«Тәуелсіздік мұраты» интеллектуалдық сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тәуелсіздік мұраты» интеллектуалдық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
6-шы сыныптарға арналған Қазақстан тарихы пәнінен интеллектуалдық ойыны
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 6 желтоқсан, 2019 ж.

Қатысушы сыныптар: 6 «а», «ә», «б», «в», «г»

Тақырыбы: «Тәуелсіздік мұраты» интеллектуалдық сайыс

Мақсаты: оқушыларды отансүйгіштікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелей отырып, білімді оқушыларды анықтау, білімділікке, тапқырлық, ізденімпаздыққа баулу.

Көрнекілігі: презентация, жалаулар.

Ойын шарты:

1.Таныстыру кезеңі.

2.Ойын алаңы (4 бөлім).

3.Қорытынды.

Ойынның барысы:

Ойынның ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет» Ш.Уәлиханов

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ойын қатысушылары, ұстаздар, көрермендер! Бүгінгі ойынымызға қош келдіңіздер! Біздің ойынымыз Қазақстан тарихына арналады. Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар:

1.

2.

3.
Армысыздар, айналайын дана халқым,

Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.

Ата-баба шежіресін жіктеп,

Танысу парызы әрбір жастың.

Сәт те келіп қалғандай танысатын,- дей келе, алғашқы ойын шартымыз бойынша таныстыру кезеңіне көшеміз. Бүгінгі сайысқа келген сыныптармен танысайық.

(Сыныптарды атаған кезде, оқушылар орындарынан тұрады).

Жүргізуші: Құрметті әділ-қазылар, қатысушы топтарды бағалауды ұмытпаңыздар. Рахмет! Ендігі кезек, ойын алаңына көшеміз. Бірінші кезең «Терминология» деп аталады. Берілген терминдердің мағынасын табу керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Әр сыныпқа екі термин беріледі.

Терминдер тізімі:

1. Жабғу – (Оғыз мемлекетінің билеушісінің лауазымы)
2. Инал – (Оғыз мемлекеті билеушісінің мұрагері)
3. Вакф – (мешіттер мен медреселердің жер иелігі)
4. Яса – (Шыңғысханның заңдар жинағы)
5. Руна – (түркілердің көне жазуы)
6. Елтебер – (қаған әулетінің бір мүшесі, қағанаттағы жоғары лауазымның бірі)
7. Иқта – (феодалға шартты түрде берілетін жер үлесі. Жер иеленудің бір түрі)
8. Тат - (құл)

9. Құрылтай - (жиналыс)

10. Бұдун – (халық)

Жүргізуші: Келесі кезеңге көшеміз. Бұл кезең «Математикалық шкатулка» деп аталады. Есепті шығарып, қандай оқиға болғанын жазу керек. Әр топ жауаптарды тапсырма парағына жазу тиісті. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі. Тапсырманы орындауға 6 минут уақыт беріледі.

Есептер тізімі:

1. 5 х 100 х 3: 2 – 198 = 552 (Түрік қанатының құрылуы)
2. (20 х 5) + (60 х 3) + (163 х 2) – 3 = 603 (Батыс Түрік қағанатының құрылуы)


3. 75 х 10 + 1 = 751 (Атлах шайқасы)
4. (1000: 20 +160): 30 + 935 = 942 (Қарахан мемлекетінің құрылуы)
5. (1250+1000) – (1700 - 75) + 131 = 756 (Түргеш қағанаты құлады)
6. (3000 - 2500) + (356 х 2) = 1212 (Қарахан мемлекеті құлауы)

Жүргізуші: Келесі кезеңіміз «Қиял әлемінде» деп аталады. Сіздерге берілген суреттердің ішінен біреуін таңдап, сипаттап, әңгіме құрастыру қажет. Алдарыңызда жатқан А4 қағазына жазу қажет. Орындау уақыты 7 минут. Дұрыс жазылған әңгімеге 10 ұпай беріледі.

Суреттер тізімі:


Руна жазуы Шыңғыс хан

Атлах шайқасы

Жүргізуші: Бұл кезең «Ойлан тап». «Шыңғысханның қоғамды немесе әлеуметтік құрылымы бойынша сызба жасау қажет. Орындау уақыты – 5 минут. Дұрыс сызбаға 5 ұпай беріледі.

Жүргізуші: топтар тапсырманы орындап болғанға дейін, біз көрермендерге дайындап қойған сұрақтарым бар. Қол көтеріп жауап беру қажет. Дұрыс жауап берген көрермен өз ұпайын кез-келген топқа бере алады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

Сұрақтар тізімі:

  1. «Түрік» сөзінің мағынасы? («берік», «күшті»)

  2. Батыс Түрік қағанатында тархандар мен бұйрықтар қандай қызмет атқарды? (сот қызметін)

  3. ҚР Тәуелсіздік күні қашан? (16 желтоқсан)

  4. ҚР Тұңғыш Президент кім болды? (Н.Назарбаев)

  5. ҚР елтаңба мен ту авторлары? (елтаңба Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов, ту Ш.Ниязбеков)

  6. Қарахан мемлекетінің хронологиялық уақыты? (942-1212 жж.)

  7. Қазақстанның ғарышкерлерін ата? (Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев)

  8. Халықаралық ЭКСПО көрмесі ұйымдастырылған жыл? (2017 ж)

  9. Алғашқы адамдардың өкілдерін ата? (австролопитек, питекантроп, синантроп, неандерталь, кроманьондық)

  10. «Алтын адам» қай жерден табылды? (Есік обасы)


Жүргізуші: Барлық көрермендерге рахмет! Ойын қорытындысын білу үшін әділ-қазылар алқасына сөз берейік.


Қорытынды: жеңімпаз команда ұпай сандары арқылы анықталады.


Әділ-қазылар қорытынды сөз айтып, жеңімпаздарды анықтап айтады.

«Ата – бабаларымыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті алдық. Негізгі мәселе ертеңге, келесі ұрпаққа, болашаққа Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау» деген болатын Елбасымыз. Дана халқымыздың «Білегі мықты бірді жығады, білімі мықты мыңды жығады» деп атағандай, қиялынан қанат біткен, ойы ұшқыр, білімді жастар сендерсіндер. Әрқайсысыңның жүрегің елім деп соғады, олай болса, елге, жерге деген сүйіспеншілігімізді арттырып, ел үшін, халқың үшін қызмет етуге барлығымыз міндеттіміз.

Отанымыздың арқа сүйер азаматы болыңыздар! Келесі кездескенше сау болыңыздар!







































Келісемін: Бекітемін:

Директордың ғылыми ісі Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары жөніндегі орынбасары

__________З.Т. Кусаинова ___________ З.Ж.Джылыбаева



«Тәуелсіздік мұраты»

6-шы сыныптарға арналған

интеллектуалдық ойыны







Өткізген: Сайпилова А.С.

тарих пәні мұғалімі













Нұр-Сұлтан қаласы

2019-2020 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.10.2020
1164
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі