Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік күніне арналған ашық оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшага арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәуелсіздік тірегіміз»

Мақсаты: Балаларға Желтоқсан оқиғасының маңызын ұғындыру. Желтоқсан оқиғасының тарихын, әлеуметтік- экономикалық мәнін айшықталған көріністер арқылы көрсете отырып, балалардың бойында патриоттық рухты қалыптастыру.

Жүргізуші:Құрметті қонақтар,балабақша қызметкерлері!Бүгін МАД «Қарлығаш» тобының

«Тәуелсіздік тірегіміз»деп аталатын тақырыптық оқу қызметіне қош келдіңіздер!Еліміздің тәуелсіздігіне жиырма тоғыз жыл толды,бүгін үлкен мерке,бүгінгі тақырыптық оқу қызметінде сіздер желтоқсан оқиғасына байланысты елге,жерге деген ән – жыр,көркем сөз,билерімізді тамашалайсыздар.

Сарқылмайтын қуатым, Тірегімсің - Қазақстан!

Мәңгі соғып тұратын, Жүрегімсің - Қазақстан!

1-ші бала:

- Балалар, күні кеше ғана Қазақстанның тұңғыш Президенті күнін тойлаған еді. Ал, бүгінгі мейрам – 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналып отыр.

Гимн орындалады.

2-ші бала:

- Бізді бұл күнге жеткізген ұмытылмас оқиғалар-ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерлістері, қандай ауыртпалықты көтере білген,жасымайтын асқақ жігерлі рухы,қайтпайтын

табандылығы-өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуы тиіс.Бұл еркіндік сүйгіш,патриоттық дәстүр 16-желтоқсаноқиғаларына дейін жалғасты.

3-бала:

- Қазақ халқының жері,болашағы, үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздары Қайрат Рысқұлбеков ,Ербол Сыпатаев, ЛәззатАсановалардың есімін атап айтпай кетуге болмас.Олардың аңсаған армандарымен үміт,тілектері бұл күнде толық жүзеге асты.Қазақ елі тәуелсіздігін алды.Бірғана өкініш бар,ол азаттық үшін жан аямай алысқан, сол

боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәтімізді көре алмауы.

4 – ші бала:

Бір мың тоғыз жүз сексен алтыншы жыл желтоқсанда , Ел жиылды бейбіт күн алуға, Ойларында еш күдік жоқ елеусіз, Жастар еді қолын созған арманға.

5 – ші бала:

Желтоқсанның күні еді ызғарлы, Жерде сол күн қатып жатқан мұз барды. Елең етпей ызғарын да суығын. Тұрды алаңда қазағымның ұлдары мен қыздары. 6 – ші бала:

Армандары өз ұлтының теңдігі, Өз ұлтының жарасқаны елдігі. Өзұлтының кетпесе делдін тілі, Өз ұлтының кетпес деп өзгелерге билігі. 7 – ші бала

Бар айтары осы еді жастардың, Босағасын басқаларға тастар кім, Кенет бір сәт қалда халық астында, Төпелеген жұдырықтай тастардың. 8 – ші бала:

Жаңа ғана тұрған дүние жаңғырып, Жаңа ғана тұрған бейбіт таң күліп. Қалды жастар мұзды судың астында, Көкіректен тепкіледі Әпер бақан әңгүдік. 9 – ші бала:

Ашынғаннан шырылдаған жан дауыс, Жер дүние болып жатыр арпалыс. Сонда не үшін жастар қаны төгілді, Әлі күнге көңілде жүр таңданыс. 10 – ші бала:

Желтоқсанның жігерлі жас ақыны, Қайрат,Ербол, Азат сынды батыры. «Елім»деген «ұлтым»деген ұлдарым, Алып тынды өз елін де ақыры. 11 – ші бала:

Содан бері тәуелсіздік таңы атты, Шырайланып ұясына күн батты. Желбіреген көгілдір ту тұғыры, Сол жастардың жрегіндей қымбатты. 12– ші бала:

Біз болашақ ел қорғайтын батырмыз, Сол жастардың жүрегіндей қымбатты. Мәңгілікке жалғастырар ерлігін, Елімізді жырлап өтер ақынбыз.

13 – ші бала:

Желтоқсанның болса желі ызғарлы, Қарлы боран қатса дағы мұздары. Мәңгі есте сақтап- шырқап өтеміз, Желтоқсанның ұмытылмас бір әнін.

(Балалар бас иіп қолдарындағы гүл шоқтарын қояды.Барлық бала орындарына отырады.)

Ән:

Жүргізуші:Балалар,сендер Тәуелсіздік туралы,Отан,Ана,Жер туралы тақпақ ән – жырды көп білесіңдер,дегенмен де бізге әлі үйренетін тәрбие,өнеге көп.Біздің ертеңілігімізге қонақ келу керек еді.(Күй ойналады.Ортаға Қазыбек би келеді.)

Қазыбек би:Ассалаумағалейкум ,халайық!Амансыңдар,балаларым!Мен Қазыбек би боламын.Сендер билерді білесіңдер ме?

Балалар:Әрине ,білеміз!Төле би,Қазыбек би.Әйтеке би. Қазыбек би:Жарайсыңдар,ертеде билер,хандар,сұлтандар басқарды.Ал,қазір кім басқарады? Балалар:Елбасы,Президент. Қазыбек би: Балалар,сендер қандай Республикада тұрасыңдар?

Балалар:Қазақстан Республикасында.

Қазыбек би:Қазақстан қандай Республика?

Балалар:Егеменді,Тәуелсіз Республика.

Қазыбек би:Дұрыс балалар,сендер біледіекенсіңдер,ал Қазақстан Республикасын кім басқарады?

Балалар:Елбасы Н.Ә.Назарбаев.

Қазыбек би: Балалр сендерге тағы да сұрақтар қояйын.Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?

1-ші бала:Ашық аспан аспандай көгілдір туымыз бар, Мағыналы ән ұранымыз бар.

Тұңғыш президентіміз бар, Қасиетті бой тұмар елтаңбамыз бар.

Қазыбек би:Балалар,сендер шынымен де білімді екенсіңдер.

Ән:«Тәуелсіздік»

Қазыбек би: Балалар,маған рәміздерді талдап бере аласыңдар ма?

2-ші бала:Бұл Ту.Тудың түсі көк,ашық аспанды білдіреді.

3-ші бала:Қыран құс елдің тыныштығын ,бірлігін білдіреді.

4-ші бала:Ою-өрнек қазақ халқының өнерінің шеберлігі.

5-ші бала:Бұл қазақ халқының елтаңбасы: Шаңырақ үйіміздің жарық түсер саңлауы. Масақ – тоқшылық белгісі. Жұлдыз жол сілтеуші жарық белгі.

Қазыбек би:Бәрекелді,балалр,сендерге ризамын,жауаптарың да,өнерлерің де тамаша.Енді мен дем алып отырайын,сендер өнерлеріңді көрсете беріңдер.( Қазыбек би отырады)

6-ші бала:Айнымайды аспаннан біздің тудың жалауы, Оны халық қашанда биікке іліп қояды. Көк байрақтың бетінде қыран бүркіт тұрады, Сол қырандай еркіндеп бала өседі талапты.

7-ші бала:Құт береке шаңырақ орын алды төрімнен, Қанатты қос арғымақ екі жақтан көмкерген

Тәуелсіздік жолында талай – талай тер тамған, Билігіміз қолымда ,еркіндігім елтаңбам.

Ортаға шаңырақ келіп кіреді:Сәлеметсіңдер ме,балалр!Сендер білесіңдер ме,мен не алып келдім?

Балалар:Білеміз,Шаңырақ.

Шаңырақ:Дұрыс айтасыңдар.Әр елдің ,әр үйдің өз шаңырағы болады.Біздің шаңырағымыз қай елде?

Балалар:Қазақстан елінде.

Жүргізуші:балалар ,шаңырақтың әр бір уығында бір-бір тапсырма бар.Онда әр тақырыпқа сөздер жазылғанҚазақстан,Тәуелсздік,Еркіндік,Желтоқсан.Балалар әр уықтан(трлі – түсті уық ленталар)ұстап тілек айтады.

1-ші бала:

Тәуелсіздік – қазақтығы қазақтың. Тәуелсіздік-жойылуы азаптың. Биіктей бер,асқақтап жомарт халқым. Өркендей түс,аяқ талды тозақтың.

2-ші бала:

Отаным менің өмірімнің айғағы, Бұзылмаған ел ғой әлә қаймағы. Балалық жас,лүпілдеген жүректі, Желбіретті Отан қанат жайғаны.

3-ші бала:

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан. Тарихы оның тым әріден басталған. Ождандықтан құтқарам деп елімді, Талай боздақ қара жерді жастанған.

4-ші бала:

Еркіндік ежелден –ақ ел тілегі, Ертеңді ойлап көңілім серпіледі. Еркіндіктің қадірін білетін ел, Жалынды жастарымен желпінеді.

5-ші бала:

Желтоқсаннан бастау алған теңдігі, Қазағымның өркендеді елдігі. Құрбан болған Тәуелсіздік жолында, Ағалардың ұмытылмас ерлігі.

Жүргізуші:Балалар,өз шаңырағымызға арнап ән орындайық.Балалар,біз тақпақ айттық,ән шырқадық,би биледік,ендеше бір шаңырақ астында.(Ұлттық ойын«Шаңырақ»)

Шарты:5түрлі түс:қызыл,жасыл,сары,көк.ақ.Балалр беске бөлініп әр түске барып тұрады,музыкамен билеп келіп,музыка тоқтағанда өз түстерін тауып ,шаңырақ жасап тұра қалады. Жүргізуші:Абай туған,Сәкен туған,Құрметте достым қазақтың жерін,Қамбаға жылда миллиярд құйған,Қазақстан Тәуелсіз Республикам менің!(Жалаушаларды тарату)

Ән:«Тәуелсіздік ел ұраны»

(Қазыбек би бата береді.)

Жүргізуші:Балалар және балабақша қызметкерері ,қонақтар,еліміздің 25 жылдық тойына арналған «Тәуелсіздік тірегім»атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Жас арудың жанарында-Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында-Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қар тұман қабағында-Желтоқсан
Жаңа ғұмыр бастағанда-Желтоқсан,
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастағанда-Желтоқсан.
Намысымның шырағыда-Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да-Желтоқсан
Жігіттердің ұраны да-Желтоқсан
Жаңа күннің шуағы да-Желтоқсан
Иә, Желтоқсан оқиғасынан кейін күннің шуағындай жарқырап шыққан Республика, ол біздің- Қазақстан Республикасы. Тәуелсіздік алғалы бұлқына соққан жүректің жарқын үні-гимніміз, еліміздің рухы-елтаңбамыз, мөп-мөлдір аспандай көгілдір түсті-туымыз бар. Осының бәрі Тәуелсіздік сенің арқаң. Міне, жастардың арман еткен Тәуелсіздік туы желбіреді. Біздің жастар тәуелсіздік жолында құрбан болды. Армандары толығымен іске асты.
Орыны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың жолын қусын.
1-минут үнсіздікпен еске алайық,
Әруағы ағалардың риза болсын.
Бүгінде Қазақстан Республикасы өркениетті 50-елдің қатарымен терезесі тең елдердің бірі. Батырларымыздың ерлігі ұрпаққа мұра. Болашақтың тірегі мына алдымыздағы бүлдіршіндер сендерсіңдер. Ал сол бүлдіршіндерді елін, жерін сүйетін азамат етіп өсіру біздің, ата-ананың, әке-шешенің қолында. Осындай әкелеріміздің бір қатары бүгін бізге бақ сынауға, кішіге үлгі болуға келіп отыр.
Әрқашан да әрқайсымыздың кішкене отбасымыздан басталады

кең байтақ ұлы Отанымыздың тәуелсіздік күні құтты болсын көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әр дайым биіктен желбірей берсін.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.02.2021
580
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12