400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік күніне арналған оқу іс әрекеті.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тәуелсіздік күні!» тақырыптық сабақ
Мақсаты: Балалардың  Отаны, Рәміздері, Елтаңбасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулері арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:

Әнұран  орындалады
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме,балалар! Бүгінгі «Тәуелсіздік»  күніне арналған сабағымызды бастаймыз.
-Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады ? Қазақстан.
- Қазақстан қандай мемлекет? Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
-Еліміздің Президенті кім? Тоқаев Қасымжомарт Кемелұлы.
-Еліміздің елордасы қай қала? Астана.
-Астана қандай қала? Астана - бас қала, әдемі, үлкен қала.

-Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды  әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың..
Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.

Диас

Отан деген – атамекен,                          

Отан деген – туған жер.

Отан – ана, Отан – үлкен,

Қазақстан – туған ел.

Тәрбиеші: Біз бүгін тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз. Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және өзінің Мемлекеттік туы бар.

-Балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?
-Туымыздың түсі – көк.
-Иә, өте жақсы. Ал, енді балалар, Рәміздерге байланысты тақпақтарымызды айтайық  

Қолдарына   ту, елтаңба, шаңырақ суреттері

Қайсар

Отаным менің Қазақстан.

Туың тұр ғой жарасқан

Жарқырап тұр күніңде.

Қыраның тұр көгінде.

Олжас

Елтаңбасы  елімнің
Неткен  әйбат, әдемі!
Тұнығындай  көңілдің,
Ортада  аспан  әлемі.

Тәрбиеші: Балалар сендер «Тәуелсіздік  алдық» дегенді  қалай түсінесіңдер? Балалар жауабы: Өзіміздің жеріміз, еліміз, туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз, теңгеміз бар.

Тәрбиеші: Біз көпұлтты егемен елміз. Тілімізге, дінімізге бөлінбей тату-тәтті бір аспанның астында, бір мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. 

-Қандай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз? (Қазақстан)

-Қазақстан деген мемлекетті басқарып отырған кім? (Тоқаев Қ.К.)

Нұрали

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн

Тәрбиеші: Қазақ жері – кең байтақ, ұлан – ғайыр  дала. Оның  табиғаты

алуан  түрлі, жері бай. Мұнда  жазық  дала да, көл  де, шөл  де, аймақ  та бар.

Әлемге  әйгілі  тарихи  ескерткіштер, табиғаты  көркем  қорықтар, көптеп кездеседі. Ал  келесі  балалардың  орындайтын  әсем  билері  де  осы  жайында.

Ойын «Шаңырақ»

Тәрбиеші: Мен сендерге жұмбақ жасырам кім жауабын айтады екен?
1. Келген емес жайдан жайдан - жай
    Жеңдік барлық езгіні
    Тәуелсіздік алғаны ай,
    Жылдың қай мезгілі?    (Қыс мезгілі , Желтоқсан айы )
2. Тәуелсіздік жолында
    Тапқан жолдың шешімін
    Президенті қазақтың
    Айтшы кәне есімін.    (
Қ.Тоқаев)
3. Туымыздан күн қарап,
    Күлімдейді әлемге.
    Күн астында қандай құс
    Қанат қаққан бар елге.    (қыран құс)
4. Көк аспанның түсі бар,
    Ортасында күні бар.
    Қыран ұшқан қалықтап,
    Кімнің туы біліп ал!    (Қазақстанның туы )
Тәрбиеші: Балалар мына «жүрек» шарды алып, шын жүректен Елбасымызға тілек тілейік. Балалар  шығып, бір- бір сөзден айтады
-Нұрлы күн болсын!
-Елімізде бейбітшілік болсын!
-Елбасымыз аман болсын!
-Қазақстан гүлдене берсін!
-Ана тілімізді құрметтейік
-Рәміздерді құрметтейік!
-Еліміз, жеріміз бай болсын!

-Деніміз сау болсын!

-Балабақша гүлдене берсін!

-Сіздерге қуаныш, шаттық тілейміз! ХОРМЕН (шапалақтау)

Тәрбиеші: Ал балалар осындай әдемі тілектермен  бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Сіздерге тағыда  мейрамдарыңыз құтты болсын, аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін дейміз!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
26.12.2023
388
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі