Тәуелсіздік күнінеарналған «Тәуелсіз елім Қазақстан!» атты тақырыптық ұйымдастырылған іс-әрекет
Міндеті : балаларды әңгімеге қатысуға баулу, диалогке қатысушы үшін түсінікті сұрақтар қоюға және қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге баулу.
Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікті және мақтаныш сезімін ояту. Балаларды мемлекеттік мерекелерге қатысуға баулу. Мемлекеттік рәміздерге (Ту, Елтаңба, Әнұран) құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Қимылды ойындарда жетекші рөлді орындауға үйрету, ойын ережелерін саналы түрде сақтауға, музыканың сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындауға баулу .
Шығармашылық қиялды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып және құрастыратын материалдарды өзбетінше таңдап, ойдан құрастыруға мүмкіндік беру.
(сөйлеуді дамыту,қазақ тілі***, қоршаған ортамен таныстыру, музыка****, дене шынықтыру**, құрастыру- коммуникативттік, әлеуметті-эмоционалды, шығармашылық-зерттеу іс-әрекеті дағдылардын дамыту)
Ресурстар: Ту, елтаңба, әнұран суреттері, ою-өрнектер,пазлдар.
Алдын-ала жұмыс: балалармен отан туралы тақпақ жаттау, ән айту.Тәуелсіз күніне арналған презентация қарау , әңгімелеу, макеттер дайындау.
Жүру барысы:
-Салеметсіңдерме балалар.Бүгін біздер ерекше мереке, барлық Қазақстан халқының Тәуелсіздік мерекесін тойлап жатырмыз . Еліміз өркендеп ,өсіп , өніп барлығымыз тәуелсіз мемлекетте тату- тәтті өмір сүріп жатырмыз
-Балалар біздің Отанымыз мемлекетіміз қалай аталады ?
-..........
-Біздер қай қалада тұрамыз?
- .........
-Ендеше балалар біздің Отанымызға арналған тақпақтарымызды тыңдайық тыңдайық.
Айзере :
Тәуелсіз еркін елде біз
Дүниеге келгенбіз
Көк ту мен Елтаңбамыз
Бар біздің өз теңгеміз
Санжар
Орындайтын бәріміз
Біздің ата-анамыз
Жиында тұрып айтатын
Бар біздің Әнұранымыз
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар.Жарайсыңдар !
Тәрбиеші: Ендеше балалар сендерге ҚР рәміздері туралы айтып өтейін. Балалар біздің тәуелсіз еліміздің рәміздері бар , ол біздің мемлекеттік туымыз бен елтаңбамыз және әнұранымыз. -Ал Әнұранға келетін болсақ, Гимн -салтанатты ән, мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі.
-Қанекей орнымыздан тұрып Қазақстан Республикасының Гимнін орындайық.
Гимн
-Балалар біздің туымызға қараңдаршы , ашық көк түсті ортасында қыран құсымыз бар және аспанымыз ашық болсын деген ниетпен күнің бейнесі бейнеленген.Ал жанындағы қазағымыздың ою өрнегі салынған.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, көгілдір түс аясындағы шаңырақ, (киіз үйдің кұмбез тәрізді жоғарғы бөлігі) түрінде бейнеленген, одан жан-жаққа аңыздардағы жылқының қанатымен жиектелген күн сәулесі түріндегі уықтар (тіреуіштер) шаншылған. Елтаңбанын төменгі бөлігіне - «Қазақстан» деген жазу жазылған. Шаңырақ. - елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ өз нұсқасымен Ошақ, Әлемнің тұтастығын бейнелейді.
Дара:
Өзіңдікі елің де
Өзіңдікі жерің де
Өзіңді өзің еткен бақ
Тәуелсіздік төрінде
Зейін :
Өзіңдікі туың да
От пен ауа суың да
Жаса Қазақстаным
Белді бекем буын да
Тәрбиеші: Балалар біздің қазақ халқының ұлттық тағамдары, ұлттық киімдері, ұлттық ойындары және де тағы да басқа ұлттық құндылықтары өте көп. Қанекей сендерді солармен таныстырайын.
Дидактикалық ойын «Ою –өрнектерді орналастыр»
-Балалар шеңберге тұрып , музыка әуенімен суретте көрсетілген ою өрнектерді қимылмен қайталайды. Әуен тоқтағанда оюларды көлеңкесіне орналастырады.
Асема
Жарқын заман бөбегің
Аялайды нұрлы таң
Алтын бесік өз елім
Туған өлкем ұлы Отан
Алиса :
Дала гүлін жинаған
Жазып ерлік дастанды
Аталарым сыйлаған
Бізге ашық аспанды
Нартай :
Көк байрағы бабамның
Бүгінгі ұрпақ алауы
Тірегі әке баланың
Қазақстан жалауы
Тәрбиеші : Жарайсыңдар балалар ,сендер нағыз патриот , елін сүйген азамат пен азаматша болатындарыңа мен сенімдімін. Ендеше біздің балаларымыздың «Қасықтар »оркестрін тамашалайық
«Қасықтар» оркестрі
Тәрбиеші :Балалар сендер қандай ұлттық ойындарды білесіңдер , ал ұлттық тағамдар ше , қазақ халқының ұлттық киімдерін білесіңдерме ?
-....
-Олай болса сендермен ойын ойнайын .
Дидактикалық ойын «Дұрыс орналастыр»
Балалар кубикті лақтырып , шыққан оюдың үстінен басып, үстел үстінде тұрған карточкаларды дұрыс орналастыру керек.
Мұхаммед:
Отан –жерім
Отан-суым
Отан қуат, нәр береді
Отан-ұран
Отан-туым
Отан мәңгі гүлденеді
Медина :
Отан деген-атамекен
Отан деген туған жер
Отан –ана,
Отан –үлкен
Қазақстан туған ел.
- Балалар, халқымыздың батыр ұлы Бауыржан
Момышұлы айтқан екен: «Отан үшін отқа түс, күймейсің»,- деп. Басқа
да батыр ағаларымыз, апаларымыз «Отан» деп жырлаған, қорғаған,
қастерлеген және Отан үшін өмірлерін қиған
екен.
Біз де осы ата - апаларымыз сияқты Отанымызды
қорғауымыз керек. Отан үшін еңбек ету
керек.
- Сендердің еңбектерің – сендердің жақсы
оқығандарың, тәртіпті бала
болғандарың.
Осымен бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз.
Қорытынды
Сұрақ- жауап
- Балалар бүгін қандай мереке тойлап жатырмыз?
- Балалар жауабы....................
- Балалар біздің рәміздеріміз қандай?
Балалар жауабы................
-Қандай ұлттық тағамдарымыз бар?
Балалар жауабы...............
-Қандай ұлттық ойындарымыз бар ?
Балалар жауабы..................
Қандай ұлттық киімдеріміз бар ?
Балалар жауабы
Жарайсыңдар балалар!
Балалар әрдайымда аспанымыз ашық , керегеміз кең, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын.
«Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «№16 «Дюймовочка» бөбекжай бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тәуелсіздік күніне арналған«Тәуелсіз елім Қазақстан!» атты тақырыптық ұйымдастырылған іс-әрекетіРрЕСПУБЛТРр
Дайындаған және өткізген: Қаракенжиева М.И
Атырау -2024 ж
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
тәуелсіздік мерекесіне конспект балабақшада

шағым қалдыра аласыз