400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік күніне тәрбие сағат жоспары 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік күніне тәрбие сағат жоспары 4 сынып Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата – бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға – апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. – Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. – Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Магистрал жалпы білім беретін мектебі









Тақырыбы:

Тәуелсіздік жетістіктері





Picture 1


Орындаған: Дуйсенгалиева А Т


















2021 – 2022 оқу жылы


Күні: 01.09.2021

Мұғалім: Дуйсенгалиева А Т

Тақырыбы: «Біз – тәуелсіз елміз»
Мақсаты:
– Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата – бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға – апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
– Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
– Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Ноутбук , шарлар, түрлі жайма қағаздар.
Кіріспе

Балаларды қарсы алу. Амандасып, көңіл күйлерін сұрап білу. Оларды тәрбие сағаттын тақырыбымен таныстыру.
– Қазақстан Республикасының Әнұраны ойнатылады.
Мұғалім сөзі:
1986 жылы 16 – желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар айтылды. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.

«Ой ашар» сұрақ – жауап әдісі
– Отан дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?
– Біздің Отанымыз -….
– Біз қай ұлтпыз?
– Қандай Республикамыз?
– Біздің ана тіліміз қандай тіл?
– Елбасымыз кім?
– Балалар, біз қандай елміз?
– Қай жылы тәуелсіздік алдық?
– Неше жылдығын тойлағалы жатырмыз?
– Желтоқсан оқиғасы қашан, қайда болды?
Сонымен қатар біздің рәміздеріміз бар. Кәне, рәміздерді атап шығайықшы.
( әнұран, көк байрақ, елтаңба)

Рәміздер көрсету және оны талдау:

Қазақстан Республикасының Гимні – бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етті. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.
Көк байрақтың ортасындағы шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір мата, матаның сол жағында өрнегі бар.
Елтаңбаның көркемдік шешімі: шаңырақ, жұлдыз, сондай – ақ аңызға айналған қос пырақ. Қазақстан деген жазуы бар. Қанатты пырақ биік самғайды, болашақ жайлы армандауды білдіреді.

Балалар, биыл Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл жәнеде біздің мектебіміздің ашылғанына 20 жыл. Мектеп «үлкен отбасы, ұстазымыз біздің ақылшымыз, анамыз, сыныптастарымыз, жақын досымыз.Мектепте біз шынайы дос табамыз, білім алып, өмірді үйренеміз. Мектеп бізге тірек беріп, жылулық пен бақыт сыйлайды. Ал ұстаздар болса бізге үйретуден еш жалыққан емес.

Қорытынды: Сонымен балалар, бүгін біз дербес ел болып, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі – осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеуге тиіспіз. Елімізді ішкі – сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз.
Көк тудың желбірегені бейнебаянын көру.



Picture 7

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.10.2021
760
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі