Материалдар / Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік бағдарлама
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих апталығының жабылу салтанаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Желтоқсан 2018
318
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Келісемін Бекітемін

Директордың оқу Мектеп директоры: жұмысы жөніндегі М.Б.Сахова

орынбасары: Б.Абдуллаева






60 жалпы орма мектеп

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің







«Тәуелсіздік-ұлттық өрлеу мен рухани жаңғырудың ұлы күші!» атты тарих, география пәндер бірлестігінің жабылу салтанатының бағдарламасы













Жауапты: тарих, география әдістемелік бірлестігі











«Тәуелсіздік-ұлттық өрлеу мен рухани жаңғырудың ұлы күші!» атты тарих, география пәндер бірлестігінің жабылу салтанатының бағдарламасы


Қыздардың орындауында би. "Шашу"

1-жүргізуші: 
Қайырлы күн, құрметті қонақтар мен ұстаздар, оқушылар! 
2-жүргізуші: 
Тәуелсіздік күніне арналған
«Тәуелсіздік-ұлттық өрлеу мен рухани жаңғырудың ұлы күші!» атты мерекелік іс- шараға қош келдіңіздер!

« Ұлы даланың ұлылары» массовка

Жерім деп жылап, елім деп еңіреген ең қамқоршы хандар: (Керей мен Жәнібек )

Тәуелсіздік жаршылары, қазақтың атақты да айбарлы хандары мен батырлары; (Абылай, Кенесары, Бөгенбай)

ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов, ұлы ақыны Абай, ағартушы педагогі Ыбырай Алтынсарин.

Қазақ елінін бір тудың астына жинап,

Біртұтас тәуелсіз ел болу үшін күрескен Алаш зиялылары:(Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы)

Желтоқсан құрбандары.

Сахнаға көңілді балалар шығады.

1-жүргізуші: 
Бабадан қалып жеткен көрегендік, 
Еркіндік жастығында өлең өрдік. 
Арқалап аманатын келіп жеткен, 
Мәңгілік, құтты болсын егемендік! 

Оқушы:Тәуелсіздік таңын сүйем,

Таңмен бірге келді ме өлең.

Көк туына басымды ием,

Көгімізде желбіреген.

Аласармас асқарым да,

Күнмен гүлдеп ел өседі.

Қазақстан аспанында

Бостандықтың желі еседі.

Әнді алысқа жеткіземіз,

Көкке елдің туы ілінді.

Жылда той ғып өткіземіз,

Тәуелсіздік Ұлы күнді.

Оқушы: Маған қымбат Ұлы елімнің,

Шешек атқан әр гүлі.

Аялайды бәрімізді,

Азаттықтың таң нұры.

Сарыарқаның даласына,

Күн шуағын төккен күн.

Бостандығым тұңғыш рет,

Ақ қанатын қаққан күн.


Айша:

Қазақ елі қымбатты,

Көлеңкелеп таң атты.

Желтоқсанда мерт болған

Құлындарың үн қатты.

Аман ба екен анашым,

Берген өмір баласын,

Ботасынан айрылып,

Алған өмір жарасын.

Сұлу арман қуған жер,

Кіндігімді қиған жер.

Аман ба екен біздің жақ,

Еркелеткен туған жер.

Біздер өткен алаң-ай,


Сол алаңға барам-ай!

Қан төгілген ол жерлерге

Гүл шоқтарын қоям-ай!

Біз үмітпен келгенбіз,

Әділ баға берді ме?

Адалдығын қызының

Жан анашым сезді ме?

Жас денемді тас етіп,

Мен жатырмын мұз бүгіп.

Суық екен қара жер,

Жылытшы ана бір келіп.








Алтынбеков Қанаттың Тәуелсіздікке арнаған арнауы

9 а сынып оқушысы Айтжан Қарашаш «Шіркін -ай» әнін орындайды

6 сыныптың қыздарының «Наурыз» биі

8 ә сынып оқушысы Данай Ханзаданың орындауында ән "Рухты ару"

6 ә сынып оқушысы Нығмет Мадинаның әні «Көкке өрле»

1 - жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздік күніне арналған мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

2 - жүргізуші:

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, тәуелсіздігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын!

1 - жүргізуші: Құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Мөлдір Бекбосынқызы Саховаға береміз.


































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!