400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бибіхан Сыздықова,

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

47 М.В.Ломоносов атындағы орта мектеп.





Тақырыбы: Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы.

Мақсаты: Ел тарихы туралы оқушылардың тарихи – танымдық білімдерін жинақтап, одан әрі арттыру. Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыта отырып, дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру. Туған халқына, Отанына, Ооның тарихи тағдырына деген құрмет сезімдерін қалыптастыру. Қазақстандық ұлтжандылық пен отаншылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Тарихи танымдық ойын.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, сайыс, баяндау, ойтолғау.

Көрнекілік құралдары: Интерактивті тақта, белгілер.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сарапшыларды бекіту

2.Топ жетекшілерінің таныстыруы

3.Топ аттары «Ғылым», «Білім»

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Туған жері-түп қазығы, айбыны,

Туған тілі- мәңгі өнеге айдыны,


Жан байлығы, салт-дәстүрі- тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы.

Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген- жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу- әрбір ұрпақтың азаматтық борышы. «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» тақырыбы аясында өтетін тарихи-танымдық ойынын бастаймыз.



Жоспары

1«Білімді мынды жығады»-топ жетекшілерінің сайысы

2 Бұл кім?(тұлғаларды тану)

3 Шешен болсаң сөйлеп көр

4 Ғажайып терезе (ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береді)

5 Еркін ой толғау

6 Қорытынды


1 Білімді мыңды жығады

1 топ

1 Мемлекеттік рәміздерді ата? Елтаңба, әнұран, ту.

2 Еліміздің ғарышкерлері кімдер? Т.Әубәкіров,Т.Мұсабаев

3 Қазақстан қай жылы БҰҰға мүше болды? 1992ж 2 наурыз

4 Ел басымыз Н Ә Назарбаев Қазақстанды қай жылдан бастап басқарып келеді? 1989ж

5 Қазақстанның ең биік шыңын ата? Хан Тәңірі

6 Қазақ хандығын кімдер құрды? Керей,Жәнібек

7 Абылайдың бала кезіндегі аты? Сабалақ

8 Қазақтың соңғы ханы? Кеңесары

9 Қазақстан туының авторы? Ш.Ниязбеков

10 Мемлекеттік туда бейнеленген еркіндікті білдіретін құс? Бүркіт


2 топ


1 1941ж Түркістан легионында болған кезде Берлинде қайтыс болған тарихи тұлғаны ата?М Шоқай

2 Ғарыш айлағы? Байқоңыр

3 Қазақстан рәміздері қай жылы қабылданды?1992ж 4 маусым

4 Астана қаласындағы Бәйтеректің биіктігі қанша метр?97м

5 Астана қаласының бұрынғы атауы? Ақмола

6 Абылайдын шын есімі? Әбілмансұр

7 Конститутциясы қашан қабылданды?1995ж 30 тамыз

8 Мемлекеттік Әнұран авторлары? Ж.Нәжімеденов,Н.Назарбаев,Ш.Қалдаяқов.

9 Елтаңба авторлары? Шотаман Уәлиханов,Ж.Мәлібеков

10 Йасы қаласының қазіргі атауы? Түркістан


2 Бұл кім?


1 Шығыс Түркістанда Орта Азияны зерттеген ойшыл,кемеңгер ғалым.Батыс Сібір генерал- губернаторлығы жанында төтенше тапсырмалар орындайтын офицер қызметін атқарып жүрген және

1856ж Ыстық көлдің топографиялық суретін түсірген тарихи тұлға кім? Ш Уалиханов

2. Аса көрнекті саяси,қоғам және мемлекет қайраткері.ХХ ғасыр басындағы еліміздің тәуелсіздігімен бостандығы жолындағы күрескерлердің ірі өкілі. Кеңес үкіметінің қудалауы нәтижесінде Туркия, Грузия, Франция жерлерінде эмиграцияда болған тарихи тұлғаны атаңыз?

Қосымша көмек: 1917 жылы құрылған Түркістан автономиясының Мұхаметжан Тынышбаевтан кейінгі президееті болған. Режиссер Сатыбалды Нарымбетов түсірген фильмінің басты кейіпкері. 2008 жылы кинотеатрларда тұсауы кесілген фильмдегі тариғи тұлға?

Жауабы: Мұстафа Шоқай.

3. « Бақ-дәулет,барша игілік адамның өз қолымен жасалады»,- дейді. Бізді еңбекқорлыққа,ұмтылыс пен ізденіске шақырған:«Өз Отаның бұл дүниедегі жәннатың мен шуағың.Сондықтан білімдерің мен қайрат-жігерлеріңді өз елдеріңнің мүддесіне жұмсаңдар»,-деген сөздердің авторын атаңыз?

Қосымша көмек: Еңбек жолын Теміртау қаласында бастаған, «Ғасырлар тоғысында» деген және басқа да еңбектердің авторы.

Жауабы: Н.Ә.Назарбаев.

4.Қазақтың заңғар жазушысы,ғалым,қоғам қайраткері.Қазақ әдебиетінің жаңа саласы-Абайтанудың негізін қалаушы.Көптеген мақалалары,зерттеулері фольклордың теориясы мен тарихына, қазақ ауыз әдебиетінің мәселелеріне,қазақ әдебиетінің тарихына,Орта Азия мен Қазақстан халқының өзара байлынысы мен бір-бірін байытуы проблемаларына арналды.Бұл қандай жазушы?

Жауабы:М.Әуезов


3 «Шешен болсаң сөйлеп көр» (топ мүшелері тапсырманы рөлге еніп ойнап береді)

  1. тапсырма

Бала би қартайған шағында халқын жинап:

-Жерден ауыр не?

Судан терең не?

Оттан ыстық не?

  1. тапсырма

Ноғайлының ханы Жәнібек халықты жинап:

-Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады. Соны кім табады?


4 Ғажайып терезе

Логика әлемі:

10. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? 5 бала

20. Дүниедегі ең жүйрік не? Күннің сәулесі

30. Адам ұрпағы 25 жасында дүниеге келетін болса,3-ұрпағы орта есеппен қанша жыл шамасында дүниеге келеді?Оны кім деп атайды?

Есеп: 25+25+25=75

Жауабы: Үшінші ұрпағы 75 жасында дүниеге келеді және оны шөбере деп атайды.


Тарих тағлымдары:

10. Тұңғыш қазақ ғарышкері Т Әубәкіров қай жылы ұшты?1992ж 2 қазан


20. Орынбор ҚР-ның қай жылдары Астанасы болды?1920-1924ж

30 Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған ел? Түркия


5 Еркін ой толғау

1 Өткеніне көз жүгіртіңіз

2 Бүгініне баға беріңіз


Жеңген топ марапатталады


6. Қорытынды

Мұғалім сөзі:XXI ғасырдың азаматтары енді ел тағдыры сендердің қолдарыңда,осыны ұғынып,қастерлеп,ақтай біліңдер.Осындай азат елдің білікті,білімді,жігерлі,зиялы азаматы болыңдар.

Хормен:

Қаймықпаған қиындықтың жүгінен,

Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен.

Бүгінгі ұрпақ-бақытты ұрпақ атынан,

Құттықтаймыз Тәуелсіздік күнімен!















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
713
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі