Тәуелсіздік эссе

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік тақырыбында эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік бәрінен қымбат...

«Мен жанбасам лапылдап,

Сен жанбасаң лапылдап.

Біз жанбасақ лапылдап,

Аспан қалай ашылмақ..?» [1]

Өмірге келгендегі мақсатымыз не? Мені осы мәселе жиі ойландырады..? Он сегіз мың ғаламда күніне қаншама ұлттар мен ұлыс-тайпалар пайда болып, жойылып жатыр. Өз басымнан өткеріп көрсем, жан шошырлық дүние. Менің ойымша, еркіндіктің екі түрі бар. Бірі – адамның рухани еркіндігі, екіншісі – ұлттық бостандық. Екеуі екі қолымның он саусағындай біріне-бірі тікелей сыңар ұғым. Адам дүниеге келісімен өзінің ұлтының, тілінің, дінінің, салт-дәстүрінің түп тамырына шегеленіп келеді. Жеке бастың мүддесінен бұрын, ел тағдыры бізді терең толғантуы керек. Ол дегені найза, қылышты алып көшеге шығу емес. Біз ең алдымен мойындауға тиіс құндылық: «Біздің қаруымыз – білім». Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мына сөзін тілге тиек етсем: «...Басқадан кем болмас үшін, біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» [2]– депті. Бұл жүз жыл алдын айтылған аталы сөз. Қазақтың зиялылары өмір сүрген уақыт. «Зия» деген ұғымның өзі «Жарық» мағынасын берсе, «Зиялы адам» дегеніміз өзі кемелденген, өзгеге пайдасы тиетін адам дегенге келіп саяды.

Қазақ халқын оятуға күш салған Алаш арысы Міржақып Дулатұлы «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел — қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туашығына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.» [3]-дейді.Біз тарихты қайтара алмаймыз. Бабаларымыз тарихта біз ұялатын жол салған жоқ. Демек, бізден кейінгі ұрпақ бізді қай жетістігімізбен еске алады? Ең ауыр сұрақ, ең ауыр аманат осы? Сөз басындағы өмірге келгендегі мақсатымызды дәл осы жерде Қазақ елін біліммен, мәдениетпен, өнермен, кәсіппен дүние жүзіне үлгі боларлық жағдайға жеткізумен айқындасақ болады. Ел маған не береді деп емес, мен еліме не беремін дей білім алсақ, ас ішу үшін емес, өмір сүру үшін ас ішсек әлем алдындағы, болашақ ұрпақ алдындағы мәртебеміз өсе бермек...

Түйгенім, біз бодан болған жетпіс жыл, ағартушыларымыздың азапты өлімі, сексен алтыда жастай құрбан болған қыршындарымыз, ат үстінде күн көрген бабаларымыздың күресін құр айтып қана қоймай, тағылым алғанымыз жөн. Сонымен қоса әр атқан таңымызда ертеңгі күнге сеніммен оянып, көк туымыздың желбіреп тұрғанын көру, алпауыт елдерде спорттық жарыстарды қарапайым қазақ баласының әнұранымызды өз тілімізде айтып тұрғанын көру, елдегі қазіргі жағдйға қарамастан білім алып жүргенімізге, осы мамыражай күнімізге шүкір етемін. Шүкір етпеуге болмайды! Осының бәрі тәубе етерлік Тәуелсіздігіміздің арқасында... Тәуелсіздік – ел тірегі, елдігімнің – шамшырағы.Осы еркіндігімізді ешқандай дүниенің байлығына теңгермеймін. Себебі тәуелсіздік маған бәрінен қымбат...



Пайдаланылған дерек көздері:

[1]- Назым Хикмет

[2]- Ахмет Байтұрсынұлы

[3]-Міржақып Дулатұлы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2024
330
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі