Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Тәуелсіздік ғасырлар күресінің жемісі»танымдық шара
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
О.Тұрмағанбетұлы атындағы жаңаөзен мұнай және газ колледжі.
Бекітемін
Тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары Искакова Р.Д
________ 02.12.2016ж
Тақырыбы: «Тәуелсіздік ғасырлар күресінің жемісі»танымдық шара
Оқытушы:Дузбаева.Ж.
Гилманова.Г
Өткізілетін топ: 3АТП-14Б
1КИПиА-16Б
Жаңаөзен-2016ж
Тақырыбы: «Тәуелсіздік ғасырлар күресінің жемісі»
Тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік: Білім алушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіну.
Отан-Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Тәрбиелік
1.Жүру барысы
1-жүргізуші:
Армысыздар, халқым менің!
Ардақта дәстүріңді салтыңды елім.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбек жемісінің бәрін жегін
2-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, бүгінгі кешіміздің қонақтары және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы.Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға - бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.
1-жүргізуші:
Әр дәуірдің еркіне сай
Нарқы өзгерген алтынның.
Айналайын, алтын әнім,
Жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын
Шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді,Ел болсақ деп талпындың- жырлағандай, кеңес тарихында жаңа тараудың бетін ашты. Егемендікке бастаған көтеріліс – Желтоқсан көтерілісі», - деп ақынымыз Мұхтар Шаханов айтқандай. бүкіл Кеңестер Одағын елең еткізген, күш қолданып басуға мәжбүр еткен көтеріліс екендігінде дау болмаса керек.
Сондықтан 16 желтоқсанның қасыретті күн екендігін жадымызда сақтап Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы талпыныстардың ақталған күні екендігін есте сақтаумыз қажет. «Тәуелсіздік ғасырлар күресінің жемісі» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
2-жүргізуші: Бүгінгі кешімізді ашып, жүрекжарды лебізін білдіру үшін сөз колледж директоры Таңат Максимұлына беріледі.
1-жүргізуші:
Екі жарым ғасыр бойы бостандықтың бұғауынан босай алмаған қазақ халқы бұл күнге жету үшін талай қиындықтарды бастан өткерді. Бүгінгі Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады.
Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады. Желтоқсан құрбандарын 1 минут еске алайық
1-жүргізуші: Бейне ролик
“Желтоқсан көтерілісі” – ол қазақ халқының тарихында болған. Осы оқиғаның ақиқаты әлі күнге жөнді ашылмай келе жатқан сыңайлы.Желтоқсан оқиғасының “дүркіреп” өткеніне 30 жыл толып отыр. Әйтсе де сол бір ызғарлы үш күн әлі де көкейден кетер емес.
Кей кезде еске түсе қалса жүрекке шаншудай қадалады. Бұл атышулы оқиға қазақ халқының басына каншама қасірет әкелді. Соның ішінде талай ұл-қыздарымыздың қаны судай ақты.Қаншама жас қыршын кетіп осыншасы жазықсыз жұмыстан немесе оқудан қуылды.
Бүгіндері Желтоқсан көтерілісі жайында әркім әртүрлі ескеліктер айтады. Алайда М.С.Горбачевтің сұлу сөздеріне сеніп жүрген адал да аңғал қазақ жастары бейбіт шеруге шығып, беймәлім, ортақол жетекші Г.В.Колбиннің Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайлауына келіспеушілік білдірді.
Сөйтіп, олар “Орталықтың дәстүрлі әміршіл іс-әрекеттері мен қайта құрудың жарияланып жатқан демократиялық принциптері арасындағы айқын қайшылықтың” бетін тұңғыш рет айқара ашып, Мәскеудің екіжүзділігіне, Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тай салмай қарсы шықты. Қазақстандағы 1986 жылғы қазақ халқы жастарының серпілісі азаттық қозғалысы шежіресіндегі ең бір жарқын белес болып табылады.
«Желтоқсан көтерілісі – ғасырлар бойы жиналған ашу-ыза жарылысы. Яғни біздің халқымыздың тіл мүддесі, рух мүддесі – осының бәрінің қосындысы ашу-ыза тудырғаны шындық. Қазақ халқы орыстардың қол астында бола отырып азаттық пен тәуелсіздікті аңсау кезінде әр түрлі деңгейдегі 300-ден астам ұлт-азаттық көтерілісін өткізді.
Соның қорытындылаушысы, егемендікке бастаған көтеріліс – Желтоқсан көтерілісі», - деді ақиық ақынымыз Мұхтар Шаханов. Демек бұл әншейін ауыз толтырып айтуға қана жарайтын оқиға емес, бұл шын мәніндегі елді, бүкіл Кеңестер Одағын елең еткізген, күш қолданып басуға мәжбүр еткен көтеріліс екендігінде дау болмаса керек.
Қазіргі таңда 16-17 желтоқсанды тәуелсіздік мейрамы етіп жариялады. Сол себепті де әрі арманға қол жеткізген күн деп шаттық ретінде атап өтіп, екінші жағынан Желтоқсан құрбандарына да тағзым ете жүруіміз керек. Біздің арымыз да, намысымыз да, мақтанышымыз да – Желтоқсан.
1991жылы қазақ ұлты өз тәуелсіздігін қолына алып тәуелсіз мемлекет атанды. Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз. Тәуелсіздік үшін халқымыз 325рет көтеріліске шықты. Ол көтерілістер 1916 жылғы ұлы дүрбелеңге ұласты.1986жылғы көтерілістер желтоқсан қозғалысымен тарихқа енді.
Желтоқсан тағдырларға азалы күн,
Қайраған намыстарын мазалы мұң.
Қыршынынан қиылған боздақтары
Қалар мәңгі есінде Қазағымның.
2-студент
Желтоқсан – қайсар ерлік, қуатты күн,
Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.
Тәуелсіздік билігі қолға қонған-
Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.
3-студент
Желтоқсан – жадымызда жаралы күн
Жастарым жапа шеккен жаралы мұң
Еркіндік, егемендік, елдігімді
Емірене аңсады саналы ұғым.
4-студент
Тарихым жатыр тасымда,
Тіл қатып келер ғасырға.
Азаттық деген ұғымның
Желтоқсан тұрар басында!
5-студент
Тәуелсіздік – тірегім алмас үнді,
Тәтті үміті халқымның сан ғасыры
Көк байрақты, кемеңгер кемел ойлы
Келбетіңнен көремін жалғасымды
6-студент
Отаным – Қазақстан туған жерім,
Мұнай және газ болады асыл кенім
Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан
Артамыз елбасына үлкен сенім.
1-жүргізуші: Хор: «Желтоқсан желі»
2-жүргізуші:Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, азаматтық жолында құрбан талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені түседі «Өткенсіз болашақ жоқ» дейді.Ендеше «Қайраттың тұтқындалуы» тақырыбындағы көрнісімізді тамашалаңыздар.
1-жүргізуші: Қазағымның тәуелсіздік арманы,
Ол көрмеген қиындығы қалмады
Бүгін міне егеменді ел болып
Есте болар тәуелсіздік алғаны- дей келе, «Тәуелсіздік толғау» өлеңін қабыл алыңыздар.Шеркешбаева Тұрсынайды ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші:Келесі кезекте қос ішегінен күй тамған, бармағынан бал тамған күйшілеріміздің орындауындағы домбыра сазын қарсы алыңыз.
1-жүргізуші: Колледж ішінде көптеген ақындық сайыстарда орын алып жүрген Мұрат Нағашыбаев «Тәуелсіздікке арнау», монологын қабыл алыңыз.,
2-жүргізуші: Шынболаттың шындық термесі жырын қабыл алыңыз.
Құрманғазының күйі «Адай», орындайтын Жолдас Қуаныш
1-жүргізуші: «Көк тудың желбірегені» әні
2-жүргізуші:
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың мақсаты: Желтоқсан құрбандарына да тағзым ете жүруіміз керек. Біздің арымыз да, намысымыз да, мақтанышымыз да – Желтоқсан. Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді.
Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет.Осымен құрметті қонақтар естиярлар тобының дайындаған «Тәуелсіздік ғасырлар күресінің жемісі » атты тәрбие сағатымыз аяқталды.