«Тәуелсіздік-ел
тірегі» атты тарих, география
пәндер бірлестігінің жабылу
салтанатының
Бағдарламасы
-
Гимн
-
Тәуелсіздік күніне арналған өлең
шумақтар
-
«Тәуелсіздік белестері"
презентация көрсетілім
-
«Ұлы даланың жеті қырын»
жариялап, түсіндіріп өту
-
Мәңгілік -ел
мақтанышым
-
Күй «Ерке
сылқым»
-
Ән «Елімнің жүрегі
Астана»
-
Ән «Жаным
қазақ»
Келісемін
Бекітемін
Директордың оқу Мектеп
директоры: жұмысы жөніндегі
М.Б.Сахова
орынбасары:
Б.Абдуллаева
№ 60 жалпы орта білім беретін
мектебі
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
«Тәуелсіздік-ел
тірегі» атты тарих, география
пәндер бірлестігінің жабылу салтанатының
бағдарламасы
Жауапты: тарих, география
әдістемелік бірлестігі
2018-2019 оқу
жылы
І.
Гимн
1-жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті қонақтар мен ұстаздар,
оқушылар!
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік-ел тірегі
» атты мерекелік іс- шараға қош
келдіңіздер!
Оқушы: Жырға қосам шежірелі
халқымды,
Тарихым бар сан қатпарлы, сан
қырлы.
Еңсесі тік, дархан көңіл
елменен
Рух, болмысым, салт пен санам
жаңғырды.
Дербестікке жеткенше дархан
ел,
Сан құлады, сан жығылды, сан
тұрды.
Жасампаз ел, жаңғырған ел бұл
таңда,
Өркендеуде, қарыштауда
қарқынды.
Міне осындай жарқын елдің
келбеті,
Бүгінгі күн таңдай қаққан жер
беті.
Болашаққа айқын бағдар, нық
қадам,
Мәңгілік ел болу енді
міндеті.
Оқушы: Бабалар мұра еткен
елдігіне,
Тамсандық ағалардың ерлігіне.
Қан төгіп, жан қиып жатқан Тәуелсіздік
Бүгінде 27 жасқа толды міне.
Оқушы: Әлемге той деп бүгін жар
саламыз,
Қонақтарды құрметпен қарсы аламыз.
Төрлетіңдер достарым төрлетіңдер,
Туелсіздікке біз бүгін ән саламыз.
Оқушы:Армандарды жақындатып тым
алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы
ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О,
халайық! Құтты болсын қуаныш!
Оқушы:Тәуелсіздік таңын
сүйем,
Таңмен бірге келді ме
өлең.
Көк туына басымды
ием,
Көгімізде
желбіреген.
Аласармас асқарым
да,
Күнмен гүлдеп ел
өседі.
Қазақстан
аспанында
Бостандықтың желі
еседі.
Әнді алысқа
жеткіземіз,
Көкке елдің туы
ілінді.
Жылда той ғып
өткіземіз,
Тәуелсіздік-Ұлы
күнді.
Оқушы: Көк байрағым желбірейді
елімде,
Қалықтасын қыран құсы көгімде.
Ашық аспан бейбітшілік бейнесі,
Әуелесін Қазақстан жерінде.
«Тәуелсіздік белестері»
презентация көрсетілімі.
Жүргізуші:Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын
арттыру» атты 2018 жылдың 5-қазан күні жолдаған Қазақстан халқына
жолдауында рухани кемелдену үшін халықтың әл-ауқатын арттыру
қажеттігіне басты назар аударған.
Жүргізуші:
Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: Рухани
жаңғыру " мақаласы аясында "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы 2018
жылдың 21 қараша күні жарияланды. Мақала екі бөлімнен
тұрады.
Біріншісі: Ұлт тарихындағы
кеңістік пен уақыт. Екіншісі: Тарихи сананы
жаңғырту.
Оқушы: АТҚА МІНУ
МӘДЕНИЕТІ. Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер
жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Бұл дәстүр – жер
жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің
белгісі.
Оқушы: ҰЛЫ ДАЛАДАҒЫ ЕЖЕЛГІ
МЕТАЛЛУРГИЯ. Металл өндірудің амал-тәсілдерін табу
тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі
өзгертті. Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері – металлургия
пайда болған алғашқы орталықтардың
бірі.
Оқушы: АҢ
СТИЛІ. Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен
етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған.
Олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани
байлығының айшықты белгісі – «аң стилі»
өнері.
Оқушы: АЛТЫН
АДАМ. Біздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен
қарауға жол ашып, әлемдік ғылым үшін сенсация саналған жаңалық
–
1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан
табылған, өнертанушы ғалымдар арасында «қазақстандық Тутанхамон»
деген атқа ие болған «Алтын адам».
Оқушы: ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ
БЕСІГІ. Қазақтардың және Еуразияның басқа да
халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар
таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі
әлемінің бесігі саналды.
Оқушы: ҰЛЫ ЖІБЕК
ЖОЛЫ. Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни
Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер
мен өркениеттер арасында транзиттік «дәліздердің» пайда болуына
септігін тигізді.
Оқушы: ҚАЗАҚСТАН – АЛМА МЕН ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ
ОТАНЫ. Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың
«тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Бүгінде жер
жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым
көпшілігі – біздің дала қызғалдағының «ұрпағы». Қазір Қазақстанда
қызғалдақтың 35 түрі өседі.
Оқушы: Біз, Қазақстан
азаматтары, Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи «Тәуелсіздік толғауын»
негізге ала отырып, болашағы біртұтас ел – Мәңгілік Елді құру
жолында біргеміз.
Оқушы: Мәңгілік Ел, бұл –
Тәуелсіздік және Астана.
Оқушы: Мәңгілік Ел, бұл –
Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен
келісім.
Оқушы: Мәңгілік Ел, бұл –
инновация негізіндегі тұрақты экономикалық
өсім.
Оқушы: Мәңгілік Ел, бұл –
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Оқушы: Мәңгілік Ел, бұл –
тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
Оқушы: Мәңгілік Ел, бұл –
ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік
проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан
қатысуы.
Біз өз жетістіктерімізді
қорғауға тиіспіз.
Біз Мәңгілік Елдің қастерлі
құндылықтарын басшылыққа аламыз.
Күй «Ерке сылқым», орындайтын
Байназар Есімхан
Ән «Елімнің жүрегі Астана»,
орындайтындар Әбдікерім Аяулым
Ән «Жаным қазақ», орындайтын
Рисбек Абдуллах
1 -
жүргізуші:
Қазақ елім! Туды жастық
дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын,
қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры
биік, халқымыздың еңсесі жоғары, тәуелсіздігіміз баянды болсын деп
тілейік, ағайын!
2 - жүргізуші: Құттықтау
сөзді мектебіміздің директоры Мөлдір Бекбосынқызына
береміз.