жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәуелсіздік күніне арналған сценарий
16желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған
ересек тобының сценарийі
Мақсаты: Балалардың бойына азаматтық пен патриоттық сезімдерін ояту.
Міндеттері:
1. Қазақстан Республикасының рәміздері, Қазақстан Республикасы көпұлтты мемлекет ретінде, әр түрлі ұлт өкілдері өздерінің тілдері мен мәдениетін дамытуға болатыны туралы түсіндіру;
2. көркемдік материалды эмоционалды түрде қабылдау қабілетінің дамуы және әртүрлі өнер түрлері арқылы ырғақты сезінуін көрсету: би, ән, өлең, мақал-мәтелдер;
3. балаларды өз Отанын, елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Балалардың «Менің Қазақстаным» әнімен шығуы.
Балаларды тұрғызу
Балалар дөңгеленіп тұрады.
Шаттық шеңбері
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, кішкентай Қазақстандықтар!
Сендер білесіңдер ме, мен неге сендерге олай сөйлеп тұрғанымды? (балалардың жауабы)
Иә, себебі, Қазақстанда тұратын адамдардың бәрін, Қазақстандықтар деп атайды.
Қолымыздан ұстап, үлкен шеңбер жасайық. Ал енді қолымызды биік-биік көтеріп, бүкіл әлемге біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасының қандай үлкен екендігін көрсетіп мақтанышпен айтайық? «Мен-Қазақстандықпын».
Балалар өз орындарына отырады.
Жүргізуші:
Балалар біздің еліміз өзінің туған күнін- Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күнін тойлатпақшы.
Осы күні біздің республикамыз өз бетінше жеке мемлекет болып шықты.
Балалар, сендерді мерекелерің Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!!!
Біз бәрімізге өзіміздің туған жерімізді аялап, құрметтеп, оның мәдениетін түсінуіміз керек.
Қазақстан-сенің Отаның. Сенің туған жерің.
Ертеден ата-бабамыз мекен еткен жеріміз.
Жүргізуші: Ал сендер білесіңдер ме, әр мемлекеттің басшысы кім екенін?
Балалар: Иә, ел басы.
Жүргізуші: Ал біздің президентіміздің есімі кім? (президенттің суретін көрсетеді)
Жүргізуші: Ел басымыз -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, ол халық таңдап сайлаған президентіміз. Ол біздің ең бірінші президентіміз.
Жүргізуші: Қазақстан Республикасының өзінің рәміздері бар. Ал бізде қандай рәміздер бар?
Билингвалды компонент: Ал орысша қалай? Кім біледі? Ту-флаг, елтаңба-герб, әнұран-гимн.
Жүргізуші: Қане, біріміз есімізге түсірейікші, біздің туымызда нелер бейнеленген? (балалармен бірге)
1. Көк түс-бұл ашық аспан
2. Күн-жылулық, егіншілік, байлық, еркіндік.
3. Қазақтың ою-өрнектері
4. Қыран бүркіт-бұл біздің еркіндікті, батылдықты, ерлікті білдіріп тұр.
2. Елтаңбадағы қанаттық пырақ (тұлпар)- ат адамдардың серігі, мықты күш.
3. Жұлдызша- достық пен бірлік.
4.Шаңырақ- түрлі ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астындағы бірлік. Ту мен елтаңбаны көрсетеді.
Жүргізуші:
Әнұран- Отанымыз-Қазақстан Республикасының басты әні. Оны естігінде оң қолдарын жүрек тұсына қойып тұрып тыңдайды. Әнұран белгілі бір мерекелік іс-шараларда қосылады. Қазақстан Республикасының әнұраны қосылады.
Жүргізуші: Әр мереке бізге қуаныш пен бақыт әкеледі, сондықтан оны үлкендер де, балалар да асыға күтеді. Бүгін біз таңғажайып сәтке тап болатын сияқтымыз.Ал сендер бұрын қазақтардың қалай өмір сүргенін білгілерің келе ма? Мен бір ақылды әйелді білемін. Ал енді бәріміз сол кісіге барайық. Адасып кетпес үшін бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап алайық. Киіз үйдегі әжеге жол тарттық. Ол далалар мен таулардың ар жағында. Қане бәріміз тұрып, бір-біріміздің артымыздан тізіліп алып жылан болып жүгірейік.
Ойын: «Жылан», орнымызға отырайық.
Жүргізуші: Міне, бізде өз баратын жерімізге келдік. Сәлеметсіз бе, Әже!
Жүргізуші: Әже, біз бірнеше рет қазақ халқы қонақжай халық екенін естіп жатырмыз. Және біз сіздің қалай өмір сүріп жатқаныңызды көргіміз келеді. Бізге осы жайлы айтып беріңізші.
Әже: Жарайды. Тыңдаңдар. Мен сендерге әңгімелеп беремін, сендер маған көмектесіңдер мен кәрімін. Біз бұрышы жоқ үйлерде тұрамыз яғни кигіз үй, оның төбесі-ашық, ошақ тұрады. Қонақ келгенде, ас әзірлеп, дастарқан жайылады. Ал енді тағамдар туралы айтайық? (бауырсақ,құрт, қымыз, т.б.).
Жүргізуші: Тыңдаңдар, бізге де біреу қонаққа келе жатқан секілді.
Атпен келе жатқан дыбыс естіледі.
Ежен хан шығады.
Ежен хан: Мен- қатыгез Ежен ханмын, мен келгенде барлығы қорқып қатып қалады. Менде мықты аңшылыққа шығатын иттер мен құстар және де ең жылдам аттар бар.
Әже: Ал енді бұл жағын тексеру керек.
Ойын: «Ат жарыс»
Ойын ережесі: 2 топ 5 адамнан. 2 ат, 8 қыз бала. Қыздарда жағаның ар жағына шығару керек. Қолынан ұстап екеуі бірге жүгіреді.
Ежен хан: Болды, тоқтат ойынды.
Осы жердегі орман мен дала жабайы аңдарға толы екен ғой. Мен бұл жерде жүріп талай аң-құсты атып алдым, бір кезде әсем әндетіп отырған сиқырлы құс Аққұсты көрдім.
Әже: ел айтады, бұл құстың ән салғаны ғажайыптар туғызады. Ормандағы сынған ағаштар, аң-құстардың барлығы өз қалпына келеді екен. Аққұстың ән салғаны тапталған жердің өзін орнына келтіреді.
Ежен хан: Ал мен болсам ол құсты ұстап алдым. Бірақ неге екенін білмеймін ол құс ән салмайды.
Балалар қолдарын шапалақтайды әуенмен бірге Аққұс шығады.
Ежен хан: Сенің ән салғының үшін мен не істейін?
Аққұс: Сен менің 3 тілегімді орында сонда көре жатармыз.
Бірінші- біраз уақытқа бәрі құсқа айналсын.
Маған жылы әрі ыңғайлы ұя табуға көмектессін.
Ойын ортаңғы топтың көрермендерімен: «Ұя» 6 обручпен 3 баладан 18 бала. Әуенмен балалар айналып құс сияқты ұшып жүреді. Әуен тоқтағанда балалар ұяларға тығылады.
Аққұс: Ал енді қарашы, Ежен хан менің ұл қыздарым қалай әдемі биледі.
Би: «Қазақ биі»
Аққұс: Отырып жылайды.
Әже: Сен неге жылайсың? Не болды?
Аққұс: менің отаным осы дала. Мен еркіндікте ән салып, би биледім. Енді мен өз отанымды қатты сағынып отырмын.
Әже:Ежен хан енді құсты жіберейік. Балалар сендер келісесіңдер ме?
Ежен хан: Балалар сендер мен жүрегімдің жібіттіңдер. Мен бәрін түсіндім, құстарыңды жіберемін.
Аққұс қоштасады да ұшып кетеді.
Әже:Сен түсіндің бе туған жеріңнен артық ешқандай жер табалмайсың?
Ежен хан: Рақмет, түсіндіргеніңізге. Енді маған аңшылыққа шығып, туған жерімді таптауға ешқандай да құлшынысым қалмады.
Әже: Отансыз адам өмір сүре алмайды. Отандарыңды құрметтеңдер. Отанымыздің әсемдігі мен көркемдігін сақтаңдар, естеріңде болсын біздің Отанымыз-Қазақстан.
Ежен хан: Кешіріңдер мені.
Әже: Әрине, кешіреміз сені Ежен хан.
Ежен хан: Енді мен кетейін. Барлығынан кешірім сұрауға. Әже сен менімен кеткеніңді қалаймын. Мен енді жақсымын ғой.
Сау болыңдар, менің достарым!
Әже: Жарайды, балаларым менің, өз елдеріңді, отандарыңды сүйіңдер. Сендерге тілеріміз «Бақыт, денсаулық».
Жүргізуші: Менің сүйікті Қазақстаным,
Мен сенде тудым, сенде өстім.
Сен-аспансың!
Сен-жерсің!
Сен-күнсің!
Сен-жұлдызсың!
Сен-Отаным менің!
Бәріміз бірге: Менің Қазақстаным! Мен сені жақсы көремін!
Жүргізуші: балалар тақпақ оқиды.
1.Отаным
– қазақ
елім,
алға
ұмтылған,
Өз
елімде кезім жоқ
сағым
сынған.
Шалқыған
ел
шоқтығын
көрсем
деймін,
Бәсекелес
елу
елдің
қатарынан.
2.
Отаным менің
Қазақстан
Атыңнан
сенің
айналам
Бас
иіп саған
өтемін
Жасай
бер жаса Қазақстан.
3.
Отаным менің
- Қазақстан,
Ыстық
қой
сенің
топырағын.
Орманын,
көлін,
бау-бағын,
Қастерлеген
қазағым.
Жүргізуші: барлық балаларды билеуге шақырады.
Барлық балалар көгілдір түсті жалаушалармен шығады.
Тағы да мерекелеріңізбен!!!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген