Тәуелсіздік нышандары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік нышандары

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің аты-жөні:

Махумова Мөлдир Болатқызы

Пән/сынып

Қазақ тілі мен әдебиеті, 5 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

3 тоқсан, 3 апта, № 14 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

8 тарау: Менің Тәуелсіз Қазақстаным

Сабақтың тақырыбы:

Тәуелсіздік нышандары

Оқу мақсаттары:

5.1.1.1 - тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау;

5.Т.6.Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру.

Сабақ мақсаттары:

  • Тірек сөздер, суреттер арқылы сабақтың тақырыбын анықтау;

  • Тыңдалым материалының мазмұнын түсіну;

  • Сұрақтарға жауап беру.

Бағалау критерийлері:

  • Берілген тірек сөздер мен суреттер арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды;

  • Тыңдалым материалының мазмұнын түсінеді;

  • Тыңдалым материалының негізінде сұрақтарға жауап береді.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

(Жаңа тақырыптың түсіндірілуі)

Бірлескен жұмыс

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны

Мұғалімнің зерттеуі мен бақылауы не?

Ресурстар



Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қазақ тілі мен әдебиеті сабағына қош келдіңіздер! Бүгінгі сабақты бастамас бұрын ой шақырып, бой қыздырып алайық!

«Ой шақыру». Берілген сұрақтардың жауабын тауып көріңіз!

  1. Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта, құжаттарда НЕ бейнеленген? (ЕЛТАҢБА)

  2. Бұл зат Президент Резиденциясында, Үкімет үйінде және барлық мекемелерде ілініп тұрады. Ол қандай зат? (ҚР Мемлекеттік Туы)

  3. Салтанатты мәжілістерде орындалатын Мемлекетіміздің ең басты әні ... (ӘНҰРАН)


Енді айта қойыңыздаршы, сіздер атаған заттардың барлығын бір сөзбен қалай деп атауға болады?

Дұрыс айтасыздар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Тәуелсіздік нышандары


Жаңа сөздер:

Тәуелсіздік нышаны – Символ Независимости.

Мысалы:Мемлекеттік Рәміздер – Тәуелсіздігіміздің Нышаны, айғағы.


Бейнеленген – суреттелген, салынған, қағазға түсірілген.

Мысалы: Елтаңбада бес жұлдыз бейнеленген.


Қанатты тұлпар – крылатые кони, мифические кони.

Мысалы: Елтаңбада қанатты тұлпарлар бейнеленген.


Қыран – орел

Мысалы:Қыран құс – еркіндіктің бейнесі.


Уық – унина

Мысалы: Уық – шаңырақ пен керегені байланыстырады.


Жол сілтеу – жол көрсету

Мысалы: Қария дұрыс жол сілтеді.


Құрмет – сый. (уважение)

Мысалы: Сіздің келгеніңіз біз үшін үлкен құрмет.


Ұлықтау рәсімі – церемония Инаугурации

Мысалы: Президентті Ұлықтау Рәсімі 1991 жылы өтті.


Бейнероликті тамашалаңыз!


1-тапсырма. Сұрақтың дұрыс жауабын табыңыз!

Дескриптор:

  • Сұрақты түсінеді;

  • Бірнеше нұсқаның ішінен дұрыс жауабын табады.


Сұрақ

Жауап нұсқалары

ҚР Мемлекеттік Рәміздері қай жылы қабылданды?

1992 жылы

1995 жылы

2006 жылы

Шәкен Ниязбеков қай мемлекеттік рәміздің авторы?

Ту

Елтаңба

Әнұран

Елтаңбамыздағы бес жұлдыз нені білдіреді?

Бес жұлдыз – байлықты білдіреді.

Без жұлдыз – алты елдеріне деген достық ниетімізді білдіреді.

Бес жұлдыз – бейбітшіліктің белгісі.

Біртұтас Отанның символы не?

Шаңырақ

Шұғылалы Күн

Қыран құс

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында екі рет бекітілген рәміз:

Ту

Елтаңба

Әнұран


Өз жауабыңызды дұрыс жауаппен салыстырыңыз!


Сұрақ

Жауап нұсқалары

ҚР Мемлекеттік Рәміздері қай жылы қабылданды?

1992 жылы

1995 жылы

2006 жылы

Шәкен Ниязбеков қай мемлекеттік рәміздің авторы?

Ту

Елтаңба

Әнұран

Елтаңбамыздағы бес жұлдыз нені білдіреді?

Бес жұлдыз – байлықты білдіреді.

Без жұлдыз – алты елдеріне деген достық ниетімізді білдіреді.

Бес жұлдыз – бейбітшіліктің белгісі.

Біртұтас Отанның символы не?

Шаңырақ

Шұғылалы Күн

Қыран құс

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында ресми түрде екі рет бекітілген рәміз:

Ту

Елтаңба

Әнұран


2-тапсырма. Суретті сөйлет. Мемлекеттік Рәміздер Ту мен Елтаңбада бейнеленген бөлшектердің білдіретін мағынасына тоқтал.

Дескриптор:

  • Рәміздерде бар бөлшектердің білдіретін ұғымына тоқталады.



Дұрыс жауаппен өз жауабыңды салыстыр!




3-тапсырма. Дұрыс сөйлем құрастырыңыз!

Дескриптор:

  • Сөздердің сөйлемдегі орын ретін сақтайды;

  • Дұрыс сөйлем құрастырады.


Ту,Мемлекеттік Елтаңба, рәміздер:Әнұран. бейнеленген Туымызда, шұғылалы күн, ою қыран. Елтаңбамыздың шаңырақ негізгі –элементі. Әнұран – айтылатын жиындар мен ән салтанатты мерекелерде. табылады Олар нышандары болып Тәуелсіздігіміздің.

Өз жауабыңды тексер!

Мемлекеттік рәміздер: Ту, Елтаңба, Әнұран. Туымызда ою, шұғылалы күн, қыран бейнеленген. Елтаңбамыздың негізгі элементі – шаңырақ. Әнұран – салтанатты жиындар мен мерекелерде айтылатын ән. Олар Тәуелсіздігіміздің нышандары болып табылады.





Бүгін біз:

  • Берілген тірек сөздер мен суреттер арқылы сабақтың тақырыбын анықтадық;

  • Тыңдалым материалының мазмұнын түсіндік;

  • Тыңдалым материалының негізінде сұрақтарға жауап бердік.





Қосымша тапсырма:

Мемлекеттік Рәміздердің авторлары туралы қосымша мәлімен жинақта




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2025
145
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі