жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәуелсіздік күні
Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі ата- аналар және оқушылар!
Егеменді ел тәуелсіздігін алғанына 27 жыл толыпты. Осы үлкен мерейтойына арналаған « Тәуелсіздік күні » атты кешіне қош келдіңіздер!
Қазір алдарыңызға кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің өнерін, осы уақытқа дейін алған білімін ортаға салады. Қошемет көрсетіп балаларды қарсы алайық. (жылқының дауысымен екі бала шығады)
-
Оқушы
-Ау достым, мына жерде не болып жатыр? Бәрі жиналып қалыптығой.
-
Оқушы
-Сен білмейсің ба, бүгін Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына байланысты той өткелі жатыр.
-
Оқушы
-Қыздар әдемі болып кетіпті ғой (қыздардың күлкісі шығады).Олар той бастағалы тұр.
-
Оқушы
-Олай болса, бізде қыздарға жауап беретін әнімізге дайындалайық.
-
Оқушы
-Иә, бәрекелді (шығып кетеді.)
Тойбастар басталады
Қыздар хормен
Алма ағаштың гүліндей – ау,
Егемендік елім-ай- ау
Тәуелсіздікпен мақтан етем,
Арта берсін мерейің- ай
Жігіттер хормен
Бекзаттарым- ай, жегжаттарым – ай
Тәуелсіздік тойына келіп жатқаным-ай
1-жүргізуші:
Қазақтың жаңа астанасы бой көтергеннен бері 18 жылдың ішінде әлемді сүйсіндірді, сұлулығымен таң қалдырды.
2-жүргізуші:
Бас аяғы 25 жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
1-жүргізуші:
Қолын санап тұрады.
2-жүргізуші:
Сен не істеп тұрсың?
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік сөзінің әріптері не мағына береді деп ойлап тұрмын.
2-жүргізуші:
Оны ойлап әуре болмай балалардан сұрайық.
Оқушы. Қазақстан қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын біл.
Он бір әріп не мағына береді.
(Балалар келеді, қолдарына әріптер ұстап шығады.Артынан флипчарттан жылдар шығып отырады. )
Т- білдіреді теңдікті
Ә- әдептілік, әдемілік
У- уайымсыз уақытты
Е- егемендік елдікті
Л- лауазымды, лебізді
С- сенімділік секілді ең
І- ілтипат пен ізет қой
З- зиялылық тілек қой
Д- шақырады достыққа
І- ізгілікті білдіреді
К- дейді күн боп көктегі көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік тұғыры ғой бұл елдің, 25 жасың құтты болсын нұр елім.
2-жүргізуші:
25 жылда шықтың талай белеске, Қазақстан жасай берші гүл елім.
Хор
Көрініс «Үш би»
Төле би: Уа, халқым, сөз қадірін білесің:
Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшы болмаса, ер жетім.
Ұқпасқа айтқан сөз жетім...
Атың жақсы болса,
Ержігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Қазыбек би: Аты жаманның арманы кетер,
Баласы жаманның дәрмені кетер.
Әйтеке би: Биікке шықсаң, көзің ашылады,
Жақсымен жолдас болсаң, көңілің ашылады.
Төле би: Сөз танығыш жастарға айтатын 8 түрлі жұмбағым бар.
Әйтеке би: Айтыңыз, ұлы аға.
Төле би: Айтсам 8 түрлі жұмбағым мынау: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз.
Дауыс: Бұл не деген жұмбақ! Осындай да жұмбақ бола ма?
Қазыбек би: Ұлы аға! Бұл жұмбақты мен шешейін, рұқсат етсеңіз.
Төле би: Рұқсат, қаз дауысты Қазбегім, рұқсат!
Қазыбек би: Бір дегеніңіз – бірлігі кеткен ел жаман
Екі дегеніңіз – егесіп өткен ер жаман
Үш дегеніңіз – үш бұтаққа бөлінген ағайын жаман
Төрт дегеніңіз – тіл алмаған жас жаман
Бес дегеніңіз – белсеніп шапқан жау жаман
Алты дегеніңіз – асқынып кеткен дерт жаман
Жеті дегеніңіз – жетім қалған жас жаман
Сегіз дегеніңіз – серпілмеген қайғы жаман деген сөзіңіз, ұлы аға!
Төле би: Рұқсат дәл тауып шештің, ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің...
Әйтеке би: Суалмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ
Тамыры суда тұрса да,
Уақтысы жеткенде,
Қурамайтын құрақ жоқ...
Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.
Төле би: Дұрыс айтасың, Әйтеке. Ал, қаз дауысты Қазыбек би, мынау жиылған халайыққа не айтасың?
Қазыбек би: Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма –
Кесепаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма –
Өшкеніңді өшірерсің.
Басына іс түскен пақырға
Қастық қылма –
Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдеммші бол асыға.
Қиын-қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба.
Қазыбек би: Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма –
Кесепаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма –
Өшкеніңді өшірерсің.
Басына іс түскен пақырға
Қастық қылма –
Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдеммші бол асыға.
Қиын-қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба.
-
оқушы.
Әрқашан да мақтанамын жеріме,
Қазыналы дархан байтақ еліме.
Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,
Тәлеймін мен бейбітшілік еліме.
2- оқушы.
Біз намыскер қазақ елі ұланымыз
Қорғайтын жерімізді-қыранымыз
«Талап, еңбек, терең ой, қанағат қыл,
Рақым ет»-деп Абай айтқан ұранымыз.
3-оқушы.
Мерейім нұрлана бер , азат күнім,
Көрейін бақытының азаттығын.
Таңымды тамылжытқан бостандықтан
Таңымды бар әлемге қазақ бүгін.
4 -оқушы.
Отаным кең далам орманды,
Болаттан соғылған қорғанды
Бақыттың, шаттықтың мекені,
Қолдаймыз, қорғаймыз Отанды.
5- оқушы.
Туған елдің жырын жырлап ғарыштан
Қазағыммен бүкіл әлем танысқан
Келешегі кең өрісті, кемелді,
Жайна мәңгі Қазақстан –гүлстан!
Кукла биі (қыздар)
Көрініс «Ақыл мен байлық»
Бір шалдың төр ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып былай депті:
-
Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы мен байлығы сай болса, сол мұрагерім болады. Әрұайсыларыңмаған байлықтарың мен ақылдарыңды көрсетіңдер,-депті.
Үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп:
-
Міне, менің байлығым. Ал, кім бай болса, сол ақылды депті.
Екінші ұлы асыл киімдерін киәп, әдеміленіп келеді де:
-
Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді,-дейді.
Үшінші ұлы күмістен және тастармен әшекейленген белдігін буынады да:
-
Бұндай белдікті, -ешкім ешқашан буынып көрген жоқ.
Әкесі үлкен балаларына қарап басын шайқайды да, ең кіші ұлына қарап:
- Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың?-дейді. Сонда кенжесі былай дейді:
- Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, қымбат тастармен әшекейленген белдік те жоқ. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат-жігерге толы жүрегім ғана бар.
Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды. Ол өзінің мұрагері болады деп, кіші ұлын айтыпты. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.
Хор
Мақал-мәтел жарысы
1.Отан үшін еңбек етсең
...............................................................
(халқыңның сүйген ұлы боласың.)
2.Отан – елдің анасы
..................................................
(Ел – ердің анасы)
3.Отанды сүю – ..........................(от басынан басталады)
4.Отан үшін күрес,
.........................................
(Ерге тиген үлес.)
5.Туған жердей жер болмас,
..................................
(Туған елдей ел болмас.)
6.Туған жер – тұғырың,
................................................
(Туған ел – қыдырың.)
7. Акқу көлін аңсайды,
........................................
(Адам туған жерін
аңсайды.)
6- оқушы
Сүйемін сені қасиетті мекенім,
Мәңгі сені әнмен желпіп өтемін.
Сенде ғана көтерілем биікке,
Сенде ғана арманыма жетемін.
7- оқушы
Абай туған, Сәкен туған
Құрметте, достым, қазақ жерін
Қамбаға жылда мол астық құйған
Қазақстан –Республикам менің.
8-оқушы
Әнді алысқа жеткіземіз,
Көкке елдің туы ілінді.
Жылда той қып өткіземіз,
Тәуелсіздік ұлы күнді.
КВН ұлдар
Оқушы: Кеше біздер сыныпта
Диктант жазып отырдық
Көшірдім мен Күләштан
Бір парақты толтырып,
Үзілісте мен іште
Асыр салып ойнадым
Құрығанда бір «үшке»
Жаздым –ау деп ойладым
Сөйтсем, мойыны ұп-ұзын
«Бір» алыптым, құрысын!
Дәптер беті қып-қызыл,
Ұялған ғой мен үшін.
Оқушы: Түртіп қалдым Майқанды
Майқан маған қарады,
Әй, сен осы қай пәнді
Сүйесің деп сұрадым.
Білгендерге пән – мәннің
Барлығы да тәуір-ау!
Деді Майқан – Ал менің
Сүйер пәнім – қоңырау.
Оқушы: Бүгін қатты ұйықтаппын,
Бір кез шошып ояндым,
Сағат сегіз боп қапты
Қар басыпты үй алдын
Татқам да жоқ тамақтан,
Асып-сасып киіндім
Кешіктім деп сабақтан,
Өз-өзімнен күйіндім
Біраз жер бар мектепке,
Біздің одан үй алыс.
Аптығыппын мен текке,
Жетіп келсем – демалыс.
Оқушы: Бүгін үлкен қуаныш
Беске-бесті қоса алдым
Былай қалып жаман «үш»
Бірінші рет «бес» алдым
Жайда бергім келмейтін,
Күнделікті ұсындым
Оқытушым күлмейтін
Күлді содан қысылдым
Қояры бір «бес» деп,
Оқытушым ондырды,
«Екімді» де кешегі
Күнделікке қондырды.
Оқушы: Қыртыс-қыртыс үйпалақ
Киіп алдым жейдемді
Омырауын сипалап
Таба алмадым түймемді
Бірін таппай түйменің
Босқа пісіп – күйіппін
Асығыста жейдемнің
Оқушы: Дегенмен балалар
Жаман ойды алып тастайық
Сабағымызға қарайық
Егеменді еліміздің
Ұлы тұлғасы болайық.
Теріс жағын киіппін.
Би ұлдар қазақша
1-жүргізуші
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Викториналық сұрақтар
-
Қазақстанның Конститутциясы қай жылы қабылданды? (30тамыз, 1995 ж)
-
«Менің Қазақстаным» әнұранының сөзі мен әнін жазған кім?
(сөзін: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов. Әнін: Шәмші Қалдаяқов)
-
Қазақстан Республикасының президенті кім? (Нұрсұлтан Назарбаев)
-
Елбасымыздың туған жері? (Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)
-
«Балалық шағымның аспаны» атты фильмінде Елбасымыздың жастық шағын кім сомдайды? (Нұрлан Әлімжан)
-
Қазақстан неше елмен шектеседі? (5 ел)
-
Қазақстанда неше облыс бар? (14 облыс)
-
Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
2-жүргізуші
Қазақстан елінде тұратын адамдардың Отаны-Қазақстан Республикасы. Отан адамның туып өскен жері, тұратын атамекені. Біздің еліміздің табиғаты таңғаларлықтай бай өлке болып табылады.
1-жүргізуші
Атамекенді сүйе білген адамның бойында отан сүйгіштік, жауапкершілік, сенімділік, батылдылық қасиеттері дамиды. Атамекеннің көркеюі , гүлденуі, жаңғыруы сол жерде туыр өскен азаматтарға яғни бізге байланысты.
2-жүргізуші
Ендеше атамекенімізде қандай ұлт болсада бір шаңырақтың астында тату тұрайық. Құрметті ата-аналар, оқушылар бәріміз орнымыздан тұрып, «Атамекен» әнін бірге шырқайық.
Хор «Атамекен»
1-жүргізуші
Құрметті қонақтар ! Бүгінгі «Тәуелсіздік күні » атты ашық тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз.
Бірге:
Қош, сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген