жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәуелсіздік күніне арналған меркелік сыныптан тыс іс-шара. 5 сынып
"БЕКІТЕМІН" "КЕЛІСЕМІН"
Мектеп директоры: ДТЖО
___________Тасжүреков А.Ш. ____________Ибраев Н.Б.
С А Л Т А Н А Т Т Ы Ж И Ы Н
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнініне арналған
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының сценарий
Ұйымдастырған:
тәлімгер: Аманжолова Б.А.
"Жас ұлан "ұйымы
Өтетін күні: 11 . 12.2019 ж
Өтетін орыны: "Б.Исадилов атындағы ЖОББМ"КММ
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының сценарий
(ҚР мемлекеттік рәміздерімен безендіріледі. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының таңбасы баннерге бейнеленіп,ілінеді.)
Шақырылатын қонақтар: Ұстаздар және мектеп оқушылары, қонақтар.
І Жүргізуші:
Қайырлы күн, ұстаздар мен оқушылар! 5 сынып оқушыларын Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!
ІІ Жүргізуші:
Бүгінгі Қазақстан тәуелсіздігінің күніне арналған, сондай-ақ,жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары,өзгерістерден қаймықпайтын,еңбекқұмар,білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын,өршіл,қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді,ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Біріңғай « Жас Ұлан, «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын,тірегімнің жерімнің
Ұланымның туын көкке көтерген,
Ертеңімін Егеменді елімнің
Түсініп терең, өмірдің мәнін,
Жалынды жастар,сендерсің сәнім
Беретін бойға күш-қуат, жігер
Шырқалсын шаттық әнұран әнім!
ІЖүргізуші: Оқушылар түзеліңдер, тік тұрыңдар ! Қазақстан Республикасының туы енгізілісін!
Жүргізуші : ҚР Әнұраны ойналсын!
ІІЖүргізуші: Ендеше, «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отырып,алдымен ұйымның мақсат,міндет,ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының әрбір мүшесі:
1-оқушы
Қоғамдық өмірде, тұрмыста,қазақ ұлттық болмыста,халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып,ата-анасын шынайы сыйлап,олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп,өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді.Тұған елін шексіз сүйеді.
2-оқушы
Қазақстан Республикасының туының түсіндей галустук тағу керек және Республикамызыдң мемлекеттік рәміздерін құрметтеп,мемлекеттік әнұрандарды жатқа айту керек.
3-оқушы
Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған киімдерді киюмен,заттарды пайдаланумен әуестенбейді.
4-оқушы
Өзін тұрмыста,қоғамдық өмірде сыпайы,қарпайым мінезде ұстайды.
5-оқушы
Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін,әдебиетін, өнерін,салт-дәстүрін жақсы білу,дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.
6-оқушы
Жаслан ұйымының мүшесі- Отанына адал
Жасұлан ұйымының мүшесі- Отанының адал азаматтары.
Ән :
І Жүргізуші:
Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері
Достықпен татулық тілегі
«Жас Ұлан» , «Жас Қыран» ұйымының біз түлегі
Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
Ендеше, 5 «А» сынып оқушысы Кәмалбекова Ұлпан ант беруге дайын!
(«Жас ұланның»,1 мүшесі ант береді,қалғандары «Ант етеміз!» деп 3рет қайталайды)
Анттың мәтіні
Мен, ------------------------------------ Республикалық біріңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным-Қазақстан Ресспубликасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,дәріптеуге;
Туған елім,жерім Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас ұлан», «Жас қыран» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестерімізің даңқты ерлігі негізінде ерлікке үйренуге жжәне Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН ! АНТ ЕТЕМІН! АНТ ЕТЕМІН!
Барлық оқушылар Хормен :
«Біз»
Оқушылар : «Жас Ұлан», «Жас Қыран»
«Ұранымыз»
Оқушылар : «Қазақстан - Жас Ұлан-Жас Қыран» -3 рет қайталайды
Жүргізуші:
Құрметті Ұстаздар және оқушылар,сіздерді «Жас Ұлан» , «Жас Қыран» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галустук және төсбелгілерін тасбыстау рәсіміне шақырамыз.
(«Жас Ұланның» әнұраны орындалады)
Құттықтау сөз мектеп директоры Тасжуреков Ақылбек Шакаровичке және құрметті қонақтарға беріледі
ІІ Жүргізуші:
Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан», «Жас Қыран» деген лайық атқа
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа
Қазағымның жерін, елін қорғайтын
Жас жеткіншек ұланы бар елі бар
Міне осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз
Туған елін жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз еріміз- дей келе "Жас қыран" мүшелерінің арнауы. Тақпақтар. Ержан Амангелдінің орындауында ән: («Жас Ұланның» әнұраны орындалады )
І Жүргізуші:Құрметті "Жас ұлан " ұйымының мүшелері! "Жас қыран" ұйымына қабылданғандарымен құттықтаймыз! Егеменді елдің еңселі азаматы болуға тілектеспіз! Мектеп, назар аудар! Қазақстан Республикасының Туы шығарылысын. (Әнұран орындалады)
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалармен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымыз осымен аяқталды. Қош сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген