400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс- шара сцеарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, мерекелік іс - шаралар өткізуге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «ХХІ ғасыр – Қазақстанның жұлдызды ғасыры»

/ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 28 жыл/


Мақсаты:

-Қ Р Тәуелсіздігінің 28 жылдығын мерекелеу;

- Оқушыларды елжандылыққа, елін-жерін қастерлеуге, ұлттық рәміздерін қадірлей білуге , тілін құрметтеуге тәрбиелеу;

- Балалардың санасына «Тәуелсіздік» ұғымын жеткізіп, Қазақ халқының басынан өткен қаһармандық тарихын санасына құю

- Аға ұрпақ өсиетін ардақтауға тәрбиелеу


Көрнекілігі: қабырға газеттері, интерактивті тақта, дауыс күшейткіш аппаратура, баннерлер мемлекеттің 28 жылдық жетістіктері, видеофильмдер, стенд


Безендірілуі: шарлар, ленталар, шаңырақ, гүлдер


Кештің барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Қонақтарды қарсы алу, отырғызу

- Оқушыларды отырғызу


Туған жер, Отан туралы көңілді әндер ойнап тұрады


Фан-фар № 1


ІІ. Негізгі бөлім: Көңілді әуен

Оркестр «Келіншек» күйі \ мектеп мұғалімдері мен оқушылары \


1 жүргізуші / әсем әуенмен /

Армысыздар ардақты ағайын, құрметті кешіміздің қонақтары мен ұстаздар!

Бармысыздар рухы биік, арманы асқақ еліміздің жалынды жастары!


2 жүргізуші:

Бабадан қалып жеткен көрегендік,

Еркіндік жастығында өлең өрдік.

Арқалап аманатын келіп жеткен,

Құтты болсын егемендік!

Өз алдымызға ел болып, егеменді еліміздің Тәуелсіздік даңғылына аяқ басқанына 28 жыл толып отыр. «ХХІ ғасыр – Қазақстанның жұлдызды ғасыры» атты әдеби- сазды кешімізді ашық деп жариялаймыз. / 2

жүргізуші бірге/


Фан-фар


ҚР Мемлекеттік Гимні


1 жүргізуші:

Тамыры терең, арыны ерен тәуелсіз жас мемлекетіміз

Беліне белбеуі жарасып, әлем жұрты елімізбен санасып,

Жөн сұрай жүріп жөн айтатын дәрежеге жетіп,

Төрткүл дүниені тәнті етіп,

Салтымен салмақты, дәстүрімен мойындатқан Қазақ Елі!


Қазақ биі


2 жүргізуші:

Тәуелсіздік қасиетті ұғым. Ғасырлар бойы ата-бабамыз армандап аңсап Тәуелсіздік үшін күрескен қазақ халқының тілегі орындалып 1991 жыл 16 желтоқсан, заңды түрде Тәуелсіздік күні болып тарихқа енді. Биыл желтоқсан оқиғасына 33 жыл толды.Желтоқсан оқиғасы – ХХ ғасырдың ең ұлы оқиғаларының бірі.

1 жүргізуші:

«XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани — зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930 — 1938 жылдар ауыр да азапты кезең болды.Егемен ел, тәуелсіз мемлекет болу жолында өмірін сарп еткен Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев сынды Алаш арыстары сұрқия саясаттың құрбандары болды.


Видеоролик «Оян,қазақ!»

Көрініс \қазақ тілі пән мұғалімдері \

Хор

1 жүргізуші:

Желтоқсан оқиғасы – мәңгілік тарих. Біз Желтоқсан оқиғасын ешқашан есімізден шығармаймыз. Жылдар өткен сайын Желтоқсан оқиғасы айқындала түсуде. Тәуелсіздік жолында құрбан болған ерлеріміздің бейнесі сол жас қалпында есімізде мәңгі сақталады. 1 минут үнсіздікпен еске алайық.


Үнсіздік / слайд желтоқсан құрбандары /


2 жүргізуші:

Тәуелсіздік бізге ұлттық, аймақтық және жаһандық өлшемде шексіз жауапкершілік жүгін артты. Біз осынау ұлы тағдырды қабыл алып, бірлігіміз бен еңбегіміз арқылы тарих сынағынан сүрінбей өтіп келеміз. Тәуелсіздік күні – баршамыз үшін, күллі қазақстандықтар мен әлемнің барлық қиырындағы достарымыз үшін ұлы мереке.

Фан- Фар


Массовка \5 «А» сыныбы\ күймен


Литмонтаж


1 жүргізуші:

Тәуелсіздік– ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда елімізде қазақ даласының көрнекті тұлғалары: Балпық биге 325 жыл, Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл, Ілияс Жансүгіровке 125 жыл толып отыр. Жас ұрпақ көрнекті тұлғалардың ізінен көш бастап келеді.


Хор 3 «А» сынып оқушылары

2 жүргізуші

Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Рухы биік, шоқтығы жоғары қазақ елі дамыған 30 елдің қатарына кіру жолында тер төгуде.


Видеоролик \Қазақстан жетістіктері\


«Өз елім» әнімен __________________________________

қарсы алыңыздар

1 жүргізуші:

Ата - бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!

Қазақ биі


2 жүргізуші:

Болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін мақсат бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!


___________________________ «Қазақ Елі» әнімен қарсы алыңыздар!

1 жүргізуші:


Жарқырап жанған күндей азаттығы,

Көрінер ұлтымның да ғажаптығы.

Республика күнімен құттықтаймын,

Өйткені ол - Ұлт күні, Қазақ күні!


«Қазағым » әнімен қарсы алыңыздар.

2 жүргізуші:

Егеменді елімнің болашағы,

Кімге де ой тастамас бала қамы.

Білімді ұрпақ елімнің шам-шырағы,

Өшпесін мәңгі бақи бала шамы.

Бақытты балалық шақ

флешмоб

«Айгөлек» биі


1 жүргізуші:

Сүйем сені туған ел - атамекен,

Абзал анам сенсің ғой құшағың кең.

Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің,

Сенен артық не табам, Атамекен.

«Атамекен»

\ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері, қатысушылар\.


Қорытынды бөлім / құттықтау сөзі, марапаттау рәсімі/

2 жүргізуші:

Ал дін – адал еңбегің, құт-берекең,

Етер анық айбынды, бай ел ертең.

Сөзбен емес, қиындықты іспен жең,

Құтты болсын меншікті бұл мерекең!- деп құттықтау сөз кезегі мектеп директоры ______________қонақтарға беріледі.


1-жүргізуші:

Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!


2 жүргізуші:

Тұғырымыз-тыныштық, тірегіміз-тұрақтылық, тілегіміз – татулық болсын! «Рухы биік, арманы асқақ - Қазақ елі» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығы, Желтоқсан оқиғасының 33 жылдығы арналған әдеби- музыкалық кешімізді жабық деп жариялаймыз!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
4675
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі