Бекітемін:
Мектеп
директоры
А.А.Жайлаубаева
_____________
«Тәуелсіздік-ұлы дала
ұрпақтарына аманат!»
Шымкент-2022ж
«Тәуелсіздік-ұлы дала
ұрпақтарына аманат!»
Фанфар:
Күй «Ерке
сылқым»
1-жүргізуші:
(Хаятулла)
Азат күн туды қырандай еркін
самғаған,
Асыл арманды ақиқат күнмен
жалғаған.
Ұғынсаң елім бостандық атты
бақ құсы,
Сан ғасыр бойы басымызға да
қонбаған.
Бұл күнді күтіп батырлар жанын
қиысты,
Бостандық алып күмбірлеп кетті
күй ішкі.
Ержүрек ұлы, қайсар қыздары
қазақтың,
Мәңгілік азат, егемен болуға
тиісті.
2-жүргізуші:
(Зарима)
Жаңарды заман, жасампаз елміз
жайнаған,
Төсінде сан мың ұлыс пен ұлты
жайлаған.
Мұнай мен газы атқылап көкке
алтын боп,
Еңбекші жұртпен жадырап кетті
бай далам.
Ақорда тігіп Астана қылған
қаласын,
Тарихын танып, ардақтап жатқан
бабасын.
Барша әлем білген бүр жүректі
баласын,
Қиналмай өтер алдынан шықса
дара сын.
Көк туың мәңгі желбірей берсін
көгіңде,
Айбарлы менің
Алашым!
1-жүргізуші: (Хаятулла)
Армысыздар, ардақты Алаш
жұрты! Біздің ең киелі, ең қасиетті ұғымымыз Тәуелсіздік!
Азаттықтың тамыры тым тереңде Отан, туған ел, халық ұғымын
Тәуелсіздіктен бөліп қарастыра алмаймыз, барлығы тамырлас
бір-бірімен байланысып жатқан өзегі бір ұғым. Тәуелсіздіктің иесі
халық, халықтың анасы-Отан осы қасиетті де киелі, қастерлі
мерекеміз құтты болсын!
2-жүргізуші:
(Зарима)
Құрметті ұстаздар, қадірменді
ата-аналар, білім көкжиегінде қанатын кеңге жайған жас
жеткіншектер, Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығын ұлықтау мақсатында
ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік-ұлы дала ұрпақтарына аманат!»
атты мерекелік кешімізге қош келіпсіздер!
(Қазақстан Республикасының
Әнұраны орындалады.)
1-жүргізуші:
(Хаятулла)
Мен қазақпын- бір биік
белеспін мен
Еуропада, Азияда емеспін
мен.
Аралықпын жетінші
материктей,
Бірақ барша адаммен тең өстім
мен.
2-жүргізуші:
(Зарима)
Мен қазақпын ,биікпін, байтақ
елмін
Қайта тудым, өмірге қайта
келдім.
Мен мың да бір тірілдім, мәңгі
өлмеске
Айта бергім келеді, айта
бергім!
«Бостандық» деп аталатын асқақ арман
жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды, бұл арпалыс
бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған, осы
арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше, тарих беттеріне зер
салайық.
(Саханада тарихи көрініс
көрсетіледі)
1-жүргізуші:
(Хаятулла)
Қазақстан егеменді ел,
тәуелсіз ел,
Болашаққа нық басып буынған
ел.
Көкке өрлеген байрақты
желбіретіп,
Қуаныш пен шаттыққа қадам
басты ел.
2-жүргізуші:
(Зарима)
Ертеңіне бұрғаныңда
бетіңді,
Ұлы ерлікке буған белің
бекінді.
Тәуелсіздік
хабаршысы-Желтоқсан,
Тарихыңның жаңа беті
секілді.
Сахнаға «Желтоқсан желі» әнін
орындау үшін 11 «А» сыныбының оқушыларынан құралған «Ақмоншақ»
триосын шақырамыз!
1-жүргізуші:(Хаятулла)
Тәуелсіздік! Бабалардың
ұраны,
Бей уақытта бойға таққан
тұмары.
Тәуелсіздік! түнектерде
тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған
шырағы.
2-жүргізуші:(Зарима)
Алаш арыстары табиғатынан асыл
туған айрықша дарынды жандар. Бүгінгі күңгі ең өзекті мәселе ұлттық
рухты ояту, туған халқын өрге сүйреу. Елінің өсіп, өркендеуі
жолында бар күш жігерін жұмсаған Алаш арыстарының бізге артқан
аманаты зор, сол жолдан таймауымыз керек.
(«Тарих ақтаңдақтары» сахналық
қойылым)
1-жүргізуші:
(Хаятулла)
Ақтаңдақтың алыстады азалы
үні,
Қайран қылды қайрандай
тазалығы.
Кейде шырқап армандай кетеді
алыс,
Ұмытқандай мұң шерін қазақ
ұлы.
Бізді уақыт
тыңдады,шынықтырды,
Күрес бақыт дегенді шын
ұқтырды.
Көз алдыңда ұзарып
көлеңкесі,
Зәулім құрылыс, ұлы істер
тұнып тұрды.
(Хор: «Туған
жер»)
2-жүргізуші:
(Зарима)
Ту тігілді халқымның бүгін
бағына
Жас өрендер желбіретіп, нық
ұста
Ғасырларға жалғастырып
елдікті
Дақ түсірме ата-баба
рухына.
Үлгі бізге аталардың
ерлігі
Ұлағаты, өнегесі,
еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап
жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің
ертеңі
(«Тарих ақтаңдақтары» сахналық
қойылым)
1-жүргізуші:
(Хаятулла)
Қазақ елім! Туды жастық
дәуірің
Алғандайсын жұлдызыңның
жарығын
Тәуелсіздік құтты болсын
қымбаттым
Туған күнің құтты болсын,
алыбым!
(Ән. «Жаса,
Қазақстан!»)
Тәуелсіздігіміздің тұғыры
биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егеменді баянды болсын дей келе,
сөз кезегін мектебіміздің көшбасшысы Жайлаубаева Ақтолқын
Ақжолқызына береміз.
(Ән.
«Атамекен»)
2-жүргізуші: :
(Зарима)
Бүгінгі Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік-ұлы дала
ұрпақтарына аманат!» атты мерекелік іс-шарамыз
аяқталды.Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекеттігіміз мәңгілік болғай!
Келесі кездескенше сау-саламатта
болыңыздар!