Екібастұз қаласы әкімдігі
білім Коммунальное
государственное
бөлімінің №2 «Балдырган»
казенное предприятие ясли-сад №
2
бөбектер бақшасы
коммуналдық «Балдырган» отдела образования мемлекеттік қазыналық
кәсіпорны акимата города
Экибастуза.
«Тәуелсіздік
күніне
арналған
ертеңгілік»
Тәрбиеші:
Г.К.
Мусралинова.
2017 ж.
Құрметті Ата-Аналар!
Құрметті қонақтар! Құрметті балалар!
Сіздерді
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
мерекесімен шын жүректен
құттықтаймыз!
Құтты болсын Тәуелсіздік
мерекесі,
Мықты болсын елімнің
керегесі.
Татту-тәтті бөл халқымыз
әрқашан.
Кетпесін туған жердің
берекесі !!!
Жүргізуші:
Балалар,
кәне айтыңдаршы біздің Мемлекетіміз қалай
аталады?
Балалар: Қазақстан.
Жүргізуші: Ал, Қазақстан Республикасының
бас қаласы қай қала?
Балалар: Астана.
Жүргізуші: Ал,Қазақстан Республикасын
басқарып отырған, Елбасының аты-жөні кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев.
Жүргізуші: Балалар, ал біз Қазақстан
Республикасының Рәміздерін білеміз бе?
Кәне атап айтып
берейікші.
Балалар: Елтаңба,Ту,Әнұран.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар
балалар,ендеше біздің мерекені жалғастырып - Қазақстан
Республикасының Әнұран-нымен ашайық.
"Әнұран"
Жүргізуші: Балалар, Отан -оттан да ыстық
деген мақал бар, сол Отан - туралы тақпақтарымызды мәнерлеп айтып
берейік.
Кәне келе ғой ортаға: Ислам,
Алинур, Ансат, Архат.
Ислам:
Біздін Отан – Қазақстан.
Ел басымыз – Нурсултан!
Бас қаламыз – Астана.
Жаңа туған - Жас қала!
Алинур.
Отан деген –
атамекен,
Отан деген – туған
жер.
Отан – ана, Отан –
үлкен,
Қазақстан – туған
ел!
Ансат.
Мерекеге
шығады.
Бүкіл халық, біліп
қой!
Отан-дастар
ұғады.
Тәуелсіздік - ұлық
той!
Архат.
Аялап ару Ананы.
Өсірген еркін баланы.
Бесігім болып тербеткен.
Отаным – Қазақстаным!!!
Жүргізуші: Ал,енді балалардың орындауында
«Сәлем, Казақстан!» әнін тамашалаңыздар.
«Сәлем,салем
Казақстан!»
Есік қағылады: (Залға ата
кіреді)
Ата: Сәлеметсіңдер ме,
балалар.
Жүргізуші:Сәлеметсіз бе ата,кәне
балалар қонақпен амандасайық.
Ата: бүгін сендер қандай әдемі
болып отырсыңдар,сендерде бір мереке болып жатыр
ма?
Балалар: Иә.
Жүргізуші: Әрине Ата,біз бүгін Тәуелсіз
Қазақстан Республикасының, мерей тойын тойлап
жатырмыз.
Жүргізуші: Ата, ал сіз Мерекені тойлап
жатқан кішкентай балаларға арнап не
әкелдіңіз?
Ата: Әрине, балалар мен сендерге
құр қол келген жоқпын,мен сендерге арнап, бір керемет сыйлық ала
келдім.Ол ерте замандағы Алтын адам туралы аңыз
балалар.
Құлақ салып, мұқият
тыңдаңдар.
(Домбра
естіледі).
Ата: Баяғы ерте заманда,таулары
аспанмен теңескен,құстары әсем ән салған бір ауылдың арайлап атқан
таңында дүниеге бір сәби келіпті.
(Залға жүгіріп бала
кіреді)
Бала: Сүйінші,сүйінші, қуаныңдар
халайық дүниеге кішкентай жаңа сәби келді!
Жүргізуші: Бізге әкелген қуанышты хабар
үшін, мына балаға, Алтын теңге берейік.
(Залға бәйбіше мен сәби
кіреді)
Ата: Ой,бәйбіше кішкентайыңның бауы
берік болсын,өмір жасы ұзақ болсын.
(Ата сәбиді қолына алады да аң
-таң болып қарайды ).
Ата: Өз көзіме өзім сенбей
тұрмын,мына бала жай бала емес, алтын айдары бар бала
екен.
Бәйбіше: Иә, менің балам, алтын айдарлы
бала.
Ата: (Сәбиді балаларға
көрсетіп) мына сәбидің басында алтын
айдары бар сондықтан біз оның есімін "Алтын бала"деп қояйық
.
Жүргізуші: Ал ,біздің балалар осы Алтын
баланың туған күніне арнап
"Біздің бала бақшамыз!" - ән
орындап береді.
Ән «Біздің бала
бақшамыз!»
Жүргізуші: (Қоржынды көреді). Мынау
кімнің қоржыны? Қандай ауыр өзі мына
қоржын!
Бәйбіше.Ол менің
коржыным.Ал оның неге ауыр
екенін мен сендерге айтайын,себебеі ол жай қоржын емес сиқырлы
қоржын.Мен бұл қоржынды өзімнің киіз үйімнің жанында отырып,ішіне
келіп-кеткен адамдардың қазақ халқы жайлы айтқан әндерін аңыз
-әңгімелерін,мақал -мәтелдерін,ертегілерін жинап салып
отырамын.
Жүргізуші: Ал біздің балалар,сіздің
қоржыныңызға салу үшін арнайып би билеп
береді.
«Би
билейді»
Ата: (ата бұрылып келіп,оңға,солға
қарайды, бесікте бала жоқ екен).Ой,ой алтын айдарлы баламыз жоғалып
кетті.(осы кезде залға Алтын
адам кіреді).
Ата: Міне ғажап,біз улап-шулап мына
мерекені тойлап жатқанда, біздің алтын бала да ержетіп, есейіп
үлкен жігіт болып өсіп қалыпты ғой.
Алтын
Адам: Құрметті
қоңақтар!Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық
құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан,әлемге қазақты
азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған
Тәуелсіздік күні құтты
болсын!
Жүргізуші:
Ал,енді
келесі кезекті біздің кішкентай батырларға
берейік.
Би: «Алға қазақ
жігіттері»
Жүргізуші: Құрметті
Ата-Аналар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік,
мерекесімен балаларыңызға құттықтау – Ата-Аналарыңызды сіздерден
сұраймыз, Мейрамдің әжесі, Исламнің анасы.
Жүргізуші: Құрметті Ата-Аналар! Құрметті
қонақтар! Бүгінгі Республика күніне арналған мереке осымен
аяқталды. Мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге мол бақыт, ашық
аспан, зор денсаулық тілейміз. Қош сау,
болыңыздар!!!