Материалдар / Тәуелсіздік жетістіктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздік жетістіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы жеткен жетістіктері.
Авторы:
09 Маусым 2023
294
1 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты


Күні


Класс жетекші:

Атамбаева С.К.

Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Тәуелсіздік жетістіктері.

Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзiнiң егемендiгi мен тәуелсiздiгi үшiн күресiп келдi. Өзiнiң ең жақсы қасиеттерiнiң: қатер төнген сәтте бiрiгiп, ұйымдаса бiлуiнiң, сондай-ақ басқа халықтармен бейбiтшiлiк, келiсiм мен тату көршiлiк жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзiнiң мемлекеттiгiн қалпына келтiре алды.

Н.Ә.Назарбаев

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды туған жерін, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл,

адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу. Отанын мақтан ете білетін, потриоттық сезімі қалыптасқан тұлға қалыптастыру.


Құндылықтарды дарыту

-Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

-Қарым-қатынас жасау қабілеті;

-Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

-Жауапкершілік;

-Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;

-Өмір бойы оқуға дайын болу.

Ресімдеу

Слайд, видео

Музыкалық және бейне көркемдеу

Видео материалдар

Үлестірмелі материалдар

Суреттер, кеспеқағаздар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

«ТӘРБИЕ САҒАТЫ» Журналы. Сынып жетекшілеріне арналған республикалық басылым.

Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (5мин)


Класпен амандасу, психологиялық ахуал қалыптастыру, оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындау.


Интерактивті тақта, слайд

Сабақ басы (10 мин)


І. Қызығушылықты ояту

  • Қазақстан қай жылы тәуелсіздігін алды?

  • Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіз?

  • Тәуелсіздіктің қандай нышандары бар?

-1991 жылы 16 желтоқсанда алды

- Тәуелсіздік – кез келген адамның, ұлттың, халықтың, елдің еркіндігі. Өзінің алдында дербестігі. Тәуелсіздік – сіздің тыныстап отырған, еркін әрі бақытты күн кешіп жатқан Отаныңыз. Әлемде екі жүзге тарта тәуелсіз мемлекет бар. Олардың өзі тілі, діні, ділі, салты мен дәстүрі, ғұрпы, мәдениеті дамыған. Оған қоса ішкі және сыртқы экономикасы да қалыптасқан.


-Қазақстан – өз гимні, елтаңбасы, көк байрағы мен ұстанымы бар зайырлы мемлекет.

Ту авторы Ш.Ниязбеков

Елтаңба авторы

Ж. Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов.

Әнұран авторы

Сөзін жазғандар: Ж. Нәжімеденов, Н.Назарбаев

Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов


АКТ

Ортасы (30 мин)



ІІ . Мағынаны тану.

«Ойлан тап» тәуелсіздік алған жылдардағы жетістіктерден суреттер немесе сұрақтар жасыру

1.Суреттің тәуелсіздік жетістігіне қандай байланысы бар?

Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.

2. БҰҰ туралы не білесіз?

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) — халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға, халықтар арасындағы достық қатынастарды дамытуға, халықаралық ынтымақтастыққа қол жеткізуге және мемлекеттердің іс-әрекеттерін үйлестіру орталығы болуға бағытталған үкіметаралық ұйым. Бұл әлемдегі ең ірі, ең таныс, халықаралық деңгейде ұсынылған және ең қуатты үкіметаралық ұйым.

Бас кеңсесі орналасуы — Нью-ЙоркАҚШ. Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді.Қазақстан БҰҰ-ға 1992 жылдың 2 наурызында қабылданды.

3.Мына сурет туралы не айтасыз?

Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы екені баршаға аян. Қазақстанның Жоғарғы кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде Назарбаевтың ұсынысымен елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдайды. Араға үш жыл салып, 1997 жылы 20 қазанда Елбасы астананы ауыстыру туралы жарлыққа қол қояды. Осы құжатқа сай Ақмола Қазақстанның астанасы құқығын 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап иеленді.

1998 жылы 6 мамырда президент жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді.

2019 жылдың көктемінде елорда атауы тағы өзгерді. Қазақстанның екінші президенті 2019 жылы 20 наурызда ұлықтау рәсімінде ел астанасын республиканың тұңғыш президентінің құрметіне Нұр-Сұлтан деп атауды ұсынды.

4.Ұлттық теңге қай уақытта айналымға енді?

5.Ата Заң туралы не білесіз?


6.ЭКСПО көрмесі Қазақстанда қай жылы өтті, тақырыбы қандай болды?

2017 жылы Қазақстанда халықаралық, мамандандырылған EXPO көрмесі өтті. «Экспо» халықаралық мамандандырылған көрмесі — ірі халықаралық көрме, онда жаңашыл ғылыми-техникалық жетістіктер, даму перспективалары, сонымен қатар бүкіл әлем елдерінің тарихы, дәстүрлері мен мәдениеті көрсетіледі. 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысты.

7. Мына кісілер туралы не білесіз?


Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубакіров (1991 жылы алғаш ғарышқа шықты) пен Талғат Мұсабаевтың (1994-2001 жылдар аралығында 3 рет ғарышқа шықты) ізін жалғап 3-ші қазақ 2015 жылы Айдын Айымбетов ғарышты бағындырды

8.Біздің мақтанышымыз деп айта аламыз ба? Неліктен?

2019 жылы 9 маусымда Тәуелсіз қазақстан тарихында екінші президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайланды






Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. 1991 жылдың 29 тамызында Семей полигоны жабылды.











































Астана қаласы 1997 жылыдың 1 желтоқсанынан бастан Қазақстанның астанасы





























1993 жылы 15 қарашада


1995 жылы 30 тамызда қабылданды











2017 жылы Астана қаласында «Болашақтың энергиясы» тақырыбында халықаралық көрме өтті










Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкерлер














2018 жылы жерлесіміз Димаш Құдайберген «I’m singer» байқауына қатысып Қазақстанды әлемге танытты


Соңы (5 мин)



Қорытынды.Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.

Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.

Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.

Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлде қайда қиын.

Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.

Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.

Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік

Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек,- деп айтып кеткен болатын Елбасымыз өзінің жолдауында.

«Қазақта бірлік болмай,тірлік болмайды»-деген ұлағатты ұғым бар. Қазақ елінің нығайып,өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!