: Тәуелсіздік –киелі
ұғым.
Қайырлы күн құрметті де, қадірлі тәуелсіз елдің
ұрпақтары!
Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен
құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік,
егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің
Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған
елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз
мемлекеттілігін бұдан 27 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке
күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі
туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда
қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып
өтіледі.
Тәуелсіздік – кез келген ел үшін жаңа сатыға
көтерілу мен қайта түлеудің, гүлденіп дамудың тың қадамы, елеулі
тарихи кезеңі. Алтайдан Атырауға дейінгі кең байтақ өлкемізді cан
жылдар бойы отарлықтың құрсауында ұстаған кеңестік империя
күйрегеннен кейін Қазақ елі еркіндікке қол жеткізді. Алғашқы
Конституциямыз бекітіліп, республикалық мемлекеттілігімізді
заңдастырған кезден бастап, дербестіктің игілігін сезіне бастадық.
Азаттық қазақтың ежелгі арманы еді. Ел аңсаған азаттық 1991- жылы
16-желтоқсанда тәуелсіздік таңын тудырды. Бұл күнді тарихи бір сәт
десек те болады. Ал, мұны дүниенің жаратылысымен тарих дөңгелегінің
заманалар белесіндегі қасиетімен даралап айтсақ, Қазақстан
тарихында бұл дата ешқашанда ұмытылмайтын, бақытты бағасымен
халқымыздың есінде мәңгілік сақталып қалары анық. Тәуелсіздік —
халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік — халықтың жеңісі,
елдің мерейі. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын
өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 27 жылдың бедерінде
айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым
ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
айтқандай, егемен Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Отанымыз жер
жүзілік қауымдастықтың терезесі тең мүшесі ретінде демократиялық
өрениетті даму жолына түсті. Үш ғасырға созылған ата-бабамыздың
арманының жүзеге асқаны, оған өзімнің куәгер болғаным – мен үшін
шексіз қуаныш.
XX ғасырдың сүргінін бастан кешіп, жаңа
мыңжылдықтың табалдырығын жаңғырған қалпында аттаған Қазақстан
өзінің барша төлтума болмысын, жарқын да бай мәдениетін, ғасырлар
қойнауында қалыптасқан салт-дәстүрін, қызық та қилы-қилы тарихын
әлем халықтарының алдына жайып салып, құлдығы мен зорлығы жоқ жаңа
өмірді жаңғырту үшін, еңбек пен мәдениетті жарастыру үшін, сұлулық
пен парасаттың салтанат құруы үшін, жаппай келісімі жарасқан
прогрессивті адамзатпен бір сапта болу үшін жаңаша өмірге қадам
басты.
Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың
даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең
алдымен сан бір шаңырақ астында түрлі ұлттардан құралған халқының
ауызбірлігімен аты шықты. Ең бастысы, Қазақ халқымен бірге әр түрлі
этностардың да отаны болып табылатын біздің еліміз бүкіл әлемге
қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты сақтаудың, әр түрлі ұлттық
мәдениеттер мен діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың
жарқын үлгісін көрсетіп берді.. Бүгінгі Қазақстан — өзі орналасқан
аймақтың ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және
шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың пікіріне әлем саясаткерлері ықылас қоятын
болды. Егемендік алған жылдар ішінде өзіне тән барлық институттары
бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын мемлекет
құрылды, оның қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі қамтамасыз етілді.
Конституциялық жолмен мемлекеттік және саяси билік құрылымдарын
жаңарту негізінде елдің демократиялық жолмен дамуының берік
іргетасы қаланды. Елдің ішкі экономикалық жүйесі түбірімен өзгеріп,
дамыған өркениетті елдердің ешқайсысынан кем түспейтін нарықтық
қатынастар мен институттар құрылды. Соның негізінде Қазақстан
дүниежүзілік экономикада өз орны бар елге айналды. 27 жыл ішінде
Қазақ халқының ұлттық санасы жаңғырып, өзін — өзі тану, өзінің бай
ежелден қалыптасқан тарихы мен ұлттық дәстүрлерін құрметтеу, ұлы
тұлғаларын бүкіл дүниеге таныту, бай рухани қазынасын әлемдік
өркениетпен ұластыру бағытында қыруар шаруалар атқарылды. Атап
айтсақ тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай
бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз
және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елді өзінің тез көркейіп
өсуімен таң қалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік
қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» асқақ рухты ел екенін
мойындаттық.
Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени,
рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. Өзіне тән барлық
институттары бар, әлемдік
қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын
тәуелсіз мемлекет құрылды. Жыл сайынғы Президенттің халыққа арнаған
Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалары, стратегиялық
бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып,
тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды. Елбасы өз Жолдауында ішкі
саяси мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі
мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел
қауіпсіздігін нығайту екенін атап өтті. «Болашаққа бағдар; рухани
жаңғыру» атты теңіздей терең ойлы, халықты кемел келешекке
бастайтын асқақ ауқымды, аса маңызды мақаланың жазылып ,онда
айтылған ойлардың жүзеге асырыла бастауы айқын
айғақ.
Тәуелсіз еліміздің тарихы тамырында екені баршаға
мәлім. Кешегі тарих бүгін үлкен алып бәйтерек іспеттес. Ал оның
алтын діңгегі елбасының жыл сайынғы халыққа жолдаған жолдаулары.
Осы жылдың қазан айындаға Елбасының Жолдауы: «Қазақстандықтардың
әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты тақырыпта
жолданған, сонымен қатар қараша айындағы «Ұлы даланың жеті қыры»
атты мақаласы жарияланған еді. Елбасының жолдаулары мен
мақалаларының барлығы халықтың әл-ауқаты, әлеуметтік
тұрмыс-тіршілігін жақсартуға негізделгені сөзсіз. Ендеше, бұл
стратегиялық міндетіміз ең бірінші тұрғындардың өмірінің сапасы мен
тұрмыстық деңгейін көтеру болып
табылады.
Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының
бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.
Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Елбасының
«Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес,
өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы қол жеткен өз
мемлекттілігін құруға деген заңды құқығы бұл даусыз және саяси
фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», — деп атап көрсетуінде үлкен
мағына жатыр.
Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін –
біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар
өткенге тағзымды ету, салауат пен болашаққа деген сенімі мол болып
табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың
қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз –
Қазақстанға деген құрмет сезімін ұялататын ата-бабамыздың сара
жолындағы іс-әрекетті жалғастыру
керек.
Қоғамдық өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі
қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай орындалып отыр.
Ата-бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған
болса, біздің алдымызда тәуелсіздік пен мәңгілік ел идеясын
асқақтату, оны нығайта түсу міндеті
тұр.
Ендеше, әрқашан да әрқайсымыздың кішкене
отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың дамуы мен
жасампаздық жолындағы мерейлі мерекесі - тәуелсіздік күні құтты
болсын, көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен
желбірей берсін!
Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! !
!