400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Тәуелсіздік елімнің тірегі»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тәуелсіздік елімнің тірегі»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тәуелсіздік елімнің тірегі»

Мақсаты:

Білімділік: балаларды Қазақстан Республикасының рәміздері елтаңба, ту, гимн жайлы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Туған жерін сүюге,қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнеклік құралдар: рәміздер, тақырыпқа байланысты суреттер.

Әдіс- тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Қостілділік компонент: Рәміздер –символы, Ту-флаг,елтаңба-герб,Отан-Родина,Тәуелсіздік-независимость.



Туды міне алтын күн

Қазақ енді жыламас!

Өз алдына халқымның

Тіккен туы құламас!

Гимн орындалады.

-Құрметті қонақтар ,балалар алдымызда үлкен мереке.Қазақстан Республикасы егеменді,тәуелсіз ел .Биыл тәуелсіз, егеменді ел болғанымызға 25 жыл. Осы үлкен мерекемен сіздерді шың жүректен құттықтаймын. Әрқашанда аспанымыз ашық болсын, еліміз,жеріміз тыныш, көк туымыз желбірей берсін. Бейбітшілікте, тыныштықта бақытты өмір сүрейік!

-Тәуелсіздік жолында Қ.Рысқұлбеков,Л.Асанова,Е.Сапатаева сияқты қазақ жастары құрбан болды.Осы құрбандардың рухы үшін 1 минут үнсіздік жариялаймын.



-Біздің мемлекетіміз қалай аталады?

-Бас қаламыз қай қала?

-Елбасымыз кім?

-Қ.Р.қандай мемлекеттік рәміздері бар?

-Тудың аворы кім?

-еліміздің туының түсі қандай?

-Тудың бетінде ненің суреті бейнеленген?

-Ортасында алтын күн орналасқан,әрқашан жайнап, жарқырай берсін деп.Күн астында қыран-еркіндіктің,тәуелсіздіктің белгісі,биікке самғайды.

Туымыз ұлттық оюмен өрнектелген.



-Елтаңбаның авторлары кімдер? Шота Уалиханов

-Елтаңбада шанырақ,қос пырақ ат бар. Ат –адамның қанаты, Шанырақ –үлкен ортақ үй деген түсінік.

-Сендер қалай олайсыңдар,Елтаңбаны қайдан көруге болады?

-Қазақстан Республикасының шекарасында,маңызды құжаттарда,теңгемізде бейнеленген.



-Гимнің сөзің жазғандар кімдер, әнің жазған кім? ( Ш.Қалдаяқов.әнін жазған Н.Ә.Назарбаев)

-Гимн –салтанатты ән. Оны үлкен жағдайларда орындайды .Гимн орындаған кезде міндетті түрде орнымыздан тұрып,оң қолымызды жүректің тұсына қоямыз.

- Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев. Біз осындай тыныш,тәуелсіз заманда өмір сүріп жүргеніміз осы елбасымыздың арқасында.

Осы тәуелсіздігіміз туралы тақпақтарымызды айтайық.

Аңсар: Көгінде күн нұрын токкен

Жерінде гүл жұпар сепкен

Неткен сұлу,неткен көркем

Осы менің туған өлкем.



Адия: Қазақ жері сәніміз

Мәуесі мол бағымыз

Саясында жетілер

Балдай тәтті шағымыз.



Айша: Отан біздің анамыз

Әлпештеген өсірген

Өмір нәрін аламыз

Оның жұпар төсінен.





Айым: Бір шаңырақта табысқан

Дос бауыр көп туысқан

Отан ортақ үйіміз

Көңіл ән мен күйіміз.



Алдияр: Отанды жас кәріміз

Туған жер деп сүйеміз

Өйткені онда бәрімізде

Туып өмір сүреміз.





Аңсар: Отанды әркім анасындай

Қастерлейді бағалап

Өйткені Отан баласындай

Бізді өсірер аялап.





Сергітус сәті: Тәуелсіз елдің тірегі (қолдарын жоғары көтереді)

Біз боламыз жүрегі (қолдарын жүректеріне қояды)

Артқа қадам баспаймыз.

Тек алға,алға бастаймыз.

Қыран құстай қалықтап,

Болашаққа самғаймыз.

-Елордамыз –Астана

- Отанымыздың жүрегі,астанасы-Астана қаласы. Астанамыз жас қала,әрі бас қала.Астанамыз жылдан жылға көркейіп,әсемденіп келеді. Әрқашанда Қазақстан жеріміз,еліміз гүлдене берсін.

-Отан дегеніміз не?

-Отан дегеніміз, адамның туып өскен жері,халқы.

-біз қандай ұлтпыз?

-қандай тілде сөйлейміз?

-Қазақстан жерінде көп ұлттар тұрады, барлығымыз тату-тәтті өміт сүріп жатырмыз.



Отан туралы мақал-мәтелдерімізді айтайық.

Айнур: Отан –елдің анасы

Ел ердің анасы.



Әлфараби: Ел іші-береке

Көп ісі мереке.



Айша:туған Елдей ел болмас

Туған жердей жер болмас.

Ән: «



-Тәрбиеші: Тәуелсіздік-тірлігімнің айғағы

Татулығым-бірлігімнің айғағы

Сөгілмесе еліміздің іргесі

Әлде де бар ұрпағымның арманы,

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарлама,жарқыра.

Тарихымда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата-баба рухына



-Туған жерді гүлдендірер ұл-қызы міне сендерсіндер.Ол үшін терең әрі жан-жақты білімді болу міндеттерің. «Туған жер-алтын бесік»-демекші,балалар бүгінгі сабақта айтылғандарды өнеге етіп,елді, жерді сүюді,қадірлеуді өмірлік мақсат етейік! Еліміздің рәміздерін қадірлеп,бағалап,биікке көтеріп жүруіміз керек. Солар арқылы біз өзіміздің Қазақстан Республикасы екендігімізді таныта аламыз.















































№1 «Арман» балабақшасы

















«Тәуелсіздік елімнің тірегі»

Ойын- сауық кеші

№11,№14 мектепалды даярлық тобы



















Өткізген: Канапина З С

Нысанова С Т

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
711
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі