыз.

Әнұраным-жан ұраным,

Айтар әнім-сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Мәңгі бақи шырқалады

дей отыра Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалсын.


Гимн.


Бейбіт таңдар арайланып атады,

Туған жерді аймалады шапағы.

Байтақ ел- Қазақстан,

Ең бақытты балалардың Отаны!

Міне, Егеменді ел болдық. Қазақ жерінде Тәуелсіз жас Қазақстан мемлекеті көк туын желбіретіп өзінің тарихи таңдауын жасады. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз. Осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған.

Жүргізуші: Балалар, Тәуелсіздікті ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған. Тәуелсіздік оңайшылықпен келген жоқ. 1986 жылы Алматы қаласында өткен Желтоқсан оқиғасында өрімдей жастар азаттық үшін күресті. Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өрендер ақталады.

Ел намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік сақталады.

Желтоқсан байтақ даламның,

Шарпыған сәті үміт пен күдік даланың

Желтоқсан Қайрат, Ләззат, Сәбира, Ерболдардың

Құрбан болды барлығы жаланың.

Желтоқсан оқиғасының батырларын 1минут үнсіздікпен еске алайық.


Балалар ҚР-ның Мемлекеттік рәміздерін атайықшы

Ту,Елтаңба,Гимн

Балалардың тақпағы:

Ади, Т.Фатима, Нуриман, Е. Сезім, Гүлжазира.


Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат ,әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі. (Ади)


16-шы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан.
(Т. Фатима)


Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолыма

Менің Қазақстаным! (Нуриман)

Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің
Таратады хас үлгі
Киесіңдей елімнің.
(Е. Сезім)

Әнұраны елімнің ,

Шақырады бірлікке

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте. (Гүлжазира)


Ән: «Тәуелсіз елдің ұланы»

Би: «Жігіттер биі»


Балалардың тақпағы:
Гауһар, К.Сезім, Б. Фатима, Айгерім, Жасмина, Найля.

Тәуелсіздік-бақыты ғой елімнің
Тәуелсіздік шаттығы ғой жерімнің
Арманына жету үшін күрескен
Тарихта шежіре боп қалған күн.
(Гауһар)

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі
Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан
Кетпесін туған жердің берекесі.
(К.Сезім)

Жүректе намыс оты лапылдаған
Күш-жігері жастардың сарқылмаған
Отан үшін олар шығып алаңға
Қарсы ағып өзендей тасқындаған.
(Б. Фатима)


Жасасын азат, ерлік күн

Жасасын бейбіт ел мен жер

Бостандық алған қазақтың

Мәртебесін көрсін ел! (Айгерім)

Тәуелсіздік таңы атты,

Барлық әлем жаңарды,

Осы тұрған халыққа

Бейбітшілік орнады. (Жасмина)

Тәуелсіздің еліміз

Мәңгі жасар жеріміз

Тәуелсіздік жасаған

Аға-әпкелеріміз. (Найля)


Би: «Қазағымсың» қыздар биі.

Ойын: «Шаңырақ»


Құрметті қонақтар, балалар Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

Көк туымыз желбіреп ,Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын. Тәуелсіз Қазақстан жасасын.


Әуенмен балалар шығып кетеді.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2019
415
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі