400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Тәуелсіздік күні»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тәуелсіздік күні»
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚР тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған ашық тәрбие сағатының сценарийі
Мақсаты: балаларға тәуелсіздік туралы ұғындыру, туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.
Тәрбие сағатынын қарсаңындағы көтеріңкі көңіл – күй.

Қазақстан республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады.

Тәрбие сағатынын шымылдырығын «Араман» күмен ашамыз.

----Армысыздар құрметті қонақтар ата-аналар мен және сүйкімді оқушылар!
-«Тәуелсіз – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіз күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата – бабаларымыз ғасырлар бойы армандап күтумен өтті.
Айлин-Біз, тәуелсіз қазақ елінің жас ұландарысыңдар.

- Бүгінгі тәуелсіздіктің 27 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке тағзым» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Домбырамен ән: «Табиғат сыйы»

І-топ

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің


Осындай еркіндікті ел тілесін,
Бақыт құсы бағымызға еркін келсін.
Ал енді Тәуелсіздік құтты болып,
Көк байрақ мәңгі – бақи желбіресін!



Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.


Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Хор: «Жайна Астана»

ІІ-топ
Тапталмасын деп қазақтың кек, ары,
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары.
Топты бастап шықты Ләззат алаңға
Толған еді он алтыға не бәрі.

Қуан бүгін, қуан халқым, шынында,
Ақтарылсын ағыл - тегіл жырым да.
Бір құдайдан бірлік қана тілеймін,
Бүгінгі мынау тәуелсіздік таңында.


Көк аспандай тулайтын,
Желтоқсанның күні бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін күні бұл.


Мереке бүгін бақ күні,
Егеменді елімнің.
Желбірейді көк туы,
Түсіндей боп көгімнің.

Мереке бүгін ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген.
Азаттық елдің ұлымын,
Теңескен төбесі көкпенен.

Гимнастика: Айлин

ІІІ-топ

Аласармас аспанымда,
Күнмен гүлдеп ел өседі.
Қазақстан аспанында.
Бостандықтың желі еседі.


Әнді алысқа жеткіземіз,
Көкке елдің туы ілінді
Жылда той қып өткіземіз,
Тәуелсіздік ұлы күнді.


Сарыарқаның даласында,
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің, жерім менің,
Баққа қолы жеткен күн.

Бостандығым тұңғыш рет,
Аққанатын қаққан күн.
Әже әлдилеп немересін,
Басы айналған бақтан күн.

-Балалар, рәміздер туралы білеміз бе?

--Мемлекеттік рәміздер - еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің белгісі.

- Рәміздер – халқымыздың рухани, ұлттық салт санасын болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін құнды белгілер.

- Мемлекеттік рәміздер:Гимн, Ту,Елтаңба.Гимн салтанатты кештерде, жиындарда, спортшылар жеңіс тұғырына көтерілгенде орындалады. Әнұранды барлық бала білеміз. Гимн шырұағанда тыныш тұрып, оң қолымызды жүрегіміздің тұсына апарып жүрекпен тыңдаймыз. Гимн сөзінің авторлары: Жұмекен Нәжімиденов, Нұрсұлтан Назарбаев.Әні: Шәмші Қалдаяқовтікі.

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі ол Қазақстан туы.

Тудың авторы белгілі суретші Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков.

Біздің туымыз көгілдір түсті, тік төртбұрышты. Көгілдір түс тыныштықты білдіреді. Қақ ортасында сәулесін шашқан алтын күн бар ол байлықтың белгісі.

Күннің астында Қыран құс бар. Ол Қазақстан қырандай биікке самғасын дегенді білдіреді.Тудағы ою – өрнек қазақтың ұлттық ою – өрнегі.Біз туымызды құрмет тұтамыз.

--Мемлекеттік елтаңбаның авторлары:

Танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уалиханов. Қ. Р. Елтаңбаларында шаңырақ бейнесі бар. Одан жан – жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уық көптеген халықтар бірлігін көрсетеді.

-Елтаңбаның екі жағында ертедегі қанатты тұлпар, жоғары жағындағы бес бұрыш жұлдызша бақытты өмірге жол сілтейді.

Төменгі жағындағы «Қазақстан»жазуы республикамыздың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы.
Мұғалім сөзі:
- Жарайсыңдар балалар: Мемлекеттік рәміздер туралы өте жақсы айттыңдар. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз боп саналады.

Ұлдар биі «Батырлар биі»

4-топ

Көк майсалы жерім менің,
Егеменді елім менің.
Бас имеймін ешкімге,
Тәуелсізбін мен бүгін.

Егемен болмай ел болмас,
Етек - жеңі кем болмас.
Терезесі тең болмас,
Енді қазақ кем болмас.


Өзімдікі елім де,
Өзімдікі жерім де.
Би - билейтін күн бүгін,
Тәуелсіздік төрінде.
Өзімдікі туымда,
От пен ауа суымда.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында!
Жасасын жаса, азат күн,
Жасасын бейбіт ел мен жер.
Бостандық алған қазақтың,
Мәртебесін көрсін ел.


Отан деген атамекен
Отан деген туған жер
Отан – Ана
Отан – үлкен
Қазақстан туған ел!


Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Қыздар биі «Себет»

Құрметті мектеп ұжымы, ұстаздар, қонақтар және де оқушылар. Бүгінгі «Тәулесіздік-тұғырым» атты кешіміз мәресіне жетті.  
1-жүргізуші: 
Елдің ертеңі жарық болсын! Келесі кездескенше аман болыңыздар!

Флешмоб: «Жаса Қазақстан»



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
455
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі