Тәуелсіздік нышандары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік нышандары

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік нышандары
Материалдың қысқаша нұсқасы

-------------------------------------------------

(білім беру ұйымының атауы)

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары


Бөлім:

8. Менің Тәуелсіз Қазақстаным

Педагогтің Т.А.Ә.:


Күні:


Сынып: 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тәуелсіздік нышандары 2 сабақ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

5.2.1.1 тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу;

5.5.1.7 ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

Сабақтың мақсаты:

тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе біледі,ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін біледі, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады

ЕБҚ үшін


тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе біледі,ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін біледі, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады

Біртұтас «Адал азамат»тәрбие бағдарламасынан құндылықтары


«Заң және тәртіп»Shape1

Ойлау дағдылар деңгейі:

білу жіне түсіну, қолдану

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

Сабақтың басы

2 минут




Сәлемдесу

Психологиялық жағымды ахуал орнату және топқа бөлу.

«Көңіл-күйім» әдісін қолдану арқылы сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл-күй қалыптастыру. Кабинеттің төрт бұрышына смайликтер жапсырылады. Смайликтер түрлі көңіл-күйді бейнелейді.


Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

Оқушылар өз көңіл-күйіне сәйкес келетін смайликтің жанына барады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады


Апта күндерін атайды


Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысады

ҚБ

«Қошеметтеу»





3 минут

1.

«Миға шабуыл»

Сұрақтарға жауап беріңдер


1. 16 желтоқсан-қандай мереке?

2. Не себепті Тәуелсіздік күнін осы күні тойлаймыз?

3. Қазақстан тәуелсіздігін қай мемлекет бірінші болып мойындады?

Дескриптор: сұрақтарға жауап береді



Сұрақтарға жауап береді








ҚБ

«Жарайсың! Керемет!» деген сөздермен ынталандыру


1






Сабақтың ортасы




18 минут

ІІ. Топтық жұмыс.

Оқы. Мәтінге тақырып қой

Мәтінді тыңда,оқы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран. Олар Тәуелсіздігіміздің нышандары болып табылады.

Қазақстан Республикасының туында күн сәулесі бейнеленген. Жер жүзіне нұрын шашқан күн сәулесінің астында қияға қанат қаққан қыран салынған. Ол – тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою – өрнек Тудың қай елдікі екенін білдіреді.

Елтаңбада көгілдір түстің үстіне шаңырақ бейнеленген. Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан халықтың достығын көрсетеді. Елтаңбаның бір бөлігінде ертедегі қанатты тұлпар бейнеленген. Елтаңбаның жоғары жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу Республиканың атын көрсетеді. Масақ - Отанымыздың байлығын білдіреді.

Әнұран – мемлекеттің салтанатты әні. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды қолды жүректің тұсына қойып айтады. Бұл – өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді.




1-тапсырма. Мәтінге ат қойыңыз және жоспар құрыңыз!

Дескриптор:

  • Мәтінге ат қояды;

  • Мәтін мазмұнына сәйкес жоспар құрады.


Мәтіннің аты:

Жоспар:

1.

2.

3.


Өз жауабыңызды дұрыс жауаппен салыстырыңыз!


Мәтіннің аты: Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік нышандары

Жоспар:

1. Көк Ту

2.Елдіктің белгісі - Елтаңба

3. Әнұран – мемлекеттің салтанатты әні.



4- тапсырма

Сұрақтарға жауап беріңдер

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне не жатады?
Қазақстан Республикасының туында не бейнеленген?
Тудың түсі қандай?
Тудағы күн сәулесі нені білдіреді?
Елтаңбадағы қанатты тұлпарлар қандай мағына береді?
Шаңырақ пен уық нені білдіреді?
Әнұранды қалай айту керек?

Тексереміз

1)Ту,елтаңба,əн ұран

2)қыран,күн.

3)көк

4)жарқын болашақ

5)Қанатты,айбатты тұлғаларлды,ұрпақты

6)Тəуелсіздік,бірлік

7)Оң қолыңызды жүрегінізге қойып айтамыз




ЕББҚ оқушылар барлық оқушылармен топтасып, тапсырманы орындайды


ҚБ

«Смайликтер»

3












2 минут

Сергіту сәті





2-тапсырма. Картаны толтырыңыз!

Дескриптор:

  • Дұрыс ақпаратты бір бағанға жинақтайды;

  • Қате ақпаратты бір бағанға жинақтайды.


Ақпарат:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Ту мен Елтаңба. Қазақстан Республикасының Туында шаңырақ бейнеленген. Ою – өрнек Тудың қай елдікі екендігін білдіреді. Елтаңбаның бір бөлігінде қанатты тұлпарлар бейнеленген. Масақ Отанымыздың атын білдіреді. Әнұранның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.


Дұрыс ақпарат

Қате ақпарат










Дұрыс ақпаратты бір бағанға жинақтайды;

Қате ақпаратты бір бағанға жинақтайды.

Дұрыс ақпарат

Қате ақпарат

Ою – өрнек Тудың қай елдікі екендігін білдіреді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Ту мен Елтаңба.

Елтаңбаның бір бөлігінде қанатты тұлпарлар бейнеленген.

Қазақстан Республикасының Туында шаңырақ бейнеленген.

Әнұранның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.

Масақ Отанымыздың атын білдіреді.




Сабақтың соңы



10 минут

Жазылым

3-тапсырма. Сөйлемді толықтыр.

Дескриптор:

  • Суретті сөзбен алмастырады.

  • Сөйлемді дұрыс толықтырады.


Тудың ортасында орналасқан. Елтаңбаның екі жағында бейнеленген. - бақытты өмірге жол сілтейді. - біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан халықтың достығын көрсетеді.

- Тәуелсіздігіміздің нышандары.


Сөйлемді толықтырып жазады

Тудың ортасында Күн мен қыран орналасқан. Елтаңбаның екі жағында қанатты тұлпарлар бейнеленген. Жұлдыз - бақытты өмірге жол сілтейді. Щаңырақ - біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан халықтың достығын көрсетеді.Мемлекеттік рәміздер- Тәуелсіздігіміздің нышандары.




https://wordwall.net/ru/resource/63756535/%D1%82%D3%99%D1%83%D0%B5%D0%BB%D1%81%D1%96%D0%B7-%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D0%BC

ҚБ

«Мадақтау»




























3 минут

Үйге: 8-тапсырма 29 бет




3 минут




Рефлексия:

«Білім баспалдағы»

Оқушылар өз деңгейлерін анықтайды



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі