400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуесіздік таңы!

(Зал іші мерекеге сай безендірілген) 1


Жүргізуші: Жансая

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар. Бүгінгі біздің "Тәуелсіздік таңы!” атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы

Енді ағайын, көгінде қалықтасын

Қазағымның қастерлі-Әнұраны

Балалар Әнұранға тұрады

Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының гимні орындалсын


Тәрбиеші: Балалар Бізге Тәуелсіздігіміз оңай жолмен келген жоқ,

Қаншама апа ағаларымыз Тәуелсіздігіміз үшін құрбан болды, атап айтсақ Қайрат Рысқұлбеков Ляззат Асанова. Спатаев

Осы аты аталған аға апаларымыздың есімі ещқашан ұмытылмайды, мәңгі есімізде қалады Оындай халық қаһарман батырларымыздың арқасында біз қазір бақытты, Тәуелсіз мемлекетпіз.

Тәуелсіздік үшін күрескен боздақтарымызды 1 минуттық үнсіздікпен еске алайық.

. Батыр -Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз.
 Ал осы мерекеге біз қалай жеттік? Экранға назар аударыңыздар


Видео
Қазақстанның көрікті жерлерін көрсету слйдт

Аяулым

1991 жылдың желтоқсан айының 16-шы жұлдызында Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды.

Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер біздерміз. Сәби күлкісімен ана мейрімінің сәні ешқашан бұзылмасын. Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз.

Жүргізуші: Батыр

Ендігі кезекте «Біз тәуелсіз мемлекеттің ұландары» атты көрінісімізді тамашалаңыздар.

Көрініс:

«Әжесі мен немересі» (Немересі ұйықтап жатып, шошып оянады)

Немересі: Расул Әже, әже қайдасыз?

Әжесі: София Құлыным – ау, не болды?

Немересі: Әже, мен түс көрдім?

Әжесі: Қандай түс көрдің, ботам?

2

Немересі: Түсімде мен аспанда ұшып жүр екенмін. Бойым ұзарып өсіп, өсіп күнге жетіпті. Түсімді жорып берші әже!

Әжесі: (ойланып) Е, құлыным, бұл түс жақсылықтың нышаны. Ата-бабамыз аңсаған еркіндіккке қолымыз жетеді. Аспанда бүркіттей самғап, Күніміз ашық болады деген сөз ғой, жарығым!

Немересі: (қуанып) Әже, ондай болса жүріңіз, халықтан сүйінші сұрайық.


Жүргізуші: Жансая

Ендігі кезекті 0ыздарымыздың орындауында «О туған елім» әнін қабыл алыңыздар


Жүргізуші: Батыр балалардың өлең шумақтарына кезек берейік

1 А.Інжу
Он алтыншы желтоқсан ,
Ел мерейі тасыған
 .
Қазақ деген қалың жұрт
 ,
Бәрін кешті басынан
 .
Он алтыншы желтоқсан ,
Тәуелсіздік алған күн
 .
Ерекше боп мәңгілік
 ,
Ел жадында қалған күн
 .


Нейля

О туған елім !Баурайында туған едім

О туған елім!жасай берші мәңгілік

О туған елім! Көркейе бер бар тілегім

О туған елім! Бар әлемді таң қылып

Алғысымыз шексіз туған ел!

Алихан

Отан-жерім, Отан суым,

Отан-қуат, нәр береді.

Отан-ұран, Отан туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Отан сенің ата – анаң,

Отан досың бауырың.

Отан өлкең, астанаң,

Отан аудан, аулың


Аяна

Армандарды жақындатып тым алыс

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс

Егеиендік-ел бақыты , ертеңі

О халайық құтты болсын қуаныш

3

.Шолпан
Әділеттің ұраны, 
Ақиқаттың шырағы.
 
Тыныштықтың туы боп,
 
Зор салтанат құрады.
 
Енді міне біз

тәуелсіз ел болдық 
Басқалармен терезесі

тең болдық 


Мадина

Азат өлкем күндей күлген шығыстан

Асыл елім жан-жүрегі ұғысқан

Ата бабам аңсап өткен бақытым

Айналайын, Қазақстан –Гүлстан

Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының болашақ армиясы осы сендерсіңдер Отанымызды қорғауға дайынсыңдар ма?

Балалар: Ия

Батыр: Ұлдардың орындауында «Солдат болам мен ертең» әнін тамашалаңыздар


Алан
Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын, 
Алдымызда барлық үміт ақталсын
 
Тату – тәтті бірлік болып қашанда
 
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
 



Дамира

Қуат  алған  өзінен,
Туған елдің  ұлымын.

Бақытты  етіп  өсірген,
Отанымның  гүлімін.


Абай:

Тәуелсіздік ұлы күгім

Тұрсын жайнап төбемде

Мың, жасай бер мәңгі бақи

Қуанышқа бөлен де

Тәуелсіздік бақ туын,

Қолға ұстаған сәт бүгін,

Болсын дейім шат күнім

Төреәлі

Сарыарқаның даласында

Күн шуағын төккен күн 4

Елім менің, жерім менің

Баққа қолы жеткен күн

Бостандығым тұңғыш рет

Аққанатын қаққан күн

Әже әлдилеп немересін

Басы айналған бақтан күн

Қанат Бексұлтан

Қайраттай қайсар ұлдардың

Жанымен келген еркіндік

Жазира мен Ляззаттың

Арымен келген ереіндік

Қасірет пен қайғының

Бәрімен келген еркіндік

Қүт ,береке-шаңырақ

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген

Димаш

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше болып мәңгілік

Ел жадында қалған күн

Көк аспанда тулардың

Желбіреген күні –бұл

Елім деген ұлдардың

Елжіреген күні бұл


Жамиля

Әділеттің ұраны

Ақиқаттың шырағы

Тыныштывқтың туы боп

Зор салтанат құрады


Жүргізуші:  Батыр Бүгін бізге қонаққа Алтын адам келіпті. Орнымыздан тұрып қол шапалақтап қарсы алайық (музыкамен Алтын адам кіреді, қолында глобус бар)


Алтын адам: Мирас Амансыңдарма балалар!

Балалар: Салеметсізбе!

Алтын адам: Мерекелерің құтты болсын!

Балалар: Рахмет!

Мен кіммін:

Сіз Алтын адамсыз


5

Алтын адам: Мен сендерге құр келген жоқпын өзімнің ойынымды ала келдім « Кім жылдам»

Алтын адам: Ойынның шарты мен сендерге сұрақ қоям соған жылдам жауап берулерің керек

Балалар: Иа

Алтын ада:.


1 Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан Республикасы
2 Еліміздің президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
3 Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: Астана.
4 Біз қай қалада тұрамыз?
Балалар: Алматы.

5 Біздің рәміздеріміз қалай аталады?

Балалар: Ту, Елтаңба, Гимн

6.Апорт алмасы қай қалада өседі?

Алматы қаласында

7.Мақта Қазақстан Республикасының қай өңірінде өсіріледі

Оңтүстік Қазақстан обл

8.Мұнай Қ.Р ның қай өңірінде өндіріледі

Бптыс Қазақстан обл

9. Астығымыз Қ Р-ның қай жерлерінде өсіріледі

Қостанай өңірінде

10.Көмір қай қалада өндіріледі

Қарағанды да

11.Алтын Қ.Р-ның қай облысында өндіріледі

Шығыс Қазақстан Өскемен

Тәрбиеші: Алтын Адам сен тбіздлің Балалардың жауабна ризасыңба?

Алтын адам: Әрине ризамын Дұрыс айтасыңдар, балалар. Сендер бәрін біледі екенсіңдер

Тәрбиеші Жарайсыңдар балалар Міне көрдліңдер ме Біздің еліміз бай және байтақ ел екенін

.

Тәрбиеші: Алтын адам біздің балалардың өнерін тамашалаңыз отырыңыз

Сізге арналған әнімізді қабыл алыңыз

Ән қыздардың орындауында «Ана тілім»

Батыр;

Біз бүгін Тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз. Біздің еліміз Тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнүраны, Елтаңбсы және өзінің мемлекеттік туы бар. Достарым мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?

Балалар. Туымыздың түсі- көк

-Ал енді достарым, Рәміздерге байланысты тақпақтарымызды айтайық

6

Айбек

Елтаңбасы елімні

Неткен әйбат, әдемі !

Түнығындай көңілдің

Ортада- Аспан әлемі

Кәусар

Анаң-күнің,жүрегіғ

Әкең-өмір тірегің

Сен бақытты ұлансың

Бірі саған қуансын


Бексұлтан

Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы


Досым

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім –Елтаңбам.


Інжу:

Аспанымдай мөлдірмін

Жайлауымдай жазықпын

Өзенімдей өршілмін

Гүлдерімдей нәзікпін


Ерсұлтан

Ақ ниетті-алтын күн

Асқақ арман-қыраны

Жалауы бұл халқымның.

Мәртебесі, мақтаны


Амина

Аласармас аспанымда

Күнмен гүлдеп ел өседі

Қазақстан аспанында

Бостандықтың желі өседі

Әнді алысқа жеткіземіз

Көкке елдің туы ілінді

Жылда той қып өткіземіз

Тәуелсіздік ұлы күнді!

7

Ортақ би балалардың орындауында

Флешмоб


Жүргізуші:  ЖансаяҚадірменді қонақтыр алтындай уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге мың алғыс. Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп, Жұртымыз аман, еліміз тыныш болсын! Осымен «Тәуелсіздік таңы!» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.

Тәрбиеші : Болашағымыз жарқын болсын! Жасасын Қазақстан





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
407
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі