16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілік
Мақсаты:
1) Балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру
балалардың Отанға деген сүйспеншіліктерін арттыру. Қазақстан
Республикасының мемлекетік рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран туралы
білімдерін қалыптастыру. Отан туралы тақпақ. Мақал-мәтелді жатқа
айтуға үйрету. Патриоттық сезімге баулу.
2) Балалардың тіл байлығын ой-өрісін, сөзді
байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.
3) Елімізді, жерімізді қадірлеуге, сүюге
тәрбиелеу.
Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» әнімен балалар залға кіреді.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!
«Тәуелсіздік-тұғырым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Барша халық таныған,
Біздің үміт тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі.
- Әнұранды орындау.
Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан республикасы.
Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің тұңғыш елбасы кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: Астана.
Жақсы балалар.
Тәрбиеші: Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.
Арсен.
Отанның қасиетті тілін
сүйем,
Отанның қасиетті күнін сүйем.
Отан, Отан, Отан!
Бәрінен де биік екен!
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Саян.
Бейбіт таңдар арайлап
атады,
Туған жерді аймалайды шапағы.
Байтақ елім-ұлы Қазақстаным!
Ең бақытты балалардың Отаны.
Дінмұхаммед.
Қазақстан - азат елім,
Таңғажайып туған жерім.
Тек сен үшін мақтанамын,
Қазақстан – елім менің.
Астана арман қала,
Бағы бір жанған қала
Тұрасың жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да
Аилин
Көгінде күн нұрын
төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
Зерде.
Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім - Елтаңбам
Әнші қызымыз Мөлдірдің орындауында «Бала тілегі» әнін қабыл алыңыздар.
Келесі тақпақтарын айтуға балалар
Жібек. С.
Мерекеге шығады,
Бүкіл халық біліп қой,
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік ұлы той.
Әлинұр.
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Мөлдір.
Көк аспандай тулайтын,
Желтоқсанның күні бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін күні бұл.
Қуаныш.
Өзімдікі туымда,
От пен ауа суымда.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында!
Тәрбиеші:
Тал шыбықтай бұралған
Қазағымның қыздары-ай
Сүйсіндірген биімен
Өнерлі ғой қыздар–ай - деп
«Қазақстан-бақытты балалардың Отаны» биін тамашалыңыздар!
Тәрбиеші:
Қазақстан - азат елім,
Таңғажайып туған жерім.
Тек сен үшін мақтанамын,
Қазақстан – елім менің.
Бота. Күтпеген сәт: Баланың түсі
Бала
(Димаш): Әже, әже
шыраққа қарашы ұстап алайықшы.
Әже: біссімілла неге шошындың бала?
Бала: Әже, әже көп түс көрдім, әже көп жарық күнді
көрдім.
Әже: Е балам,
ол сенің бақытың балам, Тәуелсіздігіміздің мәнгі жарық күні. Балам
бара ғой, жолдастарыңнан сүйінші сұрай
ғой.
Бала: Алақай,
сүйінші! Тәуелсіздіктің таңы атып келеді.
Баян.
Тәуелсіздік-тірегім,
Тәуелсіздік –тілегім.
Ертеңі деп елімнің,
Дүрсілдейді жүрегім.
Әмире
Жасасын азат ерлік күн
Жасасын бейбіт елмен жер
Бостандық алған қазақтың
Мәртебесін көрсін ел.
Тәрбиеші: Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар,Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, еліміз–аман, жұртымыз тыныш болсын, еліміздің мықты азаматы болыңдар балалар. «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға рахмет!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Тәуелсіздік жылдары.»

шағым қалдыра аласыз