Сабақтың
тақырыбы: «Тәуелсіздік –елімнің
ерлік жолы»
Сабақтың
мақсаты: Оқушыларды Отанын
сүюге,еліміздің
рәміздерін
қастерлеуге баули отырып,туған
жеріне деген сүйіспеншілігін
ояту.
Елін,жерін,тілін,тарихын
құрметтейтін жаны таза,адамгершілігі мол
азаматты қалыптастыру.
Желтоқсан оқиғасын негізге ала
отырып,патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың
көрнекілігі:
ҚР рәміздері,суреттер,шарлар,қанатты сөздер,
«Алматы 1986 Желтоқсан»
кітаптары, «Тәуелсіздік
шежіресі».
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастырукезеңі.
2. ҚР Мемлекеттік Әнұраны
орындалады.
3. «Тәуелсіздік
шежіресі»
Мұғалім:-«Өткен күннен алыс
жоқ,келер күннен жақын жоқ»деген.Міне көзді ашып жұмғанша, Қазақ
халқы тәуелсіздіктің 26 жылдығын
тойламақпыз.
Қай халық,қандай ұлт болмасын
өз еркіндігін аңсайды. Әр ел
өзінің
егемен,тәуелсіз болуын
армандайды. Халқымыздың жылдар бойы аңсаған
ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде
тәуелсіздігімізге қол жеткіздік.
Бүгінгі
тәуелсіздік күніне орай өткізгелі
отырған «Тәуелсіздік –елімнің
ерлік жолы»
атты тәрбие сағатына қош
келдіңіздер!
Сынып оқушыларын топқа
бөлу Азаттық . Теңдік.
Тәуелсіздік.
Осы сөздердің мағанасын қалай
түсінесіндер(әр топ өз ойларын
айтады)
Ата –бабаларымыз армандап
өткен Азаттық . Теңдік.
Тәуелсіздік.жолындағы тарих беттеріне үңіліп
көрейік.
Электронды оқулық «Ата-бабам
тарихы менің тарихым»
тыңдалым.
Тәуелсіз ел
болып,егемендігімізді ту етіп
желбіреткелі 26
жыл болыпты. Осы уақыттың
ішінде елімізді танытып,еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар
болды. Мемлекетіміздің
тәуелсіздік алғалы жеткен
жетістіктері ғасырға пара-пар. Осы өткен
жолдарымызға қарасақ,әр жылдың өз
шежіресі,сыры,тарихы,қасиеті бар.
Ендеше оқушыларға кезек
берейік:
Бегімай: Сонау дүбірлі батырлар
заманынан бері ел мен жер үшін қаншама қан
төгілді,қаншама адам құрбан
болды.
Арсен: Абылай заманы-батырлар заманы. Найзаның
ұшымен,қылыштың жүзімен қасық қаны қалғанша ел
мен жер үшін айқасқан бабалар аманатын
жалғастырған боздақтар қаншама.
Балжан:Ақтаңдық жылдарындағы қазақ деп қабырғасы
қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы
құрбандар еді.
Дильназ: Намысқой,ержүректік
қасиетті биік ұстайтын қазақ
халқы
Ұлы Отан соғысы жылдарында да
аянбай шайқасты.
Аружан: 1986 жылдың 16
желтоқсаны. Қазақтың санасын сілкіндірген
желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің көзі
болды.
Бәрі: Бұл күн –
халқымыздың қуанып,болашақ ұрпақтың ұрандап еске сақтар
күні.
Мұғалім: - Бүгінде Қазақстан көк байрағы көкке
желбіреген,қазына байлығын пайдалана
білген,ұрпақтарына ұлттық тәлім-тәрбие берген
егемен ел. Аз уақыт ішінде басқаларға өз
басымдылығын көрсете білген,экономикасы,мәдениеті
өркендеген азиялық айбынды
мемлекетке
айналды.
«Болашақ барысы»
деген айдарлы елдің бірі болуға белді
бекем
байлап,әлем кеністігіне бойлай еніп,басым беделге бет
түзеуде. -
Тәуелсіз ел- қандай
ел? (Постер
құрады.Оқушылардың жауабы
тыңдалады.)
Ән:
«Қазақстан»
- Туған елім
–Қазақстан! (эссе) Топта оқып
талдап,
«Ыстық орындықта» отырып
оқиды.
-Ия, балалар,біздің туған
жеріміз алтын бесігіміз – Қазақстан кеңбайтақ. Кеңбайтақ
Отанымыздың бір шетінен екінші
шетіне жету үшін құс қанаты
талады екен. Біз үшін Отанның шеті де,шегі де
жоқ.
Отан деген не,кім қалай
түсінеді?
Досжан: Көп аузынан
түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға,түс кейпін,
Достым білгің келе
ме?
Наз: Отан дейміз от жаққан
жерімізді,
Отан дейміз өсірген
елімізді.
Отан дейміз туған
жер,атамекен,
Биік
тау,орман,тоғай,көлімізді.
Бексұлтан: Отан жерім,Отан суым,
Отан-қуат,нәр
береді.
Отан-ұран,Отан-туым,
Отан мәңгі
гүлденеді.
Бақыт:Сүйемін мен
Отанымды,
Гүл жайнаған
жерімді.
Сүйемін мен
ата-анамды,
Мені өсірген
елімді.
Ернұр: Отан деген –
атамекен,
Отан деген- туған жер.
Отан –ана,Отан – пана,
Қазақстан –туған ел.
Перизат: Ата,әжем,әкем,анам-
Төртеуі де «Отан»
маған
Төртеуі де «Ботам»
дейді
«Ер азамат атан!» дейді
Мақтанамын Отаныммен,
Отаныма «Ботамын» мен.
Ұлжан: Тәуелсіздік – бұл егеменді еліміздің ең
биік тұғыры. Бұл
тәуелсіздік жолында қанша ғасырды бастан
кешірдік. Туған жерімізде еркіндік
орнату үшін бар жанымызды салып,болашаққа үлкен
үмітпен қарадық.
Ән: «Біз өмірдің
гүліміз»
Қортынды: -
Міне ,балалар,бүгін өздеріңді Тәуелсіз
еліміздің
болашағы екендеріңді,яғни,нағыз азамат
екендіктеріңді көрсете
білдіңдер.
Жолдарың ашық,жарқын болсын,Тәуелсіз елдің
азаматтары!