жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәуелсіздік күніне арналған 4 сынып ашық тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік – тұғырым»
Тәрбие сабағының мақсаты:
-
Оқушыларды Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру.
-
Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу. Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баулу.
-
Патриоттық тәрбие беру.
Ашық сабақ көрнекілігі: «Тәуелсіздік – тұғырым» атты қабырға лозунгі,
Қазақстан Республикасының рәміздері, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, плакаттар, үнтаспа, суреттер, т.б.
Сабақ түрі: Әдеби-көркем монтаж.
Жоспар: 1. Сабақтың мақсатын хабарлау
2.Тарихи шолу
3.Тәуелсіздік жетістіктері
Мұғалім:
16 желтоқсан – Алты алаштың айбынын айғақтаған, ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.
Тәуелсіздігімізге арналған ашық сабағымызды еліміздің мемлекеттік әнұранымен бастайық.
Әнұран орындалады.
-
Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресінің тарихи нәтижесі.
-
Сан түрлі кедергілер мен ауыр сындарға қарамастан, еліміз тәуелсіздігінің әрбір қадамы қай кезде де біздің жүрегімізді айрықша толқынысқа бөлейді, кеудемізді мақтаныш кернейді.
Қазақ елінің бастан кешкені туралы айта кетсек,
-
1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясының пленумында елімізді ширек ғасыр басқарған Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев орнынан алынып, шеттен келген Геннадий Колбин сайланды. Қазақ халқының наразылығын туғызып, әйгілі Желтоқсан оқиғасын туғызды.
Томирис
Қасқалдақ ұшып көлінен,
Шүрегей келіп қонған күн.
Қыранды қуып көгінен,
Қарғалар билік алған күн.
Сұлтан «Нашақор» деп, «ұлтшыл» деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Қақаған күннің ызғары,
Сүйектен өтіп кеткен күн.
Ділназ Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн
. Жанына таппай бір дауа
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Ернұр Бүгінгі таңның шапағатын, елдің көңіліне күн орнатқан қайсар аға-апаларымыз – Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира емес пе? Ізгілік атаулыдан күдерін үзіп, бар сенімі күйреген, рухани күйзелген балаң жігіт Қайраттың «Ақтық сөзі» артында қалды
Айару. Желтоқсан оқиғасы – ХХ ғасырдың ең ұлы оқиғаларының бірі.1986 жылдың желтоқсанындағы Қазақ жастарының төгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылған еді.
Балнұр.
Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.
Даңқың қалсын ұрпақ еске алғандай, - деп ақын ағаларымыз жырлағандай қазір әрқайсымыз да тәуелсіздік бізге қандай қиыншылықпен келгенін біліп, сезінуіміз керек.
Томирис
Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Сұлтан
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім – Күн тұтылып,
Ділназ
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Айару
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Ернұр
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Балнұр
Айта бергім келеді, айта бергім!
Мұғалім: Иә, Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске, Айта бергім келеді, айта бергім! – деп ақын Жұбан Молдағалиев атамыз жырлағандай, Тәуелсіздігімізді жариялағаннан кейінгі аз уақытта еліміз көптеген жетістіктерге жетті. Сол жетістіктерімізді атап өтейікші.
Мысалы: 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР-інің егемендігі туралы Декларация қабылданды. Ары қарай, жалғастырып айтып көрейік.
1-оқушы. 1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды.
2-оқушы. 1991 ж. 2 қазанда қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
3-оқушы. 1991 ж. 1 желтоқсанда тұңғыш Президент сайланды. Ал сол жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды.
4 -оқушы. 1992 ж. 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен ұлттар ұйымына мүше болды.
5-оқушы. 1992 ж. 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Сол жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады.
6--оқушы. 1993 ж. 28 қаңтарда Тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі Заңы – Конституция қабылданды.
1-оқушы. 1993 жылдың 15 қарашасы еліміздің тарихында ерекше күн болып қалды. Осы күннен бастап ұлттық валютамыз – Теңге айналымға енді.
2-оқушы. 1995 ж. 30 тамызда қазіргі Ата Заңымыз – жаңа Конституция қабылданды. Ал, 1996 ж. Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды.
3-оқушы. 1997 ж. 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы ретінде жарияланды. 1998 ж. Президент Жарлығымен Ақмола қаласы Астана қаласы болып өзгертілді. Нұртай
4-оқушы. Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар, Қазақстан – бұл азат ел, танысыңдар. Көк байрақты, елтаңбалы, әнұранды, Қазақ елі – егеменді, сан ұлты бар.
5- оқушы Еліміздің, елдігіміздің белгісі – көгілдір туымыз, қасиетті көк байрағымыз көкте қалықтап, желбірей берсін!
6-
оқушы Қазақ
даласы. .
Неткен байтақ қазақ жері, кең еді.
Жетпес оған еш ақынның теңеуі.
Кең пейілдік, дарқандыққа жасымнан
Баурап еді баласындай мені елі.
Өткен ғасырдың 1991 жылғы 16 желтоқсанында Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге, міне 27 жыл толғалы отыр.
Сұрақтар:
Тәуелсіздік деген
не?
Тыншу бермей ол мүлдем,
Тәуелсіздік деген не? Әр нәрсені шолдым кең..
Ынтымақ па, бедел ме? Бұл сұрақты, үйдегі
Жұрт па, Ұлт па, ол әлде? Әр адамға қойдым
мен.
Томирис
Тарих –кесіп кіндігін,
Халық – ашқан түндігін:
ТӘУЕЛСІЗДІК- тұғырым,
Біз – төліміз бір күннің....
Ернұр
Жалғап нұрлы жолды алға,
Болам елге қорған да:
Еркіндікпен – Егізбін,
Он жастамын Ол да – онда!...
Ділназ
Атам менің желпініп:
«Ер жігіттің – серті нық!...
Құрдасыңа сай болып,
Көрсет, - дейді, - өр қылық!...»
Сұлтан
Биік болса мақсатты ой,
Құрдас... деген жақсы –ақ қой!
Асып –тасып кей –кейде,
Кеткім келер бастап той!...
Айару
Асқақтату ізгі әнді,
Өрлік дер ем бұл дағы:
Өйткені өмір – Ұлы той,
Тарқамайтын думанды...
Балнұр
Бойкүйездік жат маған,
Елім еркін, Шат заман!...
Мен: Әлемге – ТӘУЕЛСІЗ,
ҚАЗАҚПЫН, - деп мақтанам!..
Мұғалім:
Егемен елім
бар.
Еліміз бар—
Егемен Тәуелсіздік—бақ
туын
Алып едік не деген Қолға ұстаған сәт бүгін
Батыр десе, батырмыз Ақсарбас қой--құрбандық
Ақын десе ақынбыз,-- Болсын дәйім шат күнім!
Тәңір желеп—жебеген! Болашаққа серпін нық
Әрбір істе батылмыз Көкке атады бөркін жұрт
Қала салып жатырмыз Тәуелсіздік -- ынтымақ
Тәуелсіздік—еркіндік.
«Атамекен»
хор
Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтей білейік. Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола берсін

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген