Материалдар / Тәуелсіздік жетістіктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздік жетістіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жас ұрпақтың бойында жоғарғы патриоттық сананы қалыптастыру,өз елі үшін мақтаныш сезімі,Отанының мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға тәрбиелеу. ҚР Тәуелсіздік кезіндегі жетістіктерімен таныстыру мақсатында тәрбие сағаты өтті
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қазан 2021
707
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Тәуелсіздік жетістіктері»

Мақсаты: Жас ұрпақтың бойында жоғарғы патриоттық сананы қалыптастыру,өз елі үшін мақтаныш сезімі,Отанының мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға тәрбиелеу. ҚР Тәуелсіздік кезіндегі жетістіктерімен таныстыру

Ресурстар: слайд, рәміздер, жылдар тізбегі, постер. "Тәуелсіздік тарихы" атты кітап көрмесі.

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу. Оқушылар парталас сыныптасымен қол алысады.

- Сәлеметсіздер ме, балалар.Жаңа оқу жылы құтты болсын! Жңа оқу жылында барлығына сәттілік тілеймін! Еліміз тыныш, обасымыз аман, жан-жағымыз бүтін болсын! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Тәуелсіздік жетістіктері».

Әңұран.

Мұғалім сөзі:

Ағыл да тегіл арындап арман ағысы,

бүтіндеп бойын бүрленді бүкіл бақ іші.

Жанданып жатыр жарасын жалап жазатын

табанын тұздан тоздырған түздің тағысы.

Қағанаттардан Қазақстанға жеткендей,

қамшы салдырмас қазанаттардың шабысы.

Айбаты асқақ арыстандайын алыстым,

Абылай болып жаныштым мысын Шарыштың.

Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек

алты алаш үшін құрбаны болған Намыстың.

Қайрат пен Ербол, Сәбира, Ләззат көз жұмған

Желтоқсандағы ызғарлы желмен қағыстым.



Ел ретінде Қазақстан жас мемлекет болғанымен ,оның тарихи Еуразияның ұлы көшпелі өркениетінің үш мыңжылдық тарихынан ажырағысыз.Батысынан Шығысқа қарай,шығыстан батысқа қарай Қазақ даласы арқылы Үндістан мен Иранға,Мидия мен Қырымға,Еділ мен Кавказға ,Еуропа мен Қытайға сақтар,ғұндар,түркілер,қыпшақтар,моңғолдар ағылды.Олардың бәрі де осынау жердің бетінде өздерінің ізін қалдырды.

Уақыт өте келе Еділ мен Ертістің арасындағы далалық алқапта көшпелі империялардың ұрпақтары қазақ деген біртұтас халыққа бірікті.Қазақ хандығы құрылып,Керей мен Жәнібек ,Қасым мен Хақназар,есім мен Тәуке,т.б. хандар Дешті Қыпшақтың қуатты әміршілері болды.

Алайда тағдырдың талабымен қазақ елі дербестігінен айырылып,қазақ жерінің Ресей империясының құрамына енді.Тәуелсіздікті қайтадан қалпына келтіремін деген «Алаш» зиялыларының демократиялық идеялары сәтсіздікке ұшырады,1930-жылдардан бастап,тоталитарлық жүйе халықтың тілі мен өмір салтына ,тарихы мен мәдениетіне орасан зор зиянын тигізді.

Бірақ 16млн.халқы бар көпұлтты Қазақстан мемлекеті 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін қайта жариялады.Дәл осы күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары «Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы » Заң қабылдады.Заңның бірінші бабында: «Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды.Ол өзінің жеріне,ұлттық табысына жоғары иелік ету құқығы бар,тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді,басқа шет мемлекеттермен халықаралық құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды»,-деп көрсетілді.

«Республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның біртұтас халқын құрайды,олар республикадағы егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады.Республика азаматтары өздерінің ұлтына,ұстайтын дініне,қандай қоғамдық бірлестікке жататынына ,тегіне,әлеуметтік және мүліктік жағдайына,шұғылданатын қызметіне,тұрғылықты орнына қарамастан бірдей құқықтар иеленіп,бірдей міндеткерлікте болады » ,-делінген.Заңда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау мақсатында өзінің Қарулы Күштерін құруға хақылы екендігі, Республика азаматтарының әскери міндетін өтеу,оның тәртіптері мен талаптары жөнінде айтылған. Сөйтіп 1991 жылы 16 желтоқсан республиканың тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды.

Осыдан кейін Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде дами бастады. Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы дайындылды. Облыстардың, қалалардың жане аудандардың басқару органдарына реформалар жүргізілді.

Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия,сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және т.б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады. Қазақстан шет елдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті. Ал Алматыда шет елдік елшілік пен миссия , халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істей бастады.

Республиканың егемендікке қол жеткен алғашқы кезінен бастап-ақ, мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қою жүзеге асырылды.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында келелі міндеттер тұрды .

Олар елдің ішкі жағдайында егемен Қазақстан мемлекетінің тұтастығын нығайтып, нарықтық эканомикаға көшу , көп ұлтты елдің бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану . Ал, сыртқы саясаттағы басты міндеттер – Қазақстаның бүкіл дүниежүзі елдерімен байланыстарын одан әрі дамытып,алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу, елдің қауіпсіздігін қорғау,әлемде бейбітшілікті сақтай отырып , ядролық соғысты болғызбау . Республика халқының ерік-жігері осындай аса маңызды міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды .

Міне,осылайша іргемізді бекітіп,эканомикалық дамуымызды айқындап , заң шығарушы және атқарушы биліктің жұмысын қалыпқа түсіргеннен кейін , біз рухани құндылықтарымызды түгендеуге мүмкіндік алдық.

Тапсырма

Балалар, тақтада жылдар тізбегі бейнеленген, қане осы жылдарды сөйлетейік. Біріншіден, әрқайсымыз өздерінің есте қалған, оқығандарыңызды еске түсірейік.

Жақсы, сіздердің айтқандарыңызды толықтыру үшін көмек беріледі. Сіздерге ұсынылған конвертті ашып, білгенімізді толықтырайық.

Қазақстан жетістіктері:

1991 жыл:

- 1-желтоқсанда Қазақстан Республикасының президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

- 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіз,демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды.

- 2-қазанда Байқоңырдан «Союз-ТМ-13» кемесімен ғарышқа қазақтың тұңғыш ғарышкері Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы ұшты.

- 29-тамызда ҚР президенті Н.Ә Назарбаевтың жарлығымен Семей полигоны жабылды.

1992 жыл

- 4 маусымда Президент ҚР мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы ҚР заңдарына қол қойды.

- 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата заңы қабылданды.

1993 жыл

-12 қараша төл теңгеміз дүниеге келді.

1994 жыл

- Талғат Мұсабаев «Союз ТМ6» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты.

- 5-желтоқсанда Будапештте Ұлыбритания, Рессей және Америка Құрама Штаттарының басшылары Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы Меморандумға қол қойды.

- Наурыз айында ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев Еуроазиялық Одақты құру жөнінде мәселе көтерді.

- ҚР парламенті стратегиялық маңызды «Мұнай туралы» заң жобасын қабылдады.

1995 жыл

- ЮНЕСКО шешімі бойынша ақыл-ойдың данышпаны қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойы атап өтілді.

- 1-наурызда Қазақстан Республикасының президентінің Қазақстан халықтары ассамблеясын құру туралы жарлығы шықты.

- 30-тамызда еліміздің Ата Заңы жаңа Конституция қабылданды.

1996 жыл

-25 мамырда Қазақстан Республикасы және Рессей Федерациясы арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа сонымен қатар Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қойды.

- ұлы ақын,жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың жылы деп аталып өтті.

ҚР парламентінің бірінші сессиясы болды

1997 жыл

Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.

- Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы және қуғын-сүргіндерді еске алу жылы болып саналды.

- -20-маусым «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заң қабылданды.

- Көші-қон және демографиялық агенттігі құрылды.

- 10-желтоқсан Ақмола қаласы Астана болып жарияланды.

- ҚР «Тіл туралы» заңы қабылданды.

- Білім заңы қабылданды.

- 11-желтоқсан Қазақстан халқына «Қазақстан 20-30» жолдауы қабылданды.

1998 жыл

Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы деп жарияланды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның 2030 даму стратегиясы жарияланды.

- 6 мамырда ел Астанасы Ақмола қаласына көшті.

2002 жыл

- Елімізде денсаулық жылы болып жарияланды

- ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ЕурАзЭК Мемлекетаралық Кеңесінің Төрағасы лауазымына сайланды.

- «Астана-Бәйтерек» монументі салынды.

- Алматыда Давос аясындағы Еуразиялық экономикалық саммит өткізілді.

- Түркістан қаласында қазақтардың Екінші дүниежүзілік құрылтайы болып өтті.

2013 жыл

- «Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды.

- 2013 жылы EXPO 2017 өткізу құқығын алдық.

2016 жыл

- Тәуелсіздікке 25 жыл толды.

- Қостанай қаласына 80 жыл толды.

- Ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл

- Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығы аталып өтті

- Қазақстандықтар олимпиадада барлығы 17 медаль (3 алтын,5 күміс,9 қола) алып, ел спорты тарихында жүлделер саны жөнінен рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Интерактив. тақтадан бейнеролик көрсетіледі.

Қазақстан бүгінде тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуіне өзімізбен бірге түскен елдердің маңдай алдында . Ішкі жалпы өнімнің жан басына шаққандағы көлемі жөнінен Тәуелсіз мемлекеттер Достастығындағы талай елдер бізбен салыстаруға да келмейді. Соңғы төрт жылда жалпы ішкі өнімнің жиынтық өсімі 50 пайызға жуық артқаны-біздегі жасампаздық жұмыстың жарқын жемісі.

Стратегиядан бастау алған құжаттардың бірі – Қазақстан Президентінің халқына жолдауы. Ол Жолдау Қазақстанның мол мүмкіндігі мен жарқын болашағын елімізде ғана емес, халықаралық ауқымда да кеңінен танытты. Әлемнің ең ірі елдері: АҚШ Германия , Франция ,Ұлыбритания, Италия, Испания, Жапония, Корея т.б мемлекеттер басшыларының жазған хаттарында бұл Жолдау бойынша халыққа жасалар жақсылықтың бәрі рет-ретімен орындалу үстінде.

Бұл заман –тек күштіні, бірлікті мойындаған заман. Бұл заманда әлем тек экономикалық жағынан мықты, ішкі тұтастығы берік, ауыз-бірлігі күшті мемлекеттермен ғана санасады. Қазақстан қазір әлем санасатын, әлем сыйлайтын елге айналды.

Сабақты бекіту:

Топтық жұмыс . Сабақ басынан алған мәліметтерінді постерге жинақтайық.

Балалар қатар бойынша үш топқа бөлінеді. Әр топқа үш түрлі тақырыпта постер беріледі. "Туәелсіз ел!" , "Туәелсіздік жетістіктері!", Мен елімнің патриотымын!". Әр топқа өз постерін толтыру үшін 2 минут беріледі. Кейін бір-біріне постерлерін алмастырады.

Балаларға сөз беріледі.

Қорытынды:

Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп-ақ ! Ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз- Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын , абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын , білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар,яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет.ХХІ-ғасырда қазақтың қасіреті аз болғай,қуанышы көп болғай! Таяудағы жүз жылдық,әрідегі мың жылдықтарда қазақтың арманы мен мүддесін,елдігі мен еңбегін баянды еткей!

Бүгінгі сабаққа беосене қатысқандарың үшін зор алғыс! Сау болыңыздар!



























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!