Материалдар / Тәуелсіздік және Астана.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздік және Астана.

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2018
1376
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:Тәуелсіздік және Астана.
Мақсаты:
Астана туралы мағлұмат беру, Елордамыз Астананың көрікті орындарымен таныстыру; отансүйгіштікке, Отанын қадірлеуге үйрету; ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу. 
Көрнекіліктер:
Астана суреттері,слайдтар, кітаптар көрмесі т.б. 
Барысы:
Кіріспе
1- жүргізуші
Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі біздің тәрбие сағатының тақырыбы – «
Тәуелсіздік және Астана». Астана қаласы Қазақстанның жаһандық брендіне айналып, дүниежүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда. Астана – Тәуелсіздік перзенті, Астана- жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі. 
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Елбасымыз Қазақстанды бүкіл әлемге танытты. Басқа мемлекет сияқты біздің де Астанамыздың бар екенін, керемет екенін таныта білді. Әнұранымыз бүкіл әлемде шырқалды. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұран шырқалсын.

Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол киелі орын, "босаға" деген мағыналарға ие.

2. Астана қаласының бұрынғы атаулары туралы не білеміз?

- 1862 ж Ақмола қала мәртебесін алды.
- 1962 ж қалаға Целинаград атауы берілді.
- 1998 ж 6 мамыр жаңа елорданың атауы Астана болып өзгерілді.

3. Елордасы Ақмоланың атын не үшін өзгертті?

- Себебі, "мола" қазақ ұғымында зират, өлген адамның мүрдесі деген мағынаны беретін болса, екіншіден шетелдіктер оны сөзбе–сөз аударып, қала болашағына қорқынышты тұжырымдар жасап жатты. Сондықтан, бас қалаға елді елең еткізер есім қатты қажет еді. Астананың атауына байланысты Елбасы: "Шынын айтқанда, астананың атауын ауыстыру ұдайы ойымнан шықпай, үнемі іздеумен болдым. Сөйтіп жүргенде, бір жолы түнде дәлірек айтсам, сағат түнгі екіде Астана деген атау ойыма сап етіп, көкейіме қона кеткені Астана дегеніміз – астана қазақша әдемі естіледі"
Әдеби монтаж «Астана тарихы»
2 – жүргізуші
 
Астана – еліміздің бас қаласы. Әр елдің баласы өз Отаны, туған жері туралы біліп, оны көркейтіп, қадірлей білу керек. Біз – осы елдің болашақ патриоттарымыз. Үлкендеріміз жасап берген жолды алдағы уақытта жалғастырушылар – біз. Ендеше Астана туралы, бүгін жырлап, әңгімелеп, мақтан етейік! 
1 – жүргізуші
 
Елбасы 1992 жылы Қазақстанның Президенттігіне сайланғаннан кейін сол жылы Ақмолаға келді. Есілде көлденең тартылған ескі көпірдің ортасында тұрып өзенге қарайды. Елбасына қашанда қаланың ортасынан ағып жататын өзен ұнайтын. Өзен қалаға ерекше көрік береді, мәртебесін көтереді. Елімізде көпдеген қалалар өзеннің бойында орналасқан. 
2 – жүргізуші 
«Өзіндік ортада туған, бәсекеге қабілетті тұлға алдымен өз халқының тілін, тарихын мәдениетін білу керек» деген Н.Назарбаев 
1 – оқушы 
Астана халқымыз ғасырлар бойы армандаған Тәуелсіздіктің рәмізі және қуатты факторы болады. «Астана – жаңа Қазақстанның қуаты және оның көпұлтты халқын біріктірудің қайнар бұлағы» деген Н.Назарбаев 
2 – оқушы 
Ақмола орталық Қазақстанның Солтүстігінде, Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Ғұн тілінде «ақ» - «батыс», «мол» «қамал» деген мағына береді. Демек «Ақмола» сөзі «Батыс қамалы» болып
аударылады. 
3 – оқушы 
ХІ ғасырда осы қаланың орнында ең алғаш Бозок қамалы сауда байланысы дамып, ортағасырларда қала мәртебесіне ие болды. 
4 – оқушы 
1830 жылы Қараөткелдің бойында Ақмола бекінісінің негізі қаланып, 1832 жылы бекініс пайдалануға берілді. Есіл өзенінің таяз жерін Қараөткел деп атаған. 1830 жылы Астана Есіл өзенінің жағасында қазақ – орыс әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады. 
5 – оқушы 
1954 жылы басталған тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты Қазақстанның солтүстігінде 6 облысы тың өлкесіне жатқызылды да, 1961 жылы Ақмола қаласы Целиноград қаласы болып өзгертілді. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы Ақмола атауы қайта қалпына келтірілді. 
6 – оқушы 
1994 жылы 6 шілдеде жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасы астанасын Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру туралы шешім қабылдады. 1995 жылы 20 қыркүйекте тәуелсіз Қазақстанның президенті Н.Назарбаев жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылданды. 
7 – оқушы 
1997 жылы 20 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды. 1997 жылы 10 желтоқсанда президент Н.Назарбаев ұсынысы бойынша Қазақстанның астанасы ресми түрде Алматыдан Ақмолаға көшірілді. Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының Жаңа астанасы болды. Бұл шешім көптеген себептерге, ең алдымен экономикалық және геосаяси сипатқа байланысты болды.
 
8 – оқушы 
Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз «Елдің бас қаласы» дегенді білдіреді. «Астана» сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол «киелі орын», «босаға» деген мағыналарға ие.
 
1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласына Астана қаласы деген атау берілді. 1998 жылдың 10 маусымында Қазақстан Республикасының жас астанасының тұсау кесер тойы болды. Биыл 6 шілдеде Астананың
20 жылдық мерейтойы тойланады.

Ән: Астана
9 – оқушы 
Қаланың сәулеттік бітімін әзірлеуде президент Н.Назарбаевтың қалаға Еуразиялық келбет беру туралы идеясы назарға алынды. Құрылыста Еуразиялық технологиялар қолданылды. Жергілікті фирмалармен бірге түрік, италия, француз, швейцар компаниялары қатысты. Құрылыстың жедел қарқынмен және халықтың қолдау көрсетуі 6 – 7 жыл ішінде Қазақстанның даласында қазіргі заманғы қайталанбас келбет және модернизацияланған қала салуға мүмкіндік берді. 
10 – оқушы 
1999 жылы ЮНЕСКО – ның шешімі бойынша Астана қаласына «Әлем қаласы» деген атақ берілді және «Бейбітшілік қаласы» деп аталды. Астана – ХХІ ғасыр қаласы. Жаңа Астана тағдыры жас ұрпақ тағдырымен, жастардың үмітімен тығыз байланысты. 
11 – оқушы 
Қаланың ортасынан ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы қалың қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналды. Осының бәрі Н.Назарбаевтың еңбегі. 
12-оқушы
Қазақстан халқы 1 желтоқсан күні еліміз үшін елеулі оқиға –Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. 2011 жылы ел Парламенті 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Себебі тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз.
13-оқушы
Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ,1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы – Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы еді. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан халқына берген антын тұтастай және толық орындағанын көрсетті. Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі сол күні-ақ Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертті. Еліміз бүгінде бүкіл әлемге танымал жаңа атқа ие болды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 1991 жылғы 16 желтоқсан күні қабылданды. Осы заң негізінде еліміз өзінің Тәуелсіздігін жария етті. Осы заңның 1-тарауында: «Қазақстан Республикасы – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет. деп көрсетілді.
14-оқушы
Расында да Қазақстанды қазірде әлем мойындайды. Найзаның ұшы, білектің күшімен ата-бабадан қалған елімізді бүгінде 21 жылға жуық басқарған Н.Ә.Назарбаев Қазақ елінің туын көкке көтеріп, әлем танымастай етіп өзгертті. Елімізде алғаш рет тойланғалы отырған бұл мерекенің тарихы маңызы орасан зор екені айдан анық. Ендеше Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей бергей!
1 – жүргізуші 
Астана тәуелсіз еліміздің рәмізіне айналуы. Елорданы әсем Алматыдан Астанаға көшіргенде баршаның көңілінде күдік ұялаған. Ал қазір қарыштап дамып, күннен күнге гүлденіп келе жатқан ару Астанамызды көріп қуанамыз. Астананың 15 жылдық мерейтойына бүкіл қазақ елі атсалысты. 
2 – жүргізуші 
10 жылдық мерейтой қарсаңында Елордамыз Астананың жаңа рәміздері қабылданды. Елорданың таңбасы сыртқы және ішкі сақина түрінде шеңберленіп келеді,бір – бірімен астасып жатқан қос сақина шаңырақ пен құсқанаты оюы бейнеленді де ол «Бәйтерекке» айналды. Таңбаның сыртқы сақинасы қызыл ішкі шеңбер еліміздің тәуелсіздігін бейнелейтін көк түсті. Елорданың туының ортасында жаңа таңба бейнеленген. Таңбада тараған күн сәулесі әлемге жарық шашып тұрғандай. 
15-оқушы:
Жаңарып ай,жылдарым, 
Жаңарып күн, 
Жаңғырып есімдері сан алыптың
Күн шуақты Астана бой көтерді, 
Белгісіндей 
Бейне бір даналықтың 
2 – жүргізуші 
Қыздардың орындауындағы әсем биді назарларыңызға ұсынамыз. 
Би қазақ қыздары
16-оқушы:
Астанам - бағы биік асқарымсың, 
Астанам – мәнгі жарық аспанымсың,
Астанам пейіш қалам,ел арманы, 
Астанам – қайда жүрсем мақтанышым. 
17-оқушы: 
Астанам шапағаттың шуағындай, 
Астанам махабаттың тұрағындай, 
Астанам – періштелер мекенісің 
Астанам махабаттың тұрағындай. 
1 – жүргізуші 
Кешімізді «Астана келбеті» атты
бейнероликпен жалғастырамыз 
18-оқушы:
Астана атың қандай нақ та әсем, 
Аңызақтан айналыпсың баққа сен
Таң ұзаққа таңдайымда түнеткен 
Жырларымды айтарымсың жатқа сен!
Астанаға арналған өлең шумақтары
19-оқушы: 
Сән берген Сарыарқадай гүл өңірге 
Жайнаған Отанымның жүрегінде. 
Астанам - бақ ошағым,түп қазығым,
Айналған бар қазақтың тірегіне.
20
-оқушы:
Ғұмыр ойы күресіп қайран бабам, 
Осы күнді аңсаған, армандаған.
Сарыарқаның төсінде бой көтерді. 
Қазақтың Астанасы – арман қалам!
21-оқушы: 
Арманның асқарындай Астанамыз, 
Елорда, алтын орда бас қаламыз. 
Жыл сайын жеткен жеңіс, асқан асу, 
Ерен ерлік үлгісі – дастан аңыз. 
22-оқушы:
Сананы түйіткілдерден тазартайық, 
Айтпаған шындық сөзді тартар айып
Авторы сәулетшісі Астананың – 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев!

Қорытынды:

Хор «Атамекен» 
2-жүргізуші: құрметті ұстаздар мен оқушылар! Біздің «Тәуелсіздік және Астана» тақырыбындағы тәрбие сағатымыз аяқталды.

Назарларыңызға рахмет.

































1) Балаларға еліміздің бас қаласы Астана туралы мәлімет беру.
2) Астана туралы деректермен білімін дамыту.
3) Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Елжанды азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Астананың көрікті жерлерінің суреттері, сувенирлер, қанатты сөздер.

Мұғалім: Балалар, Астана – еліміздің бас қаласы. Әр елдің баласы өз отанын, туған жерін қадірлей білуі керек. Біз елдің болашақ патриоттарымыз. Үлкендеріміз жасап берген ұлы жолды алдағы уақытта жалғастыруымыз керек.

1. Балалар, біз осы Астана туралы не білеміз? Астананы картадан кім көрсетіп береді? Астана туралы мәлімет жинақтаңдар. Жайберген Кемелбек Астана сөзінің шығу тарихы яғни атауы туралы бізге айтып берсін

Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол киелі орын, "босаға" деген мағыналарға ие.

2. Астана қаласының бұрынғы атаулары туралы не білеміз?

- 1862 ж Ақмола қала мәртебесін алды.
- 1962 ж қалаға Целинаград атауы берілді.
- 1998 ж 6 мамыр жаңа елорданың атауы Астана болып өзгерілді.

3. Елордасы Ақмоланың атын не үшін өзгертті?

- Себебі, "мола" қазақ ұғымында зират, өлген адамның мүрдесі деген мағынаны беретін болса, екіншіден шетелдіктер оны сөзбе–сөз аударып, қала болашағына қорқынышты тұжырымдар жасап жатты. Сондықтан, бас қалаға елді елең еткізер есім қатты қажет еді. Астананың атауына байланысты Елбасы: "Шынын айтқанда, астананың атауын ауыстыру ұдайы ойымнан шықпай, үнемі іздеумен болдым. Сөйтіп жүргенде, бір жолы түнде дәлірек айтсам, сағат түнгі екіде Астана деген атау ойыма сап етіп, көкейіме қона кеткені Астана дегеніміз – астана қазақша әдемі естіледі"

Астана шежіресі.

Астана туралы білетін, жинақтаған өлеңдері, жырлары болса айтып ортаға салсын.

Алатау бастағанда асқарала,
Қосылды қуанышқа жас балада
Алматы өзінің жан жалғасында,
Арнайды ақ батасын астанаға

Ата баба салтымен,
Абай, Жамбыл даңқымен.
Құлагердей құлшынып,
Орнап мәңгі біршілік.
Әруақ қонған жас қала.

3. Күннен күнге көркейіп, сән мен салтанаты жарасқан Астана барша қазақстандықтардың жүрек лүпілін еселеп, сәулет өнерінің қайталанбас үлгісін паш етуде.

4. Ғажайып қала Астана.

   - Балалар, сендер осы ел ордамыз Астанадағы қандай ғимараттарды білесіңдер?
   - Қалаға келген қонақтарды осы ғимараттармен қалай таныстырасыңдар?

Бәйтерек

Қазағым, қара орманым – байтақ елім,
Жақсыны, жаманды да байқап едің.
Асыраған мерейіңді асқақтатып,
Елбасы – бойлап өскен Бәйтерегің!

Нұрсұлтан – ел тірегі, алтын діңгек,
Алыптың халқы ғана нарқын білмек
Қазағым шаттанатын кезің келді,
Алашқа қорған болар ұл тудым деп

Танытып терезесі теңдігіңді,
Әлемге әйгіледі елдігіңді!
Тереңге тамыр жайды Бәйтерегің,
Сақтай біл, ұлан – байтақ кеңдігіңді

- Міне балалар, Нұртуған сендерге Астан қаласының жүрегі "Бәйтерек" монументі туралы осылайша жырлап берді.
- Бәйтерек дегеніміз не?
- Ол туралы не білеміз?
- Осы бәйтерек ағашы туралы айтылған аңыз әңгімені бізге Меруерт айтып берсін.
- Аңызды тыңдау.

6. "Нұр Астана" мешіті.

Есілдің сол жағалауындағы еліміздің бас мешітінің алтынмен апталған негізгі күмбезінің биіктігі – 43 метр, одан өзге 25 кіші күмбездері бар биіктігі 63 метрлік төрт мұнарасы бар. Имандылық үйінің сәулеті қызықтыра көз тартады. Мұнда бір мезгілде 10 мың адам намаз оқи алады.

7. Пирамида.

Ежелгі Египет пирамидаларының мақсаты перғауындар мүрдесін мәңгі сақтау болған. Ал қазақ пирамидасының мақсаты не ? Іргетасы дүниенің төрт бұрышына бірдей қарап, адамзатқа шапағат сыйлайтын, ұшарбасы алтын күнге ұмтылған пирамида қазақ елін көзге елестетеді екен. Алыстасаң аласырап, жақындасаң биіктей беретін, ал ішіне кірсең жан дүниең мейірленетін бұл ғимараттың бүкіл болмысы қазақ халқының биік болмысымен достыққа адалдығын көрсетеді екен.

8. Тәуелсіздік сарайы.   

Тәуелсіздігімізді паш етіп тұрған тәуелсіздік сарайы туралы бізді Шынар таныстыратын болады. Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайы Елбасымыздың тікелей бастамасымен 2007 жылдың желтоқсанында алғашқы кірпіші қаланған сарай құрылысы бір жылдың ішінде толық аяқталды. Астана қаласының он жылдық мерейтойына арналып салынған бұл ғажайып ғимарат Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан.

9. Балалар, сендер байқап отырған болсаңдар Астана қаласының барлық көрікті жерлері қай өзеннің жағалауына салынған?

- Олай болса Есіл өзені туралы не білеміз?

10. Есіл – республикамыздың солтүстік өңіріндегі Қарағанды, Ақмола, Торғай, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан облыстарының жерін басып өтетін өзегн атауы. Есіл деп аталатын елді мекен де бар.

11. "Есіл" атауының алғаш дүниеге келуі туралы зерттеушілердің екі пікірі бар. Бірі- Есіл атауын "жасыл" деген зат түсімен байланыстырса, екіншісі – етістік түбірін тілге тиек етеді.

8. Викториналық сұрақтар.

"Сен білесің бе?"

1.   Қазіргі кезде Астана қаласының тұрғындарының саны қанша адамға жетті?
2.   стана рәмізі Бәйтеректің ұзындығы не себептен 97 метр ? (Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997 жылы көшірілуіне байланысты)
3.   Жаңа көпірдің ұзындығы (214 метр)
4.   Жаңа көпірге қандай ат берілді? (Сарыарқа)
5.   Астанадағы ең басты қатынас жолы. (Республика даңғылы)
6.   Көпірдің оң жағалауында тұрған биік ғимарат. (Астана - Тауэр)
7.   Қазақстанның схемалық картасы іспретті парк қалай аталады? (Атамекен)
8.   "Думан" океанариумына теңіз суымен толтырылған қанша аквариум сыйып тұр? (13 үлкен аквариум)
9.   1900 жылы Ақмола уезінің ең мықты болуына және қара күш иесі кім еді? (Қажымұқан Мұңайтпасов)
10. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан ғарышқа самғаған қазақ ғарышкері кім? (Талғат Мұсабаев)

9. Қорытындылау.

Міне, 1998 жылдан бері көркейіп келген Астана әсем қалаға айналды. Астананың өркендеуі – Қазақстанның дегендей, Астанаға әсем ғимараттар мен мәдени сарайлар салынғалы бері Астанамызға күн сайын жан – жақтан туристер, қонақтар ағылып келіп жатыр.

Ортаға шаңырақ көтерген бала шығады. Шаңыраққа байланған түрлі-түсті таспаны әр ұлттың киімін киген балалар ұшынан ұстап айналып жүреді.

Ортақ мекен – жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы.
Достығымыз жарасқан
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз.
Бақытты елде тұрған соң.
Бақытты өмір сүреміз.    «Сарыарқа» күйі орындалып жатады.

Қорытындылау.

Тақырыбы: Жұлдызды қала – Астана 
Мақсаты: Оқушыларды әсем қаламыз Астанамен таныстыру. Елорда туралы білімдерін толықтыру. Еліне деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, дүниетанымын кеңейту. Туған жерін сүйе білуге, Отанымызды өркендетуге білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: Астана қаласы туралы видеоролик, Астана қаласының көріністері /суреттер/ 
Барысы: 
Мұғалім: Балалар, біз күнделікті өмірде бір-бірімізбен сөйлесеміз, пікір алысамыз, әңгімелесеміз. Біздің туып-өскен жеріміз – Қазақстан Республикасы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқаруға дана басшыларымыз кең-байтақ жерімізді сырттан төнген қауіп-қатерден қорғап келеді. Жер бетінде азаттықтан асқан бақыт та, байлық та жоқ. Қазақ халқы – ер жүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Қазақстанда ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан бүгінде дүниежүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Олай болса мына бір әнді тыңдайық. 
Ән. Астана. 
Иә, балалар, бүгінгі сабағымыз Елордамыз Астана туралы болмақ. Ал қанекей балалар араларында Астана қаласына барғандарын бар ма? 
Сендер Астанаға бардыңдар, сол жайлы айтып беріңдерші. Қане балалар кімде қандай сұрақ бар екен. /Астана қаласына барып қайтқан оқушыларға сұрақ қою/ 
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті мұғалімдер және оқушылар! 
2-жүргізуші: Бүгінгі «Жұлдызды қала – Астана» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. 
1-жүргізуші: Астана дегенде жүрегі сыздамайтын жан бар ма? 
2-жүргізуші: Сәбиден қарттарымызға дейін Астана дегенде ішкен асын жерге қояды. 
1-жүргізуші: Олай болса құрметті қонақтар барлығымыз Астана қаласына саяхат жасайық. 
2-жүргізуші: Саяхатқа бару үшін балалар барлығын осы саяхаттың демеушісі Әбдікәдір ағайдың тапсырмаларын орындауларын керек. 
Мұғалім: Балалар Астана қаласына бару үшін пойызға отыруымыз керек. 
Аралдан пойызға отыру үшін барлығымыз бірге сөзжұмбақ шешейік. 
1)Қазақ халқының ұлттық музыка аспабы. 
2)Қазақстан Республикасының елбасының есімі. 
3)Қазақстанның тұңғыш ғарышкері. 
4)Қазақ халқының ұлы ақыны. 
5)Ас атасы 
6)Қазақстан Республикасының рәмізі. 







Сонымен біз Қызылорда қаласына келдік. Бұл қаладан біз басқа пойызға отыруымыз қажет. Ол үшін балалар сендер Қазақстанның бұрынғы астаналарын еске түсірулерін керек. 
1-оқушы: Қазақ жерінің бас қалалары 
Батыс түрік қағанатының астанасы – Суяб 
Қарахан мемлекетінің астанасы – Баласағұн 
Қарлұқ қағанатының астанасы – Қойлық 
Оғыз мемлекетінің астанасы – Янгикент 
ХІІ-ХІV ғ.ғ. Қыпшақ хандығының, ХІV-ХV ғ.ғ. Ақорда мемлекетінің, 1446 жылдан бастап Әбілқайыр мемлекетінің және ХVІІ ғасырға дейін Қазақ хандығының астанасы – Сығанақ 
Қазақ хандығының саяси және рухани астанасы – Түркістан 
2-оқушы: Орынбор. 1920 жылдан бастап Қазақстанның тұңғыш астанасы Орынбор қаласы болды. Кейіннен ол Ресей құрамына қабылданады. 
3-оқушы: Қызылорда. 1925 жылы Қазақстанның астанасы Қызылорда қаласына көшірілді. Қызылорда қаласының бұрнағы атауы Ақмешіт болатын. 
4-оқушы: Алматы. Түрксіб құрылысы астананы Алматыға көшіруде басты себеп болды. Бұл заң жүзінде 1927 жылы, іс жүзінде 1929 жылы жүзеге асырылды. 
Мұғалім: Міне балалар, біз Қазақстанның бас қаласы болған өзге қалаларды да еске түсіре отырып, біз Астанаға да келіп жеттк. Енді балалар экранға назар аударып Астана қаласын аралайық. /Астана қаласы туралы видеоролик/ 
1-жүргізуші: Сарыарқа даласында, Есіл өзенінің жағасында әлемді өзіне қаратқан жаңа қала бой көтерді. Ол біздің Елордамыз – Астана. 
2-жүргізуші: Достық пейіл – татулықтың тірегі. 
Біздің халық бейбіт өмір сүреді. 
Бар әлемді бір өзіне қаратқан 
Елордамыз - Еуразия жүрегі! 
1-жүргізуші: Біз бүгінде бүкіл еліміздің игілігі болып табылатын жаңа астанаға ие болдық. 
2-жүргізуші: Жаңа елорда Отанымыз үшін біздің сүйікті Қазақстанымыздың жаңа болашағының жарқын да ізгі беташары болды. 
1-жүргізуші: Астана аз ғана уақыт ішінде әлемде өзіндік келбеті бар аймен, күнмен таласқан әсем қалаға айналды. 
2-жүргізуші: Астана сан-түрлі арман қиялдарды жүзеге асырып, сан-қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те көркем қала. 
1-жүргізуші: Астанамыздың көркеюі елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасы екенін білуіміз керек.
2-жүргізуші: Елбасымыз айтқандай, жана әлемдегі жаңа Қазақстанның жаңа Астанасы әрі жас Астанасы қайсымыздың болса көкірімізде арайлы рухты оятады. 
1-жүргізуші: Сарыарқа самалымен тербелген ерке-Есілдің бойындағы ғажап қала-ол біздің Астанамыз. 
2-жүргізуші: Есіл өзені қаланы екіге бөліп жатыр. Есілдің оң жағалауында көбіне тұрғын үйлер орналасқан, ал сол жағалауы жалпы Қазақстанның саяси орталығы болып табылады. 
1-жүргізуші: Есіл өзенінің сол жағалауында Президент Ақ Ордасы, Парламент Сенаты мен Мәжіліс үйлері, Конгресс холл, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, тағы басқа негізгі экономикалық, саяси орталықтар орналасқан. 
2-жүргізуші: Астана тек қана әкімшілік қала емес, халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орындары, ғылыми мекемелері, театрлары мен музейлері. 
1-жүргізуші: Балалар енді бәріміз бірге Астана қаласының көрнекі жерлерін аралап, олармен таныс болайық. 
2-жүргізуші: «Астана -Бәйтерек» монументі Елорданың басты көрнекті орындарының бірі. Есіл өзенінің сол жақ жағасында жапырақ жайған «Астана-Бәйтерек» заңғар көкке құлаш ұрды. "Бәйтеректің негізгі идеясы — ол Бейбітшілік Ағашы. Мұндай ағаштың басты қызметі әлемнің үш деңгейлі құрылымын біріктіру: төменгі жерасты, жер үсті және аспан әлемі. Биіктігі 105 метрлік, салмағы 1000 тоннадан асатын металл құрастырмалар 500 тіреу-қадаларға бекітілген. Әлемде тұңғыш рет диаметрі 22 метрлік, салмағы 
300 тонналық күн сәулесімен құбылып тұратын әйнектен жасалған шар 
97 метрлік биіктікке көтерілді- бұл Қазақстанның жаңа елордасының 
1997 жылдан бастап пайда болғанын еске салады. 
1-жүргізуші: 97 метрлік биіктікте, шардың ішінде жаңа елорданың келбетін алақанға салғандай көрсететін панорама залы орналасқан. Күміс тұмар — Нұрсұлтан Назарбаевтың алақанының таңбасы салынған. Ол мемлекетті және оның азаматтарының бейбіт өмірін, достығы мен келісімін қастерлеп сақтауға үндейді. Астанада әлемдік діндердің бірінші сьезі өткізілуі монументке үлкен маңыз береді. Рухани көшбасылардың бірінші сьезінен кейін «Аялы алақан» жанында тағы бір ұстын пайда болды. Онда Қазақстан жеріне әлемнің 17 елінен келген әлемдік діндер көшбасшылары қолтаңбалары мен тілек-батасын қалдырды. Жаңарған елорданың көркін аспанмен таластырған «Астана-Бәйтерек», сәулет өнерінің жаңару нышаны, Астана символы, Қазақстан символы болып отыр. 
2-жүргізуші: "Атамекен - Қазақстан картасы" этно-мемориалдык кешені. Қазақстан кең байтақ. Бірақ оны алақанда тұрғандай көруге, оның сәулеті мен жерінің тарихымен танысуға болады, балалық арманыңды жерде тұрып этно-мемориалды кешенде өзіңді бейне бір ертегінің алыбындай сезінуге болады. Жоба «Каздизайнда» белгілі сәулетшілер мен дизайнерлерді тартудың арқасында жүзеге асты. Табиғат пен адамның тартуынан тұратын танымал Қазақстанның кішірейтілген нұсқасы 1,7 гектар ауданды – екі футбол алаңын алып жатыр. Мемлекет басшыларының аллеясы таяу жерде орналасқан саяси репрессия құрбандарына арналған монументпен байланысады. Қартада 14 облыс пен бірге республикалық маңызға ие, Астана, Алматы қалалары орналасқан. 
1-жүргізуші: Президент саябағы Бейбітшілік және келісім сарайы мен Ақорданың жанында орналасқан. Паркте "Самұрық құс", "Төменгі алаң", "Үлкен каскад", "Грот", "Көл - қайнар көз" атты бес су бұрқақтары кешені, сегіз жасанды тоған мен каналдар бар. Саябақтың орталық бөлігі көп адамның қатысуымен өтетін салтанатты шараларды өткізуге арналып салынған, 1 мың автокөлікке арналған тұрағы бар. Журналистерге берген сұхбатында президент саябақтың жалпы аумағы 83 гектарды құрайтынын айтты. "Бұл үлкен аумақ. Мұндай саябақ тек Қазақстан ғана емес, жалпы ТМД аясында жоқ. Біз оны ұлғайта түсетін боламыз. Бұл Елорда тұрғындарының ең тамаша, ең сүйікті демалыс орнына айналады", -деді Нұрсұлтан Назарбаев. 
2-жүргізуші: Ғашықтар саябағы. Ол Есілдің сол жағалауында орналасып, 
14 мың гектар аумақты алып жатыр. Саябақтың жобасын USB Group тобы жасап, құрылысын "Қазгерстрой" ЖШС салды. Саябақ аумағында 3,5 мың түп ағаш отырғызылып, 5 мың шаршы метрге гүлзарлар мен 116 мың шаршы метрге шөп егілді. Ондағы субұрқақтар автоматты түрде жұмыс жасайды. 
1-жүргізуші: Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы. Ол 25 қабаттан тұрады. Оның жалпы көлемі 25,5 мың шаршы метр. Астанадағы бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы сияқты архитектуралық наным нысандары бүкіл әлемде жоқ. Әрине әртүрлі діни дәстүрлерді бір шаңырақтың астына жинайтын ғимараттар бар, дегенмен, Қазақстан храмының олардан айырмашылығы – өзара келісім аясында тиімді сұхбат құруға арналған бір ғана алаңқай. 
2-жүргізуші: "Қазақ елі" монументі дәл осылай аталатын жаңа алаңның ортасында бой көтерді, ол Астананың символдық мәнге ие нысандары - Бейбітшілік пен келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, Өнер университетімен бірегей ансамбль құрып тұр. “Қазақ Елі” монументінің жалпы аумағы 16 гектар. Ал негізгі ескерткіштің биіктігі тәуелсіздік алған жылдың символы ретінде 91 метрді құрайды. 
1-жүргізуші: Тәуелсіздік сарайы.Үш этаждан тұратын Сарайдың өзіндік архитектуралық ойынан шығады. Бірінші этажда бір мезгілде 3100 адамды орналастыратын жиналыс залы бар. Тәуелсіздік сарайының ерекше мақтанышы болып үшінші қабатта орналасқан Астананың тарихына арналған мұражай «Астана кеше, бүгін, ертең…» табылады. Мұражай Қазақстанның жаңа астанасының бүкіл қалыптасу тарихын көрсетеді. 
2-жүргізуші: Тәуелсіздік Астананы өмірге келтірді. Өз кезегінде Астана біздің Тәуелсіздігімізді қуаттап, дамыту түсуде. 
1-жүргізуші: Астана жарқын, қуатты да өркенді, барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай ұмтылған қалаға айналды. 
2-жүргізуші: Астана – бұл қаланың жақсы тіршілік етуін қамтамасыз етіп отырған, инженерлік инфрақұрылымы, көлік жүйесі, коммуналды шаруашылығы мен тұрғын үй қоры, әлеуметтік нысандар жүйесі дамыған қазіргі заманғы ірі мегаполис. 
2-жүргізуші: Астана - әлемнің үздік астанасы болу үшін өзінің алдына нақты міндеттер мен мақсаттар қойды. Ол өзінің мақсаттарына жету үшін жұмыс істейтін болады. 
Мұғалім: Балалар, Астана қаласы биыл 12 жасқа толады екен. Астана атына ие болған жылдан бастап осы жыл аралығында қалада қандай маңызды оқиғалар болды, соған тоқталып өтелік. 
5-оқушы: 1997ж. 20 қазан. Президент жарлығымен Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді. Ақмола еліміздің астанасы болып жарияланды. 
6-оқушы: 1998ж. 6 мамыр. Қалалық мәслихаттың сессиясында депутаттар қала атауын Астанаға ауыстыру туралы бір жақты шешім қабылдады. 
1998ж. 10 маусым. Ресми тұсаукесер тойы өтті. Астана қаласының туған күні болып саналады. 
1998 жылы барлығы 170 түрлі нысан пайда болды. 
Тура осы күні Л. Гуилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Президент қала сайлаушыларымен кездесті. Онда қалалық мәслихаттың шешімімен Нұрсұлтан Назарбаевқа Астананың құрметті азаматы деген атақ берілді.
7-оқушы: 1999ж. 10 қаңтарында Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 79,78 пайыз дауысын жинап, Қазақстан Президенті боп, қайта сайланды. 
1999 жылдың шілде айында елордамыз ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығына ие болды. 
Шетелдік инвестициялар есебінен 1999жылы Ұлттық мұражай, Еуразия ұлттық университетінің оқу корпусы, 240 орындық аурухана, тұрғын үйлер бой көтерді. 
8-оқушы: 2000ж. Жаңа әкімшілік орталықтың құрылысы басталған сол жақ жағалауды кеңінен игеру жылы болып есте қалды. 
9-оқушы: 2001ж. Жаңа елорда тарихындағы ірі дерек Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2001 жылғы көктемде бекіткен 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған «Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» Мемлекеттік бағдарламасы болып табылады. 
2001 жылғы ең маңызды халықаралық оқиға Астана үшін Рим Папасы Иоанн Павел ІІ 22 қыркүйекте басталған мемлекеттік визиті болды. 
10-оқушы: 2002 жыл еліміздің бас қаласы үшін үлкен маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Осы жылы Астанаға БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан келіп, жас елордамызға таң қалып, жақсы тілектерін айтқан. Сол жылы спорттағы ірі іс-шаралардың бірі - Бокстан әлем кубогының мерейлік жарыстары да Астанада өтті. Есілдің сол жақ жағалауында бірінен кейін бірі жаңа объектілер іске қосыла бастады. 
11-оқушы: 2003 жыл. Тұрақты даму жолын таңдап, Қазақстан бұрынғы кеңес одағы кеңістігінде дамыған мемлекет атағына ие болды. Бұл тек экономиканың арқасында емес. Біздің көпұлтты және көпконфессиялы елімізде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші съезін өтті. 
12-оқушы: 2004ж. 24 желтоқсанда Астанада еліміздің басты ғимараты – «Ақорда» атауына ие болған Президент резиденциясының ашылу салтанаты болды. 
13-оқушы: 2005 жылдың бас кезеңі Астана үшін бірінші кезекте елорданың халықаралық әуежайында жаңа жолаушылар терминалының ашылуымен есте қалады. 
Сол жылы «Қазақстан» саябағында үш мыңнан астам, екі мыңнан астам – Ғашықтар саябағында, сондай – Бәйтеректің жанында әртүрлі ағаш отырғызылды. Жалпы айтқанда, Астананы көгалдандырудың 2030 жылға дейінгі кешенді бағдарламасымен әрбір тұрғынға 19 шаршы метр жасыл желек мөлшеріне қол жеткізу көзделген 
14-оқушы: 2006 жылдың тағы да бір маңызды оқиғасы Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндердің екінші съезі. Оған қатысушылар түрлі діндер, этностар мен мәдениеттердің бірігуін білдіретін Бейбітшілік және келісім сарайында өткен дөңгелек үстелде кездесті. 
Бірінші қыркүйекте Елбасының қатысуымен елорданың жасанды төбесінде орналасқан 77 метрлік пирамида түріндегі Бейбітшілік және келісім сарайының салтанатты ашылуы болды. 
15-оқушы: Бәсекелестікке қабілеттікті дамыту – бүкіл елдің, Астананың дамуы үшін айқын басымдылық. Әрине, Париж, Лондон, Токио сынды қалалармен бәсекелес болу өте қиын. Алайда, мүмкін жай. Бұл тұрғыдан басты бағыттарды 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында Елбасы баса көрсеткен. 
16-оқушы: 2008 жылы Астана қаласының 10 жылдық мерейтойы тойланды. 
17-оқушы: 2009 жыл. Халық санағы. Астана халқынының саны 684 мыңға жетті. 1998 жылы мұнда 225 мың адам тұратын. 
Мұғалім: Балалар бүгінгі саяхаттан қандай әсер алдық, соңы білейік. Алғашқы екі топ бүгінгі саяхаттан алған әсері бойынша немесе суреттер арқылы мәтін құрастыруларын керек. Ал басқа екі топ бүгінгі саяхаттан есте қалғанын плакатқа сурет салу арқылы көрсетеді. 
Балалар, саяхатымызды аяқтап ауылға қайтайық, барлығымыз пойызға мінейік. Көңілді отыру үшін бәріміз қосылып ән салайық. 
Ән. Отан. 
Балалар, біз Астананы тамашалп қайттық. Ал енді сұрағандарға не деп жауап қайтарар едік. / «Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы/ 
Ж Жайнаған гүлге толы сұлу қала. 
Ұ Ұрпақтан ұрпаққа айтылатын аңыз болып айтылар ардақты Астана. 
Л Лебі ескен Есіл бойында бой көтерген Ару қала. 
Д Даму қарқыны бойынша І орында тұр. 
Ы Ынтымағы мен достығы жарасқан қала. 
З Заманауи ғимараттары бой көтеріп, қаланың көркімен тамсандырады. 
Д Дүниежүзімен байланыс орнатып отыр. 
Ы Ысқырған аязы мен суық қысы бар 
Қ Қысқы олимпиада өткізгелі тұрған алғашқы қала. 
А Астана өмірі, тарихы жайлы Елбасының «Еуразия жүрегінде» атты кітабы бар. 
Л Легімен, толассыз жүретін автомобиль, әуе және темір жолдар торабы бар. 
А Алтыншы шілде – Елордамыз – Астананың туған күні. 
А Алғашқы адамдар ашель-мустьер заманында алғаш қоныстанған. 
С Символы – Бәйтерек. 
Т Тәуелсіздігімізді асқақтатып, егемендігімізді көрсететін бас қала. 
А Астана – жастардың , болашақтың қаласы. 
Н «Нұр-Астана» зәулім күмбезді мешіті Астананың дәл кіре берісіне тұрғызылған. 
А Арман қала. 
Қорытынды. Балалар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Еліміздің болашағы бүгіннен басталады» деген үндеуінде сендерге үміт артып отыр. Енді бір 20-30 жылдан кейінгі елімізді басқаратын және жоғарғы техниканы меңгерген жұмысшылар сендер боласыңдар. Астана қаласы аз ғана уақыт ішінде қарқынды жылдамдықпен өсіп келе жатырған біздің бас қаламыз. Сендерде терең білім алып, бас қаламыздай қалалар тұрғызуға өзіндік үлестерінді қосуларын керек. 
Сонымен балалар, бүгінгі саяхатымызда мәреге жетті. Біз бүгінгі сабақта уақыттың аздығына байланысты Астана қаласының барлық жерін аралап болғанымыз жоқ. Біз барып тамашаламаған жерлер әлі де көптеп кездеседі. Алда сендерді үш ай демалыс күндері күтіп тұр, осы каникулды пайдаланып барлығына Астана қаласына қыдырып, оның әсем де сұлу жерлерін ташалап қайтуларына тілектеспін. 
Тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің жүрегі Астанамыз асқақтай берсін!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!