Тәуелсіздік мен үшін.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіздік мен үшін.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік туралы өз ойым.Жүректен тебірене шыққан тәуелсіздікке арналған өз өлеңім.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік мен үшін...

Біз тәуелсіздігінен айрылып қалған елдердің тағдырынан тиісті қорытынды шығарып, тағылымы мол сабақ алдық.

*   *   *

Назарбаев.Н.Ә





Тәуелсіздік мен үшін-халқымның азаттығы,елімнің еркіндігі,ұлтымның сақталуы,ұрпағымыздың ата-баба қанымен келген жерде өргендеп,қанат жайып,молшылықта,тоқшылықта,бостандықта өмір сүруі. Қазақтың тәуелсіздігі ол бүгін емес ертең де емес ол болашақ. Болашақтағы ел мен жердің қанатын кеңге сермеп алға ұмытылуыХалқының еркін,батыл түрде іс жасауы. Ұрпағының тарихын ұялмай мақтанышпен айта алуы. Жас сәбидің еш алаңсыз шынайы тәтті күлкісі. Дана қариялардың емен жарқын бата беріп,өсиет айтуы. Жастардың емін еркін ойнап күлуі. Түнде еш алаңсыз ұйқыға кетіп,таңертең қуанышпен оянуы.

Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн.Біздің баға жетпес байлығымыз-тәуелсіздік.Бабаларымыз аңсаған,халқымызға қасиет болып қонған тәуелсіздік оңай жолмен келмегені рас.Желтоқсан желінің ызғарына қарсы тұрған,жалынды жастардың рухы мен жігерлерінің арқасында 1991 жылы 16 желтоқсанда шаңырағы биік,керегесі кең өз алдымызға зайырлы ел атандық.1991 жылы тәуелсіз екенімізді халық қана емес Түркия мойындаған.Бұл дегеніміз бір ғана ел емес,бүкіл әлем мойындайды деген сөз еді.Бүгінде 30 жылдық тарихы бар еліміздің,арқасында қаншама еңбек,тер жатыр.Қазақта «отансыз адам ормансыз бұлбүл»деген сөз бар ғой.Орманы жоқ құстың ұясы да,қонар бұтағы да жоқ.Дәл сол секілді болашағы жоқ елдің,ұлттың,халықтыңда өмір сүруі мүмкін емес.

Жалпы тәуелсіздік деген не?Ол біздің қазіргі өмір сүріп жатқан өміріміз,бейбітшілігіміз.

"Тәуелсіздік"- тамыры тереңде,астары тарихқа тұнған ұлы сөз.Бұл сөзді естіген әрбір қазақ"мен қазақпын" деп жүректе үлкен сезім орнайтыны хақ."Қазақ"деген ұлан-байтақ жердің иесі,ұлы халық перзенті болғанымды мақтан етемін.

Тәуелсіздікке қол жеткізу де,оны баянды ету де мына біз жастардың қолында.Біз тәуелсіздіктің арқасында тілімізді түлетіп,дінімізді өркендетіп,тамырымызды жалғап,салт-дәстүрімізді жаңғырттық.Міне бүгінде ащы қанмен,тәтті жеміспен келген тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр.Сонау қиын қыстауды еңсеріп,жаңа деңгейге қол жеткізді.

«Тәуелсіздіктің тірегі-ұлттық сана екенін білесіздер.Ал ұлттық сана тарих пен мәдениет арқылы қалыптасады»-деп елбасымыз айтқандай.Свнамыз бен мәдениетіміз болмаса,бүкіл әлем танырлық ел болмас едік.

Елім дегенде еміренбейтін адам жоқ шғар.Әр қазақтың бойына сіңген асыл қасиеттің бірі шешендік.Өз елімнің егемендігін сөз қылғанда , көкейіме келген бір үзік өлең жолдарымен өз сөзімді қорытындыласам.


Тәуелсіздік тұғырым,елім менің

Шарықтасын әрқашан даңқың сенің

Еліміздің мақтандысы-Тәуелсіздік

Мәңгілікке сақталсыншы атың сенің


Асқақ арман,болған ғой талай ерге,

Шығарған ғой беделін елдің төрге.

Жері үшін,жеңіске ұмтылғандар

Кең даланы сый етіп берген елге!

Бостандығым,тұмарым мойнымдағы

Елді сүйген жүрек пен ойдың мәні

Тарихтарда жырланған талай еңбек

Сан мың жастың санасын тағы ұрлады



Қазақ деген өр рухты ар-намысты қайсар халықтың бар екенін күллі әлемге мойындатқан Тұғырлы тәуелсіздігіміз ғұмырлы болсын! Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол  тәуелсіз Қазақстан.

Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!Мен секілді жастар болашағын әлемге әйгілі етіп,туын көкке көтереріне зор сеніммен қараймын..

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2021
2940
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі