Материалдар / Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға Тәуелсіз Қазақстан туралы мәліметтер беру . Отансүйгіштікке тәрбиелеу патриоттық сезімдерін ояту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Наурыз 2024
180
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 15.12.2023 ж

Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!»

Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. Ән, тақпақ айту арқылы сөйлеу мәнерін қалыптастыру.

Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран. Мерекелік безендірілген сахна, слайд, әуен.

-(Балалар мереклік әуенмен залға кіреді)

-Барлығы тік тұрып әнұран тыңдайды.

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен балалар! Өткенін ұмытпаған, баһадүрлерін ұлықтаған ұлан-ғайыр атырапта бүгін үлкен мереке! Бұл мереке – Тәуелсіздігімізге 32 жыл толуы. Осынау қасиетті ұлық мерекеміз баршамызға құтты болсын.

Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. «Тәуелсіздік» – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына биыл міне 32 жыл толуда. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды. 1991 жылы 16 желтоқсан әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұл тәуелсіздік қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан бұрынғы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, аналарымыздың көз жасы еді.

Қазақ сөзінің өзі «еркін,кезбе» дегенді білдіреді. Ежелгі түркі дәуірінен бастап еркіндікте жүріп, көшпелі мемлекет болды . Тәуелсіздікті алу бізге оңайға соққан жоқ. Қаншама қазақтың зиялы қауымдары қарсы шығып, көтерілістер болып, жазықсыз жала жауып, ату жазасына кесілді. Тәуелсіздік үшін күрестің ең ауқымдысы, тарихта өзіндік ерекше жолын қалдырған «желтоқсан оқиғасы» . Бұл оқиға 1986ж 16-17 желтоқсанда Алматы қаласында орын алды. Қазақтың батыр қыздары мен жігіттері жас ерекшеліктеріне қарамастан алаңға шықты. Дәл осы көтерілістің арқасында біз тәуелсіздіздігімізді алуға бір қадам жақындай түстік. Осылайша, 1991ж 16 желоқсан еліміздің Тәуелсіздігін жариялаған күн болып есептелінеді.





Лаула, Лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық әнін шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел боламын деп талпындың,\

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның

Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес алауы!



Жүргізуші: Балалар ендеше келесі кезекті әсем әнге береміз.

Ән «Қазақстаным менің»

Орындатын: Арай, Нұрай, Ануар, Ұлжан



Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған -Түркия елі. Тек бір ел ғана емес, барша әлем елдері мойындап, қолдау көрсетті. Еркіндікке қол жеткізген жас мемлекеттің алдында жасалынатын көптеген жұмыстар тұрды. Өзінің ішкі және сыртқы саясатын, экономикасы мен валютасын қалыптастыру сынды жауапты жұмыстар тұрды. Осының бәрін отыз жылда орындап, әлем жұртының алдында өзіннің даңқты ел екенін мойындата білді. Тәуелсіз елдің алғашқы президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Еліміздің көркейіп, өркендеуіне бұл кісінің қосқан үлесі орасан. Міне содан бері арада 30жылдан аса уақыт өтті.

Тәуелсіздігіміздің арқасында көптеген шет елдермен жақсы қарым қатынас орнатып, жасөспірімдерге Еуропа, ТМД елдерінде білім алу, тәжірибе алмасу секілді көптеген мүмкіндіктер ұсынылып отыр.

Біз, өскелең жастар, тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз. Ата-бабаларымыздың аңсаған арманы – тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп, еркін өмір сүріп жатқан біздер шынайы бақытты жандармыз. Ендігі мақсат, осы еркіндікті баянды ету біздің басты парызымыз.

Жүргізуші: Келесі кезекті балаларымыздың мерекеге орай дайындаған тақпақтарына кезек береміз:






Ислам Мерекеге шығады

Бүкіл халық, біліп қой

Отандастар ұғады

Тәуелсіздік ұлық той


Ұлжан: Тәуелсіздік бүгін міне елімде,

Бақыт құсы самғап ұшты көгімде

Қазақ деген ғажап халық қашаннан,

Көк бөрінің ұрпағымыз тегінде.


Арай: Бабамның да арманы

Осы еді ғой аңсаған,

Тәуелсіздік таңдары

Бақ береді баршаға

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолына

Менің Қазақстаным.


Амандық: Жасай бер елім Қазағым,

Еселеніп ғажабың!

Отыз екі жылың құтты боп,

Кіре берсін ажарың.


Нұрсыйла: Қазақстаным айбыным,

Өзіңсің менің Ай, күнім!

Отыз екі жылдығың сыйласын,

Таусылмас шаттық байлығын!



Жүргізуші: Жәрайсыңдар балалар! Ендеше келесі кезекте сіздерге Желтоқсан оқиғасында құрбан болған батыр аға-әпкелеріміз туралы ақпарат бере кетсем. Барлығымыз экранға назар аударамыз.(Слайд көрсетіледі)


Жүргізуші: Клесі кезекті балаларымыздың орындауында биге береміз.

- Би: « Шаңырақ»

Жәрайсыңдар балалар!


Келесі кезекті тағы да балаларымыздың тақпақтарына кезек береміз:





Медина : Біз бақытты баламыз

Тәуелсіз елдің ұланы

Мәңгі жасап, гүлденеміз

Ұлы елдің қыраны


Мереке: Абыройың асқақ боп,

Жасай берші гүл елім.

Тәуелсіздігің құтты боп,

Биіктей бер жыр елім.


Қобылан: Тәуелсіздік тартуы ол тәңірдің

Тәуелсіздік маңдайдағы бағым бұл

Тәуелсіздік сыбағасы халқымның,

Тәуелсіздік таймай тұғын тағым бұл.


Нұриман: Тәуелсіздік елдеміз

Қуанамыз күнде біз

Ата-бабам қалдырған,

Біз баұытты баламыз.


Әнуар: Отан деген берекелі отбасы

Сүйер оны адамзаттың баршасы.

Мен бақытты бүлдіршінмін бүгінде

Жоққой оған ешкімнің де таласы.

Бұның бәрі татулықтыңарқасы

Тәуелсіздік – елдігімнің бастауы.



Жүргізуші: -Жәрайсыңдар балалар! Ендеше келесі кезекті әсм қыздарымыздың орындауында «Шаңырақ» атты биіне береміз!


- Би: «Шаңырақ»

-Орындайтын: Арай, Нұрай, Нұрсила, Жұлдыз


Жүргізуші: Жәрайсыңдар балалар, енді келесі тақпақтар легіне кезек берсек:



Ерсін: Қазақстан менің Отаным,

Атыңды әнге қосамын.

Шарықтап өсіп дамый бер,

Біліммен үлес қосамын.





Нұрислам: Еңсесі биік Отаным,

Мәңгілік ел бол қашанда.

Көктегі туым желбіреп,

Көк аспанда қыран құс

Самғай бер әлі биікте

Тыныштық бибіт заман бол,

Тәуелсіз елім аман бол.


Нұрай: Қазақстаным айбыным

Отыз екі жыл мінекей

Жарқырасын ай, күнің,

Тәуелсіз ел қазағым.

Сен деп өмір сүремін,

Өзіңе бас иемін

Тәуелсіздігім киелім!



3,Айқын: Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.



Жүргізуші: Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,

Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.

Есте сақтап ағалардың ерлігін,

Жүректерге сақтау керек үнемі.


Егемендік – бұл елімнің елдігі,

Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.

Егемендік – елін, жерін қорғаған,

Ербол менен Қайраттардың ерлігі.,- дей отырып, келесі кезекті ұлдардың орындауындағы «Сарбаздар» биіне береміз.


Би: «Сарбаздар» - Айқын, Ерсін, Қобылан, Әнуар, Нуриман.


Қорытынды: Жарайсыңдар балалар. Бүгінгі «Елімнің бесігін тербеткен – Тәуелсіздік» атты, Тәуелсіздігімізге 32 жыл толу құрметіне орай ұйымдастырылған мерекелік шарамыз өз мәресіне жетті. Егемендігіміз мәңгілік болғай. Сау болыңыздар!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ