
Білім саласы: Коммуникативтік, шығармашылық, әлеуметтік дағды
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырым.
Білімділік мәні: Тәуелсіздік күні туралы ұғымдарын қалыптастыру. Отанға деген
сүйіспеншілігін арттыру.
Дамытушылық мәні: Рәміздермен таныстыру, балалардың ой – өрісін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа,
патриоттыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Ту, елтаңба, әнұран.
Керекті құралдар: теледидар Суреттер, елтаңба, ту, карандаш, гуаш.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-
әрекеті
Мотивациялық қо
зғаушы
Шаттық шеңбері:
- Балалар, сендер таңертең ұйқыдан оянғанда терезеден
нені көресіңдер?
- Күнді, күннің жарқыраған нұрын көреміз.
- Күннің нұрын көргенде сендер қалай
қуанасыңдар?
- Алақай! деп қолымызды шапалақтап қуанамыз.
- Далаға шыққанда жоғарыдан не көреміз, төменнен
не көреміз?
- Жоғарыдан аспан, күнді, бұлтты.
- Төменнен жерді, шөптерді, гүлдерді, суды көреміз.
- Ендеше біз де аспанға, жерге, күнге сәлем берейік.
Шеңберге тұрады:
- Сәлем саған Алтын күн!
Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған достарым!
Сендерді көрсем қуанамын.
Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар, барлығымыз бірге әнұранды орындаймыз.
- Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
- Иә, біз ірі жер көлемі бар мемлекетте тұрамыз. Дүние
жүзінде 9-шы орында.
- Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?
- Біздің елбасымыз кім?
- Ал Нұрсұлтан қаласында қандай Әдемі жерлер бар?
Оны білу үшін теледидарға назар аударайық.
(Теледидардан Нұрсылтан қаласының көрікті жерлері
көрсетіледі).
Саяхат. Тәуелсіздік туралы көбірек білу үшін балалар,
Нұрсұлтан қаласына саяхат жасайық. Қане барлығымыз
ұшаққа отырамыз.
Балалар шеңберге
тұрып, бір–біріне
жылы лебіздерін
білдіреді.
Әнұранды
орындайды.
- Қазақстан
Республикасында
- Елтаңба, Көк ту,
Әнұран.
- Қасым-Жомарт
Тоқаев.
Ол президент.

Іздену -
ұйымдастырушы
- Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз тәуелсіздік, еркіндік
үшін күресіп Отанымыздың болашағы, балаларды
қорғауға, білімді азамат етіп өсіруге күш салып,
қаншама еңбек етті. Тәуелсіздік бізге 1991 жылы 16шы
желтоқсанда берілді. Биыл бізге 34 жыл толып жатыр.
Осы 34жыл ішінде Қазақстан көптеген жетістіктерге
жетті. Күні бүгінде Қазақстан республикасын бүкіл
әлем мойындады. Қазақстанның өзінің рәміздері бар.
Әнұран, көк ту, елтаңба.ҚР Мемлекеттік туы 1992
жылы 4 маусымда бекітілді. Авторы: Шәкен
Ниязбеков. ҚР Мемлекеттік елтаңбасы 1992 жылы 4
маусымда бекітілді. Авторлары: Жандарбек Мәлібеков
пен Шота Уалиханов. ҚР Мемлекеттік әнұраны сөзін
жазған Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған Шәмші
Қалдаяқов. – Жарайсыңдар балалар, шаршап қалған
болармыз. Сергіту сәтімен бірге сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Балалар слайдтағы балалармен біге «Қазақ
жігіттері» әніне билейді.
Ал енді балалар осы Нұрсұлтан қаласындағы ең үлкен
ғимарат байтеректің суретін салайық
Алдарымызда тұрған қағаздағы суретті әдемі етіп
ұқыпты бояймыз.
Отан туралы кім тақпақ айтып береді?
Имран:
Жыр арнадым еліме тебіріне,
Үміт артам елімнің ертеңіне
Тәуелсіздік алғалы көп жыл болып,
Отаным жылдан жылға көркеюде.
Абілмансур:
Біргемін мәңгі сенімен,
Ешқашан сені сатпаймын
Өзіңе деген өлшеусі
Құрметімді сақтаймын.
Арнаймын саған ән-жырды
Сен туралы жырлаймын
Көркейе бер, Отаным,
Сенсіз жерге сыймаймын.
Раяна
Отан-анаң ауялы,
Отан- әкең,ақылшың.
Отан-асыл арманның,
Аялаған өз елін.
- Нұрсұлтан
қаласында
- Тапсырманы
орындау

Аңсар
Қазақтың жері кең байтақ,
Бабамның берген еншісі.
Желбірей бер көк байрақ
Отанымның белгісі.
Әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар.
Біздің Қазақстан өте үлкен, көп ұлтты мемлекет.
Бәріміз бір үлкен жанұямыз, бір-бірімізді сыйлап, тату-
тәтті өмір сүрудеміз. Сондықтан біз өз жерімізді,
өз елімізді қадірлеуге, қорғауға тиістіміз.
Қорытындылау, мадақтау
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Тәуелсіздік, ҚР астанасын, Мемлекеттік рәміздерін, президентін, оларға
сипаттама беруді біледі.
Игерді: Отанын құрметтеуді, сұрақтарға жауап беруді біледі.
Меңгерді: Патриоттық сезім болуы керек