400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіздік мерекесіне орай "Тәуелсіздік тұғырым" ертеңгілігінің сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаға арналған ертеңгілік сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тұғыры биік, тәуелсіз елім- Қазақстан!


Жүргізуші: Тойла бүгін тауларым мен кең далам,

Тойла бүгін қарттарым мен боз балам.

Қайта оралған ерлікпенен теңдігім,

Көтер биік тәулсіздік көк туым.

Әнұран: «Менің Қазақстаным»

Нұрай: Тәуелсіздік жолында, Мереке: Отанды жас кәрімізде,

Талай талай тер төккен. Туған жер деп сүйеміз.

Билігім өз қолымда, Өйткені онда бәрімізде,

Еркіндігім елтаңбам. Туып өмір сүреміз.

Арай: Толтырған гүлге даланы, Ақнұр: Он алтыншы желтоқсан,

Жайнатқан ауыл қаланы. Тәуелсіздік алған күн.

Ардақты ата мекенім, Ерекше боп мәңгілік,

Отаным Қазақстаным. Ел жадында қалған күн.

(есік қағылады)

Карлсон: Достар салем! Мені таныдыңдар ма? Мен Карлсонмын! Мен алыс елден келдім. Бұл қай ел?

Ернар: Бұл тәуелсіз қазақ елі.

Карлсон: Солай ма! Ал сендер елдеріңнің рәміздерін білесіңдер ме?

Ернар: Әрине білеміз!

Балалар: Елтаңба. Туу. Әнұран.

Ернар: Бізге не алып келдіңіз?

Карлсон: Мен сендерге бүкіл елдің жалауларын алып келе жатыр едім. Шашып алдым. Маған жалау жинауға көмектесіңдерші.

Ойын: «жалаушаны жина»

Карлсон: Қандай бақытты балалар!Жарайсыңдар!

Жүргізуші: Тәуелсіз елдің балалары әрине бақытты.Карлсон біздің балалар, бақшамыз ұнады ма?

Карлсон: Ия ұнады.

Жүргізуші: Ендеше біздің бақшамыздың шатырында қаласың ба? Күнде балалармен ойнайтын боласың.

Карлсон: Әрине қаламын.

Карима: Әнұраным, жанұраным, Гүлназ: Құт береке шаңырақ,

Айтар әнім, сөйлер сөзім. Орын алған ол төрден.

Мәңгі бақи шырқалады, Қанатты қос арғымақ,

Республика әнұраным! Екі жақтан көмкерген.

Ахат: Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

Ән: «Отан»

Ойын: «Топ топ басайық»

Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Тәуелсіздік тойында,

Би билеп, ән салыңдар.

Мариям: Қазақ жері Қазақстан, Әділет: Отан жерім, Отан суым,

Мөлдіреген ашық аспан. Отан қуат нәр береді.

Диас: Тәуелсіздік достығымыз, Сұлтан: Отан, Отан, Отан туым,

Ынтымағы жарасқан. Отан мәңгі гүлденеді.

Зәйтүн: Қазақ жері сәніміз, Нұрай: Отан сенің ата анаң,

Мәуелі мол бағымыз. Отан досың бауырың.

Саясында жетілер, Отан өлкең астанаң,

Балдай бала шағымыз. Отан аудан ауылың.

Ата анамен ойын: «Кім жылдам»

Азамат: Болашаққа бастаған, Мирас: Ортақ бізге бір Отан,

Шарықтасын асқақ ән. Ортақ жердің байлығы.

Елордасы Отанның, Еңбек ортақ, жер ортақ,

Мақтанышым Астанам. Ортақ бізге барлығы.

Сағынали: Әділеттің ұраны, Мадияр: Аман болсын еліміз,

Ақиқаттың шарағы. Аман болсын жеріміз.

Тыныштықтың туы боп, Тәуелсіздік елінде,

Зор салтанат құрады. Туып өсіп келеміз.

Жүргізуші: Шашады арай, күн нұрын,

Қуаныш толы күн бүгін.

Тойлайды елім, тәуелсіздігін,

Өзінің жиырма жылдығын. деп, «Тұғыры биік, тәуелсіз елім- Қазақстан!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 мамыр
554
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі